IAAF көршімізді кеудесінен итерді

Лондонда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) 51-ші Конгресі өз жұмысын аяқтады. Онда көптеген өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 1194

Есеп беру және өзекті мәселелер
Лондонда өткен IAAF Кон­гре­сінің екінші күнінде әр құр­лық­тың ұлттық федерациялары қауымдастығы жеке-жеке баян­дама жасады. Өз жұмыстары жайлы бейне ақпараттар ұсы­нып, жетістіктерін тізіп шықты. Жеңіл атлетиканың қанатын кең жайып, жетіле түсуіне ық­пал ете­тін шаралар туралы айты­лып, сонымен қатар шағын мем­ле­кеттерге қалай қолдау көрсетіліп жатқандығы да тілге тиек етілді. 
Бұдан кейін 2015-2018 жыл­дар аралы­ғын­дағы қаржы мәсе­лесі, түсім мен шығын жалпы­лама түрде жария етілді. Нақты ақпараттар көлденең тар­тылды. Негізгі, пайда көзі телета­ра­тылымдар құқығы мен демеу­шілер екендігі мәлім­денді. Әрі, Олимпиаданың өткен жылдары IAAF-қа түскен түсімнің басқа жыл­дардағы шығынының орнын жауып отыратындығы да бүк­песіз айтылды. Содан соң, әлем чем­пионаттарынан түсетін пай­даның да аз еместігі сөз етілді.
Сондай-ақ, Халықаралық же­ңіл атле­тика федерациясының әрбір комис­сиясы өз жұмыстары туралы есеп беріп, баяндама жасады. Жарыстар мен сайыстар өткізу комиссиялары да өз жұмыстары туралы ақпар берді. Мәселен, спорттық жү­ріс­тен әйелдер арасындағы 50 шақы­рымдық сынның соңғы сәтте әлем чемпионатына енгізілуі барысында аздаған пікірталастың болғаны да айтылды.
Ардагерлер комиссиясының басшысы IAAF құрамындағы 200-ден артық мемлекеттің жар­тысы осы жас мөл­шерінде ешқан­дай жарыстар өткізбей­тінді­гін айтып, мұңын шақты. Жас­тармен жұмыс жасайтын ко­мис­сия өскелең ұрпақпен қарым-қаты­насты күшейту, оларды же­ңіл атлетикаға тарту өте маңыз­ды екендігін дәлелдеуге ты­рыс­ты.
Жарыстар мен сайыстар өткі­зу комиссиясы 18 жасқа дейінгі әлем чемпио­наттарын өткізудің аса тиімді болмай отырғандығын алға тартты. Мұнда көзге түсіп, жүлдеге іліккендердің ересектер легіне өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүргендері тым аз екен...


IAAF илікпеді
Бұдан кейін IAAF президенті Себастьян Коудың төрағалық етуімен «Ресей мәселесі» жеке қаралды. 2015 жылы қараша айында Ресей жеңіл атлетика федерациясы WADA комис­сиясы жүргізген тексерулер негізінде IAAF құрамынан уа­қытша шеттетілген болатын. Басқаша айтқанда, 20 ай болды, олар Халықаралық жеңіл атлетика федера­ция­сы мүшелігінен айырылған.
IAAF кеңесі өтіп, осы мәселе талқы­ланған. Ресейдің IAAF құ­ра­мынан уақытша шеттетілуін сол күйінде қал­дырған. Яғни, атал­мыш санкция мерзі­мін ұзарт­­ты. Себебі, Ресей тарапы бар­­лық шарттар мен талаптарды тү­­гел­дей орындамаған. Кон­грес­те осы мәселе дауысқа салын­ды...
Әуелі Ресей жеңіл атлетика федера­ция­с­ының президенті Дмитрий Шлях­тинге сөз бе­ріл­ді. Ол 20 айдың ішінде бұл федерацияның толықтай өзгер­ген­дігін, бұрынғы басшылар мен қатар­дағы қызметкерлердің отставкаға кетіп, жаңа ұжым жұмыс істеп жатқандығын, допингке қарсы күрестің мейілінше күшейтілгендігін тәптіштеп айтып шықты. Қатаң шаралар қолданылғанын, сегіз адамның өмір бойына жеңіл атлетика саласынан аластатылғандығын да тілге тиек етті.
IAAF-тың жазғыруларын те­ріс­ке шығармайтындарын, спорт­­шы­ларының жиі-жиі допинг-сы­нақтан өткізіліп тұратын­дық­тарын, енді мұндай жаңсақ­­тықтың ешқашан қайта­лан­бай­­тындығын айтып, көпші­лікті сендіруге тырысты. Тіпті допинг қолданған спортшы­лары­ның кесірінен алтын, күміс және қола медальдарынан айы­рылған жеңіл атлеттерден кешірім сұрайтындығын білдірді.  
Себастьян Коу бұдан кейін Ресей­дің қайтадан IAAF-қа мүше болуы ісімен айналысатын арнайы жұмыс комис­сиясының басшысы Руне Андер­сенге сөз берді. Ол әуелі Ресей жеңіл атле­тика федерациясының жаңа прези­денті Дмитрий Шляхтиннің еңбегін бағалап, оның қыруар жұмыс атқарып жатқандығын айрықша атап өтті.
Содан кейін, осы мәселемен тікелей айналысып жатқан арнайы жұмыс комиссиясының атқарған тергеу жұмыс­тарын атүсті тізіп өтті. Бұл комиссия 18 айдың ішінде ресейліктермен 11 рет кездескен. Жеті рет Ресейге барған, қалғаны бұл елден тыс жерлерде өткен. Көптеген кездесулер өтіп, телефон арқылы да байланыста болған.
Ресейді қайтадан мүшелікке қабылдау үшін алты шарт қойылған екен. Соның барлық тармақтары орындалмаған. Орындалғандарының өзі басқалармен салыстырғанда өте баяу жүргізілген. Сондықтан, бұл комиссия Ресейді қайтадан IAAF құрамын қабылдауға әлі ертерек деген шешімге тоқталып, оны дауысқа салуды ұсынды. Мұны біраз елдердің өкілдері қолдады.
Конгреске қатысып отырған 187 ел (ұлтық федерация) дауыс беруге тіркелді. Солардың үштен екісі, яғни 124 мемлекет осы ұсынысты қолдаса, онда Ресей әзірше IAAF құрамына қайтадан мүше бола алмайды. Ал дауыс беру қорытындысында 166 ел Ресейге қойылған санкцияны ұзартуды қолдады. Тек 21 мемлекет бұған қарсы болды.
Сөйтіп, IAAF Ресейге құшағын ашпақ түгілі, есігін де ашпады. Уақытша шеттетілу мерзімі ұзартылды. Ал бұдан кейін Конгресс басқа мәселелерді талқылап, IAAF Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турасындағы ұсыныстарды дауысқа салды.

Нұрғазы САСАЕВ,
журналист, арнайы
«Егемен Қазақстан» үшін – Лондоннан (Ұлыбритания)|

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

23.02.2018

Қазақстандағы алғашқы сотсыз татуласу орталығы Қызылордада құрылады

23.02.2018

Өскемендегі Жастар театры «Аршын мал алан» мюзиклін сахналады

23.02.2018

Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Жамбылда атқарылатын жұмыс көп

23.02.2018

Әкім есебіне жетістіктер ғана арқау бола ма?

23.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

23.02.2018

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: телемедицина қызметін қайта қарау қажет

23.02.2018

Қисынсыз қойылған атаулар

23.02.2018

Мүсінші дәрігер Ержан Қази

23.02.2018

Көкшетауда кәсіби және әуесқой автоспортшылар арасында техникалық жарыс өтті

23.02.2018

Таразда Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған танымдық концерт өтті

23.02.2018

Сөз сойыл №53

23.02.2018

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы қарсаңында «Ақын жүрген жерлермен» акциясы басталды

23.02.2018

Нұрғали Ораз. Қыз құлаған

23.02.2018

«Қазақтың ірілері». Жақсылардың айбары мен дидары

23.02.2018

Кітаптар да адамдар сияқты...

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу