Ірі қалалар дизельмен жүретін көліктерге тыйым салмақ

Егемен Қазақстан
02.12.2016 83
_92790840_gettyimages-494797922 Париж, Мехико, Мадрид пен Афина қалалары 2025 жылға қарай дизельмен жүретін көліктерге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мексикада өткен C40 қала басшыларының кездесуінде белгілі болды, деп хабарлады BBC. Аталған төрт қаланың басшылары келесі онжылдықта дизельмен жүретін барлық жеңіл және жүк көліктеріне тыйым салмақ. Олардың айтуынша, бұл шешім ауаның тазалығын сақтап қана қоймай, электр, сутегі және гибридті көліктер санын арттыруға да септігін тигізеді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер мен велосипедпен қатынаушылардың санын да біршама көбейтеді. Париж мэрі Энн Идальго "Біз Токионың үлгісімен қаламыздың ауасын ластайтын автокөліктерге тыйым салмақпыз", десе, Мадрид қаласының басшысы Мануэла Кармена "Ауаның тазалығы климаттың өзгеруіне қарсы күресімізге байланысты. Егер ауамыз таза болса, балаларымыздың да дені сау болады", - деді. Бұл жағдай автокөлік шығарушылардың жоспарына да әсер етуі мүмкін. Себебі, көлік өнеркәсібі басқа да ірі қалалардың осындай шешім қабылдауы мүмкін екенін ескеріп, соған қарай бейімделетін болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атмосфераның ластануынан жыл сайын 3 млн адамның  өлетіні айтады. Осыған орай дизельдің атмосфераға тигізетін зияны соңғы жылдары жиі талқыланып жүрген мәселелердің бірі.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Әлемнің 20-дан астам елінің үздік сәулетшілері Қазақстанның елордасында бас қосты

18.07.2018

Дәурен Абаев: «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды

18.07.2018

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

18.07.2018

Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?

18.07.2018

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды

18.07.2018

Түркістан облысында алты айда 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу