Кәсіпқой бокстың қыры мен сыры

Кәсіпқой бокс әлемде 1950-жылдардан бері қарай тез дами бастады. Бокстың бұл түрінде жекпе-жек бокс­шы­лардың дәрежесіне қарай 4, 6, 8, 10 және 12-ге дейін созылады. 1982 жылға дейін 15 раундтық жек­пе-жектер өткізіліп келді.

11.04.2017 7585

Сол жылы Дук Кум Ким есімді боксшының өлімінен кейін Халықаралық бокс федерациясы (WBC) раунд санын 12-ге дейін қысқартты. Кәсіпқой боксқа енді аяқ басқан боксшы 4 раундтық жекпе-жекке шықса, белбеуден үміткерлер негізінен 10 раундтық кез­десуден бастайды.

Бірақ бұл жерде де қатып қалған қағида жоқ. Мысалы, әуесқой бокста екі дүркін Олимпиада чемпионы болған украиналық Ва­силий Ломаченко бірден 10 раундтық кездесуге шықты. Көп нәрсе бокс­шы­ның атағына, промоутерлік ком­­панияның абыройына және про­моутер­дің қаржысына байланысты.

Атақ иеленгеннің абыройы асқақ

Бокс әлемінде ең жоғары саналатын төрт тұжырым мен титул бар. Олар –  WBC, WBA, IBF және WBO. Бұл қатарға америкалық The Ring журналының титулын да қосуға болады. Ұғынықты тілмен айтар болсақ, жоғарыда аталған төрт титул – кәсіпқой бокстың олимптей биік шыңы. Бұл төрттік өз ішінде бірнеше аймақтық титулдарға бөлінеді. The Ring-тің атағы – әлем чемпионатындай. Олимпиададан бір саты төмен, бірақ дәрежесі жоғары. Бұл қатарға IBO мен IBA-ның титулдарын қосуға болады. Олардың да жергілікті белдіктері бар. Жоғарыда аталғандардан бөлек, тағы бірнеше ұйымдар бокс кештерін ұйымдастырып тұрады. Алайда, олардың атағы жоғары болып саналмайды. Біздегі облыстық турнирде жеңіске жеткенмен бірдей.

Осы жерде титулдардың тарихына аз-кем үңіле кетсек. Кәсіпқой бокстағы төрт белбеудің ішіндегі ең көнесі Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA). Ең алғаш 1921 жылы АҚШ-та Ұлттық бокс ұйымы болып құрылып, 1962 жылдан бүгінге дейін қазіргі атымен аталып келеді. Ұйым­ның белбеуі қара теріден керілген. Орта­сындағы медаль қалайыдан жасалып, ортабағалы тастармен көмкерілген. Сырты алтынмен жалатылған. Жан-жағында жылтыраған жезден жасалған медальдар орналасқан. Бір қызығы, әлем чемпионы атанған боксшы 760 доллар төлеп, белбеуді өзінде алып қалуға құқығы бар. Белбеудің салмағы – 3,6 кило.

WBC титулы 1963 жылы Мексикада құрылған. Президенті – Моурисио Сулей­ман. Халықаралық бокс федерация­сы (WBC) 1983 жылы АҚШ-та құрылған. Бүгінге дейін бұл тұжырым бойынша әлемнің 100-ден аса боксшысы әлем чемпионы атанған. Чемпиондық белбеу бүгінге дейін бес рет өзгертілді. Оның материалы – былғары, керамикамен қолдан безендірілген. Алтын жалатылған медаль Мексида жасалған. Құю формасы тек 100 белбеуге арналған. Бағасы – 820 доллар. Белбеуде WBC құрамына кіретін 150 елдің туы үш қатар бейнеленген. Екі жағында ауыр салмақта аты аңызға айналған Мохаммед Али мен Джо Луистың суреттері бар.

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 1983 жылы АҚШ-та негізін қалаған. Чемпиондық белбеудің дизайны он жылдан аса уақыттан бері өзгермеген. Белбеу қызыл теріден, ортасындағы медаль алтын жалатылған қалайыдан жасалып, онда бүркіт бейнесі орналасқан. Әр жеңімпаз белбеудің жақтауларына өздері қалаған сөзін жазып, бедерлей алады. Белбеудің құны – 650 доллар. Ал белбеуді боксшы өзіне алып қалғысы келсе 750 доллар төлеуі керек.

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) 1988 жылы Пуэрто-Рикода басталды. Бұл ұйым 1990 жылы Еуропада қолдау тапса, 2000 жылдары ғана АҚШ-та екінші деңгейлі ұйым ретінде тіркелген. WBO чемпиондық белбеуі қоңыр теріден жасалған. Салмағы – 3,6 кило. Алтын жалатылған медальда жер шары бейнесі көрсетіліп, «World Champion» жазуымен қатар ринг бейнеленген. Бұл белбеудің құны – 660 доллар. Белбеу федерацияның ең үздік боксшыларына ғана беріледі. Алдыңғыларға қарағанда, бұл белбеудің беделі төмендеу.

Әлем мойындаған жоғарыдағы төрт құзырлы мекеме боксшы белбеуінің бір­неше түрін табыстайды. WBA бойынша супер чемпион, чемпион және интерим-чемпион деген үш титул бар. Басқалары чемпион және интерим-чемпион деген атақпен ғана шектелген.

Шаруа промоутерсіз шешілмейді

Промоутер деген сөзді естігенде жан­күйерлердің көз алдына америкалық даңқ­ты промоутер Донг Кинг елестеуі мүмкін. Талай боксшының бағын ашып, әлем чемпионы атандырған Кингті білмейтіндер кемде-кем. Бірақ, промоутер жұмысының қыр-сырын біле бермейміз. «Промоутер деген кім, қызметі не, міндеті қандай?» деген сұрақтар кәсіп­қой бокс жанкүйері үшін қызықты. Осы орайда, Қазақстанда промоу­терлікпен айналысып жүрген Болат Ман­кеновке жоғарыдағы сұрақтарды қойып, пікірін білген едік.

«Промоутер дегеніміз – кәсіпқой бокс­шылардың жекпе-жектерін ұйымдас­тырушы. Ол жекпе-жекті ұйымдастырып қана қоймай, талантты бокшыларды таңдап, олардың әр жекпе-жек сайын көтерілуіне жағдай жасайды. Промоутерлік компания құрамында менеджер, пиар-менеджер, медиа-менеджер, яғни БАҚ құралдарымен жұмыс істейтін журналистер бар. Сондай-ақ, промоутердің жанында матч-мейкер деген болады. Оның міндеті – боксшыларға қарсылас іздеу. Қарсыласының барлық деңгейін, әлеуетін зерттейді. Промоутердің кеңесшісі десе де қате емес. Жалпақ тілмен айтқанда промоутер дегеніміз – бүгінгі әншілердің продю­сері сияқты ғой», – дейді Болат Манкенов.

Менеджердің қызметі мінсіздікті қалайды

Кәсіпқой боксқа ауысқысы келетін бокс­шылар танымал әрі тәжірибесі толысқан менеджермен жұмыс істегенді жөн санайды. Себебі, бұл жақта да қаржы мен абырой үлкен рөл ойнайды. Кезінде ресейлік бокс­шы Артур Бетербиевтің менеджері болған, бүгінде қазақстандық екі жас талантты боксшының менеджері болып жүрген Анна Рева менеджерді боксшылардың әкесі немесе анасы деп түсіндіреді.

«Кәсіпқой бокстағы менеджердің жұ­мысы – промоутерге талантты бокс­шыларды тауып беру. Және де сол бокс­­шылармен тығыз қарым-қатынас ұс­тайтын адам. Боксшыларды мекенжаймен, тамақпен қамтамасыз етуден бастап, рейтингтік жекпе-жек кезінде боксшыға қарсылас іздеу, қол астындағы боксшының өміріне толық жауап беріп, промоутермен келісімшартқа отырғызуға дейін жалғасады. Бұдан бөлек тағы да ұсақ-түйек бірқатар жұмыстары бар. Оның бәрін айта берудің қажеті жоқ. Түсінікті тілмен айтсам, ер менеджер боксшылардың әкесі, ал әйел менеджер анасы. Ата-ана өз баласын қалай жақсы көрсе, менеджер де дәл солай болады», – дейді Анна Рева.

Промоутер мен менеджердің қызметі түсінікті болса, кәсіпқой бокста танымал промоутер-менеджерлермен жұмыс істеп жатқан бірнеше қазақстандық боксшыларды айтып өтсек. Кәсіпқой бокс дегенде есімізге бірден Геннадий Головкин түсетіні анық. WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымы бойын­ша орта салмақтағы әлем чемпио­ны Геннадий Головкин бүгінде К2 промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. Промоутері – Том Леффлер болса, менеджері – Олег Герман. Жуырда ғана WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жанат Жақиянов әлемнің экс-чемпионы Рикки Хаттонның қоластында жаттығады. Кәсіпқой боксты бастағанына бір жылдан асқан қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (7-0, 3 КО) бүгінде әлемнің экс-чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің «Mаіne Event» промоутерлік тобында жатты­ғады. Промоутері – Кэтти Дува, менеджері – Эгис Климас. Тағы бір әлемнің экс-чемпионымен бір промоутерлікте жүр­ген қазақстандық боксшы – Батыр Жү­кем­баев. Ол бұрын Геннадий Головкиннің қарсыласы болған канадалық Давид Лемьемен бірге Камиль Стефанның про­моутерлігінде. Ал менеджері – Анна Рева.

Кәсіпқой бокста бүгінге дейін Қазақ­стан атынан шыққан боксшылардың арасында үздік титулға қол жеткізгендер санаулы ғана. Геннадий Головкинді айт­пағанда, бұрынырақта Василий Жиров IBF чемпионы атанды. Бірақ, кейін ол титулынан айырылып қалды. Бейбіт Шүме­нов те WBA титулын иеленген. (Алайда, оның Хопкинстен ұтылып қалғаны есімізде). Жуырда ғана Жанат Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алған еді. Жалпы, boxrec сайтына сүйенсек, Қазақстанда 182 спортшы кәсіпқой бокспен айналысыпты. Солардың ішінде есімдері баспасөзде аталып жүргендер – жоғарыдағы боксшылар.

Әли Битөре, "Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2017

​Бүркіт балапаны және оның сыны

30.04.2017

Алты Алаштан – Ассамблеяға

30.04.2017

СҚО-да төрт елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

30.04.2017

Мектептерде сабақтардың басталу уақыты бұрынғыша қалады - Исекешев

30.04.2017

Жексенбіде ел аймақтарында күн райы құбылмалы

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу