Головкин Сондерспен кездесуден неге бас тартты?

​Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 19 наурызда америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жектен кейін өзінің келесі кездесуін жазда Астанада өткізетінін мәлімдеген еді.
Егемен Қазақстан
16.04.2017 8543
2

«Келесі жекпе-жегім 17-маусымда өтіп қалуы мүмкін. Сол күні Сауль Алвареспен жекпе-жек өткізгім келеді. Мүмкін, менің келесі қарсыласым Сондерс болып қалар. Кез келген ұсынысты қабылдауға дайынмын». Өз кезегінде Билли Джо Сондерс те Головкинмен қай жерде болмасын жұдырықтасқысы келетінін, тіпті Қазақстанға да келуге дайын екенін мәлімдеді. 

- Кез келген жерге баруға дайынмын. Жекпе-жектің Қазақстанда өтетініне байланысты уайымым жоқ. Ашық алаңда да жұдырықтаса беремін. Егер Головкинге WBO белбеуі қажет болса, мен оны бәске қоюға дайынмын. Расында Головкин мықты, алайда ол мен сияқты боксшымен әлі кездесіп көрген емес. Тіпті, мен бабымда болған кезде менің деңгейіме жетпейтін Джейкобстың өзі оған қарсы төтеп бере алды, - деді Сондерс. Екеуінің осы пікірлерінен кейін бокс жанкүйерлері 17-маусым күні Астанада Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтетініне сене бастаған еді. 

Алайда, жуырда шетелдік және еліміздің БАҚ өкілдері Геннадий Головкин британ боксшысы Билли Джо Сондерспен ЕХРО аясында Астанада өтеді деп жоспарланған жекпе-жектен бас тартқанын хабарлады.

Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтпеуінің 2 себебі

Бокс сарапшыларының айтуынша, Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтпеуінің 2 себебі бар. Бірінші себеп, Геннадийдің Джейкобспен кездесуде жарақат алып қалуы. GGG бапкері Абель Санчес шәкіртінің жарақаты бар екенін айтқанымен, Головкиннің командасы әлі нақты бір мәлімдеме жасамады. Геннадийдің жарақаты туралы сөзіміз жалаң болып қалмас үшін, осы жерде Абель Санчестің пікірін келтіре кетейік: 

«Головкин Джейкобспен өткізген кездесуден кейін шамалы мазасы болмай тұрды. Әдетте жарақат жекпе-жектен екі не үш күн өткеннен кейін байқала бастайды. Біз Головкинмен бірге ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Сондықтан, жарақаты ауыр болса, ол маған айтар еді. Алайда, Головкин шағым айтатын боксшылардың қатарынан емес. Бұл жекпе-жектен кейін болатын кішігірім жарақаттар. Себебі, жекпе-жек қиын болды» дейді Санчес. 

Осы пікірде бір шикілік бар екенін аңғаруға болады. Өйткені, Абель жекпе-жектен кейін Головкиннің мазасы болмады десе, екінші сөзінде жарақаттар 2-3 күннен кейін шығатын еді дейді. Жекпе-жектен соң Геннадийдің мазасы болмай тұрса, белгілі бір деңгейде жарақаты бар деген сөз. Ауыр жекпе-жектен кейін жарақат болатыны да рас. Демек, Сондерспен кездесу жарақат себебімен бас тартып отыр және ол жекпе-жекке Головкин дайын емес. Сөзіміз жалған болмас үшін, мынадай мысал келтіре кетейік. 

Головкиннің жарақаты жеңіл дегеннің өзінде, оны толық емдеуге шамамен 1 айға жуық уақыт кетеді деп есептейік. Әрине, біз Геннадийдің жарақаты бар екенін, оның қаншалық ауыр екенін анық айта алмаймыз. Бұл тек жорамал. Сонымен қатар, мұндай ауыр кездесуден кейін боксшы қалпына келу үшін кем дегенде 2-3 апта қажет. Ал, келесі жекпе-жекке дейін бабына ену үшін спортшыға 8-10 апталық жаттығу жұмысы қажет болады. 

Енді есептеңіз, Головкин-Сондерс жекпе-жегі 17-маусымға жоспарланған. Ал, Геннадийге емделу мен қалпына келу үшін бір жарым ай қажет болса, бабына ену үшін 2 - 2,5 ай жаттығу керек. Сөйтіп, жекпе-жекке толық дайын болу үшін 4 айдан көп уақыт керек болады. Ал, Головкин-Сондерс жекпе-жегіне 3 айдан сәл асатын уақыт бар еді. Осының бәрін назарда ұстаған Геннадийдің командасы Сондерске қарсы өтетін жекпе-жектен мәдениетті түрде бас тартқан болуы мүмкін. 

Екінші себеп

Геннадий Головкиннің британдық боксшыға қарсы кездесу өткізуден бас тартуының екінші себебі  күзге жоспарланған Головкин-Альварес жекпе-жегі. Әлем жанкүйерлері екі боксшы арасындағы жұдырықтасуды 2 жылдан бері тағатсыздана күтіп жүр. Және бұл кездесудің өтуі биыл шырқау шегіне жетті және екі тарап та үлкен сомадағы қаржыға кенелмек.

Егер бұл жекпе-жек биыл ұйымдастырылмаса, Головкин Сондерспен шығып, орта салмақтағы барлық белбеуді иеленсе, Головкин-Альварес жекпе-жегінің маңызды болмай қалуы мүмкін. Әрине, WBO белбеуі үшін Джо Сондерс сияқты ұстатпайтын боксшымен жұдырықтасу Головкин үшін тиімдірек. Бірақ, мексикалық боксшының промоутері Головкинмен жекпе-жектің құны қазір ең жоғарғы деңгейге жеткенін біліп, Оскар Де Ла Хоя бұл кездесуді биылдан қалмай ұйымдастырғысы келеді. 

Кәсіпқой бокс бизнес болған соң екі тарап та қомақты қаржыдан қағылып қалғысы келмейді. Том Лефллер де Головкиннің Сондерске қарсы өткізетін жекпе-жекте жарақат алып қалуынан емес, қыркүйектегі жекпе-жектің өтпей қалуы қаупінен британдық боксшымен кездесу өткізуден бас тартқан болуы мүмкін. 

Түйін

Жалпы, Головкин командасының Сондерске қарсы жекпе-жек өткізуден  бас тартуы Головкин-Альварес кездесуін ұйымдастыруға мүдделі екенін аңғартады. Сондай-ақ, Сауль «Канело» Альварес 6 мамыр күні отандасы Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жектен кейін орта салмаққа, яғни Геннадий Головкиннің салмағына ауысатынын хабарлады. Демек, Головкин-Альварес кездесуінің ұйымдастырылуы 80 пайызға белгілі болған сияқты.  Дегенмен, біздікі тек болжам, ал нақты ресми хабарламаны алдағы уақытта екі боксшының ресми өкілдері жариялауы тиіс.

Әли Битөре, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

14.12.2018

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты

14.12.2018

ШҚО Аягөз қаласында 600 орындық мектеп ашылды

14.12.2018

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кәсіпкерлермен кездесті

14.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Қызылордада балабақша ашылды

14.12.2018

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

14.12.2018

«Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асты

14.12.2018

Шағын және орта бизнесте көшбасшы

14.12.2018

Жайық өзенінің суы тұрғындарға қауіп төндірмейді

14.12.2018

Семейдегі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы кездесу өткізді

14.12.2018

Қанат Исламға Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының мүшелік билеті табысталды

14.12.2018

Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар табыстады

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу