Ісіне жауапсыз, жаңғалақ баланы жөнге салудың жолы бар

Ата-аналар айта-айта құлақ етін жесе де бала қателік өткізбей тұрмайды. Кейбір бала онан сайын ерегесіп, кейбірі ата-анасынан мезі болады, тіпті мінез көрсетеді. Әдетте балаға байланысты «ойынға айналып ұмытып кетіпті» деген сөз көбірек қолданылады. Неге?
Егемен Қазақстан
25.03.2017 836

Мұндай балалар өзгелерге көп сеніп, өз жауапкершілігі дұрыс қалыптаспағаннан болады екен. Ұзақ жыл балалар психологиясын зерттеумен айналысқан қытайлық әйел Лу Чиннің «Балаға жарайсың дей біліңіз» деген кітабында дәл осы тақырыпқа арнайы тоқталып жанды мысалдар келтірілген. 

Сегіз жастағы қызы асып-сасып жүріп ән сүйемелін жазған дыбыс таспасын ұмытып кетеді. Сол күні мектепте ән сабағынан жарыс өткелі жатқанын, қызы оған түнімен дайындалғанын және дыбыс таспасын ұмытып бара жатқанын көріп отырған анасы оған «затың қалып бара жатыр» деп ескертпейді. Біле тұра айтпайды. Қызы әбден мектепке жеткенде барып таспаны жоқтайды. Дереу анасына телефон шалады. Жарыстың басталуына аз қалғанын айтып, таспаны әкеліп беруін өтінеді.

Шешесінің уақыты бола тұра «қызым, сен есейіп қалдың ғой, бұл мәселені өзің шешетініңе сенімдімін» деп телефонды жабады. Қызы дағдарып біраз тұрып өз кезегін кейінге шегертіп белесебедпен үйіне келіп таспаны алады.

Анасының әңгімесі: Мен оның соңынан шашылған заттарын жинастырып жүріп «ұмытшақ болма» деп жүз рет айтқанымнан пайда жоқ. Қайта оған бір рет ескерткенімнің өзі оның басқаларға иек сүйеу психологиясын асқындырады. Одан да өз қатесін өз мойнына қойып, қателіктің зардабын өзіне сезіндіруім керек болды. Мұндай ащы сабақтар оның салақтық, ұмытшақтығын азайтты.  Бір күні қызым жай жатқанына қарамай, күнделікті уақытынан жарты сағат ерте тұрып сабағын пысықтамақ болып сағатын қоңырауға теңшеп қойды. Алайда шаршаған қызым қоңырау қанша шырылдаса да ұйқысын қимай керіліп-созылып жата берді. Мен «сағатты дәл уақытына теңшесең дер кезінде тұрасың, әйтпесе түнде қысқартқан уақытыңды таңертең қайта қосып алып, ұйқың онан ары қалыңдай береді» дедім. Қызым тыңдамады. Ақыры бірнеше рет сабақтан да кешігіп қалды. Бір күні мен оның қоңыраулы сағатын алып алдым да, қасына уақытты ғана көрсететін жай сағат қойдым. Нәтижесінде қызымның ұйқысы сергіп сала берді. Оны оятатын мен жоқ, қоңырау да шырылдамайды. Сондықтан сақ, сергек ұйықтап арасында сағатқа бір қарап қойып уақытында орынынан атып тұратын болды.

Лу Чиннің әңгімесі: Бір жолы балаларға арналған «Жаңғалақ бала» деген фильм көрдім. Режиссер ол баланың әрекетін камерамен түсіріпті. Шынында жаңғалақ бала екен. Ұйқыдан тұра сала шалбарын теріс киді, бас киімін киді, сосын көзілдірігін іздеді, бас киімін шешіп көзілдірігін тақты да, бас киімін сол ұмытып кете жаздады, одан кейін сумкасын асынып, кілтін, қолғабын алып, сыртқа қарай жүгірді, сәлден кейін қайта келді, сөйтсе қолғабының бір сыңарын ұмытып кетіпті...

Кейін сол баланы мектебіне іздеп барып сөйлестім. Ол өзінің жаңғалақ екенін мойындайды. 5 күндік жаздық демалыс лагерінде 11 рет киімін жоғалтқанын, оны жетекшілері әкеліп бергенін айтып ұялды. Бұл бала неге

бұлай болды? Оның ата-анасы, айналасындағы ересек адамдар үнемі соңынан еріп жүріп жоғалтқан, ұмытқан дүниелерін жинап жүріп оны «қамсыз» еткен екен. Ол жіберген ағаттықтың бәрін үлкендер мойнынан алып отырған. Жауапкершілік деген бұл баланың ойына кіріп-шықпаған. Мен оның шешесіне:
- Мұнан былай ұлың қажетті нәрсесін жоғалтса, іздеспеңіз, өзі іздеп тапсын. Үйде баға жазу тақтасын орнатыңыз. Егер ол бір нәрсесін жоғалтса, бір рет кінә жазыңыз, аз жолғалтса орташа, ештеңе жоғалтпаса үлкен еңбек жазыңыз. Оны енді түзетудің жолы сол, – деп ұсыныс айттым. 

Мен осы кішкентай фильмді түсіру жұмысын ұйымдастырған мектеп директорына мектепте «жаңғалақ болмайық» деген тақырыпта іс-шара өткізуін ұсыныс жасадым. Ол қуана қабылдады. Әр күні көптеген ата-ананың мектепке балалары ұмытып кеткен нәрселерін тасып жүретінін айтты. Мен оған: - әр қандай ата-ананың балаларының керек-жарағын көтеріп мектепке кіруіне жол қоймаңыздар, бұлай істеу мектеп ережесіне қайшы деген қатаң белгілеме шығарыңыздар. Маусым соңында мектеп бойынша жиналыс ашып, жаңғалақтық мінін түзетуде алға басқан оқушыларды марапаттаңыздар, - деп кеңес айттым. Сөйттім де сыныптағы балалардан:
-        Жинақы, сергектік адамзаттың несі? – деп сұрадым
-        Артықшылығы! – деп жауап қатты балалар тегіс.
-        Онда жаңғалақтық, ұмытшақтық ше? – дедім.
-        Кемшілігі! – деді балалар.
Кейін сол мектептің директорынан хат алдым. Ісіміздің жақсы нәтиже бергенін айтып, алғыс білдіріпті.

Түйін. Иә, жаңғалақтық, жауапсыздық адам бойындағы үлкен кемшілік. Балаларға жаңғалақтықтан туылатын қиындықтарды сезіндіре алсақ, олар оны түзетуге тырысады. Жастайынан жауапкершілігі мықты бала есейгенде өз ісінің маманы, адал да ақиқатшыл перзент болып жетіледі.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу