Кадрда − «күлмейтін» драматург

«Күлмесханды» күл­дiрген драматург Қалтай Мұхамед­жанов» (сатирик Көпен Әмірбектің сөзі) демекші, ол кісінің көзін кө­ргендер күлмей, күл­дір­мей өткен күнін білер ме екен?
Егемен Қазақстан
10.04.2017 2592

Тілінің тікені бар талант иесінің «Бөлтiрiк бөрiк астында», «Құдағи келiптi», «Қуырдақ дайын», «Өзiме де сол керек» сияқты комедиялары қандай еді?!  

Бүгінгі олжамыз – қа­зақ драматургия­сындағы қайталанбас тұлға Қалтай Мұхамеджановтың бұрын-соңды еш жерде жария­лан­баған суреті.

– Бұл суретті 1970 жылы түсіріппін. Бірақ оны еш жерге жариялауға ұсынбадым. Себебі, коме­диялық драматург Қалтай Мұхамеджанов ағамыздың екі қолын айқас­тырып тұн­жырап отырған суреті ешкімді қызықтырмас деп ойладым. Осы фотоға түс­кен кезде Қалтай ағамыз 42 жаста болатын. Ал мен 22 жаста едім. Қалтай ағаның қайталанбас сәті фотообъективке қалай ілінді? Сол 1970 жылы заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовқа Лениндік сыйлық беріл­генде, Мәскеуден келе жат­қан жазушыны Қалтай аға­мыз Қызылорда стансасынан поездан түсіріп алып, Қызылордадағы оқыр­­мандарымен кездесу өткізді. Сол кездесуден қалған сурет осы, – дейді қызылордалық фототілші Болат Омарәлиев.

Болат ағамыз 1998 жылы Қалтай Мұхамеджанов 70 жасқа толғанда осы суретті 60+40 көлеммен үлкейтіп әдемі жақтауға салып, Қы­зылордаға келген сапарында сыйға тартқан.

– Ой, Қалтай ағамыз бұл суретке қатты қуанды. Негізі ол кісіні талай рет суретке түсірген едім.  Қай фотосына қарасам да,  үнемі күлкі үстінде жүреді. Ең болмаса езуіне күлкі үйіріліп тұрады, – дейді Болат Омарәлиев.

Енді мына қызықты қараңыз, 1998 иесіне сурет тапсырылғаннан кейін, бір-екі жыл өткесін соң, драматург фототілшіге жолығып қалып: «Болат-ау, сен біздің ауылдың бала­сы екенсің. Өзімнің інім екенсің, осы уақытқа дейін неге айтпай жүрсің? Қай­бір жылы сен берген суретті жоғалтып алдым. Қызылорда да кімнің үйін­де қалғанын білмей қал­дым. Мүмкіндігі болса сол су­ретті қайта жасап берші», дейтін көрінеді.

– Мен қуана келістім. Қалтай ағама осы суретті әне жасап берем, міне жасап берем деп жүргенде, ағамыз өмірден озды. Өкініштен ішім удай ашыды. Өкініп қалдым...

Айнаш Есали,

«Егемен Қазақстан»

Алматы

Суретті түсірген

Болат Омарәлиев



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

19.08.2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

19.08.2017

Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз

19.08.2017

Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады

19.08.2017

Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды

19.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

19.08.2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

19.08.2017

Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты

19.08.2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

19.08.2017

Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ

19.08.2017

Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды

19.08.2017

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

19.08.2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

19.08.2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу