Головкиннің ең ұзақ жекпе-жегі

Жақында Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин АҚШ боксшысы Дэниель Джейкобспен кездесті. Тартысты жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Егемен Қазақстан
23.03.2017 845

Қазақ халқы қашаннан жауынгер халық қой. Сондықтан, жекпе-жек өнері біздің қанымызға әбден сіңіп кеткен. XX ғасырдың орта тұсында қазақ даласына Шоқыр Бөлтекұлы бокс деген ұлы өнердің шыбығын қадады. Сол шыбық бүгінде мәуелі бәйтерекке айналды. Кеңес Одағы кезінің өзінде талай дарындар шықты. Ал тәуелсіздік жылдары тіптен көбейді. Бірақ, сол бокстың өзі екіге бөлінеді. Біреуі – әуесқой, екіншісі – кәсіпқой бокс. Алғашқысынан әлемдегі державалардың біріміз. Олимпия ойындарынан алтынсыз қайтқан емеспіз. Ал екіншісі енді-енді қанат жайып келеді. Тоқсаныншы жылдардың соңында жерлесіміз Василий Жиров шығып, дүниені дүр сілкінткен еді. Одан кейінгі буынның арасында Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов, Қанат Ислам секілді жігіттердің жұлдызы жарқырады. Қазір кәсіпқой боксқа ауысып жатқан қазақ жігіттерінің саны көп. Дегенмен, әлемдік деңгейде атағы алысқа кеткен ешкім болмай тұр. Өйткені, кәсіпқой бокс деген таза бизнес. Бұл жерде спорттық принциптен гөрі мол ақша бірінші орында тұрады. Сондықтан, әрбір жекпе-жегі үшін гонорарды көп алатындар мен жарнамасы жақсылардың танымалдылығы жоғары. Сондай-ақ, әлемнің кілең үздіктерімен жұдырықтасып, оларды жеңсең ғана мерейің асқақтайды. Кейбір жігіттер өздерінен деңгейі өте төмен Африка, Колумбия елдерінің боксшыларын ұтып, жеңістерінің санын көбейтумен шектеліп жүр. Бұл жағдай боксшыға абырой әпермейді.  

Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі кәсіп­қой бокста басты жұлдызымыз Генна­дий Головкиннің 160 фунт салмақ дәре­жесін­дегі Сауль Альварес (Канело), Билли Джо Сондерс секілді мықтыларды ұтып, абсолютті чемпион болғанын қалаймыз. Сонан соң, басқа салмаққа ауыс­са деген тілегіміз бар. Атақты кәсіп­қой боксшылардың көбісі бірнеше салмақ дәрежесінде чемпион болып, жанкүйерлер мен мамандарды еріксіз мойындатқан. Ондай дәрежеге жетуге Головкиннің толық қауқары бар. Бастысы, промоутері сауатты жұмыс істей білуі қажет.

Енді, Геннадийдің Дэниель Джейкобс­пен өт­кізген соңғы жекпе-жегіне тоқталып өтсек.

Жерлесіміз шаршы алаңда алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекті толығымен өткізді. Соңғы жылдары барлық қарсыластарын нокаутпен ұтып, жанкүйерлерін соған әбден үйретіп алған еді. Бұл жолы қарсы­ласын ұрып құлатпағаны мамандар мен көрермендерді таңғалдырғаны рас.

Жекпе-жек алдында екі боксшы салмақ өлшеген болатын. Соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Генадийдің салмағы 159,6 фунт (72,4 кило) болса, Дэниэлдің салмағы 159,8 фунт (72,5 кило) тартты.

Алғашқы раундтарда екі боксшы бір-бірінің осал тұсын іздеп, зерттеумен болды. Төртінші кезеңде Генаның бір жойқын соққысы қарсыласын есеңгі­реткен еді. Дегенмен, Джейкобс тегеурін танытып, тығырықтан жол тауып кетті. Соңғы раундтарда екі боксшы да шаршап қалды. Бірақ қарсыласына қарағанда Головкиннің көп соққы жасаға­ны рас. Нәтижесінде, жерлесіміз кезекті жеңі­сін тойлады. Бірақ, ұзаққа созыл­­ған нокаут­тар сериясы осы жерде тоқта­ды. Джей­кобстың 7-8-9 раундтар­дағы ерекше бел­сенділігін айта кеткен де ләзім.

Үш төреші тиісінше, өз есептерінде 115-112, 114-113, 115-112 деп бағалаған екен. Сөй­­тіп, Геннадий өзінің кәсіпқой бокс­тағы 37-ші жеңісіне қол жеткізді. Қараған­ды­лық өрен орта салмақ дәрежесінде WBA (Su­per), IBO және WBC нұс­қа­лары бойын­ша әлем чемпионы ата­ғын сақтап қалды. Ол WBA (Super) бел­беуін 17-ші, IBO бел­беуін 15-ші және WBC белбеуін 2-ші рет қорғады.

Головкин осы жеңісі үшін 2,5 мил­лион доллар көлемінде сыйақы алды. Бұл оның АҚШ жеріндегі қомақты та­бы­сы. Жалпы, Геннадий спорттық ман­­сабындағы ең ірі табысына өткен жылы Ұлыбританияда Келл Брукті жең­ген­де қол жеткізген болатын (4 миллион АҚШ доллары). Жерлесімізден жеңілген Дэниель Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмады. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде гонорар берілді.

Джейкобс өзінің жеңіске жеткеніне сенімді. Төрешілердің шешімі әділетсіз деп отыр.

– Мен бұл кездесуде жеңіске жеттім. Жанкүйерлер менің бұл пікіріммен келіседі деп ойлаймын. Тым құрығанда екі раундта қарсыласымнан үздік болдым. Бірақ, бұл бокс. Әлбетте, ол маған қарағанда танымал. Сон­дықтан әділетсіздіктің құрбаны бол­­дым. Головкин мен Канелоның жекпе-жегі­не үлкен көлемде қаржы тігіліп отыр. Сондық­тан, осы жолы ол жеңілгенде бұл кез­десу­дің өтпей қалу ықтималдылығы жоға­ры болушы еді. Бұл жағдай біздің жек­пе-жекке өз әсерін тигізді. Мен соңына де­йін барып, оны шегінуге мәжбүр еттім. Өзім­нің жеңілмегеніме сенімдімін. Қарым­та қайтарғым келеді. Бірақ, оған Ген­на­дий келісе ме, жоқ па білмеймін. Өзім­нің орта сал­мақтағы үздік боксшы екені­ме сенім­ді­мін. Мен Головкиннен шар­шы алаң­да бұ­дан да жоғары қауқар күтк­ен едім. Алайда, олай болмай шықты, – дейді Джейкобс.

Ал Геннадийдің пікірі мүлдем басқа. Қазақстандық өзінің күшін тексеріп көру мақсатында жекпе-жекті соңына дейін созғанын айтады.

– Бұл бокс. Маған төрешілердің шешімімен анықталатын 12 раундтық жекпе-жек қажет болды. Маған жақсы, сапа­лы жекпе-жектер керек. Егер Дэнни қарым­­та кездесуді қаласа, мен оған мүм­кіндік беремін, – дейді Головкин.

Зады, Джейкобс бір өлімнен аман қалған боксшы. 2011 жылы велосипед теуіп жүрген жерінде құлап, есінен танып қалады. Ауруханаға жеткізілгенде өзінің қатерлі ісікпен ауыратынын білген. Боксшы сол аты жаман ауруды жеңіп, кәсіпқой спортқа қайта оралды. Содан кейін шаршы алаңда ешкімнен ұтылмады. Ал оның алдында ресейлік Дмитрий Пирогтан нокаут алып қалған болатын. Бұл оның карьерасындағы екінші жеңілісі. Бір қызығы, екеуінде де ТМД боксшыларына жол берген екен.

Отандық бокс жанкүйерлері Геннадий Головкиннің енді ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада жекпе-жек өткізгенін қалайды. Жерлесіміз өзі де туған жері Қазақстанда жұдырықтасуға дайын екенін бірнеше рет айтқан болатын. Әзірге қарсыластарының арасынан Билли Джо Сондерстің кандидатурасы сәйкес келіп тұр. Британдық боксшы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, WBO International, EBU, Британия Достастығының, BBBofC чемпионы. Шаршы алаңда жеңілмей келе жатқан жампоздың бірі. Егер Сондерспен кездесіп, оны жеңсе, Головкин орта салмақтың абсолютті чемпионы атанады.

– Головкин жақын күндері 35 жасқа толады. Ол Джейкобспен кездесуінде өзінің қарапайым адам екенін көрсетті. Головкинмен жекпе-жек өткізу мен үшін арман. «Твиттерде» промоутері Том Леффлермен сөйлестім. Ол келісімшарт өткен аптада дайын болғанын айтқан еді. Қазақстанда кездесу өткізуге дайын­мын. Мен онымен 11 аптадан кейін ай­қасуға сақадай сай екенімді айта ала­мын. Егер олар 5-6 аптадан кейін жек­пе-жек ұйымдастырғысы келсе, келі­сім бермеймін. Көбі менің нокаутқа құла­ғаным­ды күтеді. Қазір мен дайында­лып жүрмін. Келісімшарт осы аптаның соңына дейін жасалса деймін. Бизнестің аты бизнес. Осы айтылған мерзімде менімен жолыққысы келсе, онда жекпе-жекті бірге ұйымдастырайық. Осыған дейін олар­дың ұсыныстары ақылға қонбайтын еді. Сол үшін келіспей жүрдім. Егер қазіргі ұсыныстары көңілден шығады. Ал тағы бір ай күткізіп қоятын болса, онда өз жолыммен кетемін, – дейді Сондерс.

Енді Головкин мен оның команда­сы­ның жауабын күту ғана қалды.


Бек ТӨЛЕУОВ,

журналист

АСТАНА


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

21.05.2018

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

21.05.2018

Қарақиялық оқушылар арасында «Жас құтқарушы» сайысы өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру  көпсайысынан аймақаралық чемпионат өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстан шенділері тегін үйлерді туыстарына үлестірген

21.05.2018

Академик Түймебай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.05.2018

Петропавл әкімдігінің әрекеті тұрғындарды таң қалдырды

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен біріншілік өтті

21.05.2018

Алматыда «Музей түні» өтті

21.05.2018

Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді

21.05.2018

Қостанайда орманда от жаққандарға айыппұл салынады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу