Ішкі көші-қон: іргелі мақсат, ілгері қадам

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақ­станның үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау­ындағы «Үшінші кешенді міндет − еңбек нарығын жаңғырту» атты бөлімін­де басы артық жұмыс күші бар өңірлер­ден басқа жерлерге, ауылдардан қала­ларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тарту­ға қолдау көрсету жөнінде орынды атап көрсетілген болатын.
Егемен Қазақстан
03.08.2017 7629

Таратып айтқан­да, еңбек ресурстарының ұтқырлы­ғын арттыруға байланысты облыстың хал­қы тығыз орналасқан аудандарынан республикамыздың шалғайдағы өңір­лері­не халықты көшіру барысы туралы айт­қаны мәлім.

Өздеріңізге мәлім, республикада халқы тығыз өңірлерден халқы сирек орналасқан өңірлер­ге халықты қоныстандыру жұ­мыс­­тары 4 жылдан бері жүзеге асы­рылып келеді. Осыған байла­ныс­ты Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 жы­лы Шығыс Қазақстан облысы­мен, 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысымен халықты жұмыспен қамту жөнінде ынты­мақ­тастық меморандумдары тү­зілді. Ал 2014-2016 жылдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шең­берінде облысымыздан бар­лы­ғы 154 отбасы қоныс аударып, көшу шығындары өтелді. Аталған басқарма тарапынан қоныс аударған азаматтарға сол өңірдегі уәкілетті органдар ар­қылы мониторинг жұмыстары да жүргізілген. Қоныс аударған аза­мат­тардың 48-і ауыл шаруа­шы­лығымен айналысса, білім са­ласында 42 азамат қызмет ат­қаруда. Бұдан бөлек, жергілікті атқару органдарында 11, қызмет көрсету саласында 12, денсаулық сақтау саласында 7 адам еңбек етіп жүргені анықталды. Біздің өңіріміздегі мұндай игілікті әре­кетті қанатқақты жоба ретінде қарастырып, сәтті өткен эксперимент ретінде бағалауға болады. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2018-2022 жылдарға ар­налған өз еркімен қоныс ау­да­рушыларды ынталандыру, іш­кі көші-қон саясатын жүзеге асыру мақсатында «Оңтүстік-Сол­түс­тік» жобасын дайындауда. Се­бебі, республикамыздың сол­түс­тік облыстары халқының саны (Сол­түстік Қазақстан, Шығыс Қазақ­стан, Қостанай, Павлодар) жыл сайын кеми түсуде.
Расында да Оңтүстік Қазақстан об­­лы­сы − артық жұмыс күші бар, респуб­­л­и­кадағы халқы тығыз орналас­қан аймақ­тардың бірі. Оның үстіне өңір­дің таби­ғи-климаттық және геогра­фиялық жағ­дайының қолайлы болуы да адам капи­талының дамуына оң әсе­рін тигізетіні сөз­сіз. Ресми деректерге жү­гінсек, соңғы бес жылда халық саны 272,8 мың­ға не­ме­се 24 пайызға ар­тып, бүгінде тұрғын­дар 2 861,3 мың адам­ға ( оның ішінде жұ­мыс­сыздар саны 62,7 мың) жетті. Сөйтіп, республика хал­қы­ның 16,1 пайызын құрап отыр. Ішкі көші-қон (миграция), яғни ха­лық­тың об­лыстан көшуі мен келуі бары­сын­дағы айырмашылықты қоса алған­дағы көр­сеткіштің өзі өсу динамикасын байқатады.

 Әрине, еліміздегі үшінші мегаполис болуға ұмтылған шаһарға қарай халықтың шоғырлана түсуіне заңды құбылыс ретінде қарауымыз қажет-ақ. Өйткені, облыс орталығы − Шымкент қаласына қоныс тебушілер қатары кө­­бейіп тұр. Мұны төмендегі деректер дә­лелдей түседі. Бүгінгі таңда облыс бо­йынша тұрғын үй салуға жер телі­мін алуға 173 мыңға жуық адамның өтіні­ші тіркелсе, 49 мыңға жуық адам бас­па­на кезегінде тұр. Ал, осыған әлі де құ­жат­тарын ресімдеу қаракетінде жүрген, тір­кеуге тұрып үлгермегендерді қосыңыз. 

Өңірдің экономикалық белсенді халқының жұмыспен қамтылғаны 1147,2 мың адам екен. Оның құ­ра­мында өз­ді­гінше жұмыспен қамтылғаны 502,8 мың адамнан асады. Бұл не деген сөз? Біз­дің ағайын­дардың «жұмыс жоқ» деп жүні жығыла салмайды. Жоқ жер­ден жұ­мыс таба қояды. Өз авто­кө­лігін «такси» ете салады. Үлкенді-кішілі кеңсенің маңайын «ақылы» автотұраққа айналдырып, мәшине кіргізіп-шығарудан да өз нәпақасын айырып отырғандар аз емес. Жұмыс іздеген адам әйтеуір «осылай» ай­налысатын кәсібін тауып ала береді. Нарық заманына бейім мұндай жандар жал­пы жұмыспен қамтылғандардың 43,8 пайызын құрайды екен. Ал облыс бойынша өздігінше жұмыспен қам­тыл­ғандар үлесі республикада ең жоғары көр­сет­кішті көрсетіп отыр.

Ішкі көші-қонды реттеу бо­йын­ша облыста бұл жұ­мыстар биыл да жалғасын тау­ып, Еңбек және халықты әлеу­меттік қор­ғау министрлігінің қа­тысуымен биылғы жылдың сәу­ір айында өңір­аралық бірігуді дамытудың шара­лары бірнеше аудандарда ұйым­дастырылды. Мұндай іс-шараға барлығы 5780 азамат қатысып, 672 отбасы (2019 отбасы мүше­лері­мен) қоныс аударуға ниет білдірді. Осы азаматтардың 1008-і еңбекке қа­бі­летті болса, олардың 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кә­сіп­кер­лікті дамытумен, 794-і мемле­кет­тік кәсіпорындарда жұ­мыс істеу­ге талаптанып отыр.

2017 жылы қоныс аудару­шы­ларға 288 отбасына квота бе­кі­тілді. Демек, квотаға енген бағ­дарламаға қатысушылардың әр­бір отбасы мү­шесіне 35 АЕК мөлшерінде (79 415 теңге) бір рет­тік субсидия жә­не тұр­ғын үй жал­дауға және комму­нал­дық қыз­мет­терге ақы төлеу шығыс­тарын өтеуге 12 ай ішінде 180-360 АЕК мөлшерінде суб­сидия­лар (408 420-816 840 тең­ге) беріледі. 

Бүгінгі таңда солтүстік өңір­лер­­дің мәліметіне сәйкес рес­пуб­лика бойынша 119 отбасы қо­ныс аударса, оның 99-ы (262 от­­басы мүшелерімен) Оңтүстік Қазақстан облысынан (Қостанай – 7, Павлодар – 13, Солтүстік Қа­зақстан – 44, Шығыс Қазақстан – 35) өзге өңір­лерге көшпек. Оның ішінде 64 от­басы нақты квота алу үшін құжат­тарын (Сарыағаш ауданынан – 11, Мақтаарал ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 2, Сайрам ауданынан – 12, Түлкібас ау­данынан – 3, Ордабасы ауданы­нан – 3, Түркістан қаласынан – 2, Шымкент қаласынан – 28 отбасы) тапсырды.

Әрине, мұндай маңызды істе қоныс аудару процесін жылдамдату, туындаған мәселелерді же­дел шешу, көшуге ниет біл­­дір­ген­дер­ге жағдай жасау үшін сол­түстік өңір­­лердің өкіл­дері ке­зең-кезеңмен об­лы­сы­­мыз­да болып, түсіндіру жұ­мыс­­та­рын жүргізуде. Бұл қуа­нар­лық жағдай. Талпыныс табыс әке­леді. Нәтижесінде ерікті түрде қо­­ныс аударуға 618 мүшесі бар 177 отбасының тізімі қалып­тас­ты­­рыл­ды. 
Хош, көш көлікті болғай деп тілейміз!
 
Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ,
журналист

ШЫМКЕНТ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу