Қасірет қайталанбайды

Егемен Қазақстан
20.08.2016 144
эрлан б. 1Семей ядролық сынақ полигоны 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жабылды. Әлемдегі ең ірі төртінші полигон болып саналатын сынақ алаңын жабу арқылы Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі сыртқы саясатқа тың қадам басты. Өзінің тарихи Жарлығымен Елбасымыз соғыс қаруын тарат­пау және ядролық қарусыздану мәселесінде әлемдегі көш­басшы ретінде танылды. Мемлекет басшысының бұл идея­сы «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде халыққа нақты жеткізіл­ген. Ал біз осы тақырып аясында физика-математика ғылым­дары­ның докторы, Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан БАТЫРБЕКОВПЕН әңгімелескен едік. – 29 тамыз – Қазақстан тарихын­дағы айтулы күн. Бұл Семей ядро­лық сынақ полигоны ең алғаш жұ­мы­сын бастаған күн және соңғы рет жа­былған күн, – деп бастады әңгі­месін Эрлан Ғаділетұлы. – Алғашқы ядролық сынақтың 1949 жылғы 29 тамызда жасалғаны белгілі. 40 жыл ішінде 456 ядролық бомба жарылса, оның 116-сы ашық әуеде, 340-ы жер астында жасалды. Полигонды жапқаннан кейін қаншама қауіпті техника қалды. Сондықтан 1992 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҰЯО) құрылды. ҰЯО мамандары бейбіт атомды дамытуды, ал ядролық қару­ды таратпауды насихаттап келеді. 1993 жыл мен 2013 жыл аралығында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстардың көпшілігі Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штат­тарының арасындағы келісім-шарт аясында жүзеге асырылды. Келі­сім­шарт 1993 жылы бекітілген болатын. Соған орай жұмыстар үш бағытта жүргізілді: ядролық сынақ­тардың инфрақұрылымдарын жою, ядролық сынақтардың салдарын жою және ядролық қауіпті аймақтағы нысандарға рұхсатсыз баруға тыйым салу, бөгет қою. Осы­нау қарбалас әрі қиын жұмыс­­тар кейін келе өзі­нің оң нәтижелерін бере бастады. Бү­гін­де біз Семей ядро­лық сынақ по­ли­­гонын Кеңес Одағы әскери кешені­­нің инфра­құрылымдарынан толық тазарт­тық. Тіпті, 2000 жыл­дың өзін­де-ақ, ядролық бомбаларды жаруға арналған ұңғымалар мен саңы­лаулардың барлығы енді қай­тіп қолданысқа келмейтіндей етіп бекі­тілді. Тек бір ғана Дегелең аума­ғында, әртүрлі уақыттарда 209 рет ядролық қару сыналыпты. Осы тұста 181 ұңғыманың көзі жойылды. Ал Балапан аумағында 128 рет ядро­лық жарылыс болған, онда пай­да­ланылмаған 13 саңылау мен 12 жерасты құрылымы жабылды. Міне, осы шаруалар аяқталысы­мен, ендігі жұмыс ядролық қару­ды таратпау болды. Ядролық сы­нақ­тар­дың зардаптарын жоюда АҚШ, Ресей, Қазақстан ғалым­дары бірлесіп жұмыс істеді. Олар поли­гонның арнайы үш сынақ алаңын­да жеті ірі жобаны жүзеге асыр­ды. Нәтижесінде зардап шеккен аумақтың біраз көлемі тазартылды және ядролық қарулардың қалдықтарына кез келген кездейсоқ адамның қолы жетпейтіндей болып, шектеу қойылды. 2008 жылдан 2012 жылға дейін ядролық қалдықтардың 44 ны­саны­на, ядролық қарулардың қал­дық­­тарына тыйым салу ретінде үш деңгейлі қорғаныс жүйесін ор­нат­тық. Бұл – белгілерді алыстан қабыл­дай алатын, арнайы қорғаныс қабілеті бар технология. Қазірде Семей ядролық сынақ полигонының жерін зерттеуді жалғастырып жатыр­мыз. 2013 жылдан 2015 жыл­ға дейінгі аралықта ядролық қалдық­тар­мен өте қатты ластанған аудандар кездесті. Мәселен, «Опытное поле» аумағының 350 шаршы шақы­рым жері түбегейлі зерттелді. Бұл – ең ірі сынақтар өткен аумақ. Нақты айтқанда, 30 жерүсті және 86 әуедегі өте күшті ядролық бомба жарылыс­тары жасалған. Сон­дық­тан осы жерде ядролық радиация қал­дық­тары шектен тыс жоғары екен­дігін анықтадық. Жерді эколо­гия­лық жағынан тазартуға күш салынды. Ластанған топырақ беті түгелдей алынып, арнайы қоймаға ұзақ уақыт сақтауға жіберілді. – Ұлттық ядролық орталық шетел­­дік ғалымдармен тығыз бай­ланыста жұмыс істейтіндігін біле­­міз. Осыған орай, 25 жыл ішін­дегі қандай жетістіктеріңізді атап айтар едіңіз? – Атап айтарлығы, бүгінде Қазақ­­стан­ның Ұлттық ядролық орта­лығы бүкіл әлемге танымал. Орта­лық құрылғаннан бастап, ғылыми-тех­никалық база сақта­лып қана қоймай, аясы да кеңей­ді. Заманауи үлгідегі зертхана жа­б­дықталды. Атом энер­гети­касы сала­сынан шетелдік әріп­тес­теріміз­дің қатарында Жапония, Фран­ция, Бельгиямен бірге, ҰЯО-ның тәжірибе базасында ядролық реакторларды зерттеудеміз. Бұл реакторларды жөндеу, жетілдіру қажет­тігі Фукусима оқиғасынан кейін тіпті маңызды бола түсті. Бұл жобалар EAGLE, CORMIT, FUKUSHIMA, SAIGA және MYRRHA деп аталады. Ең алдымен жұмыс барысында жеңілсутекті және ұшқыр энер­гетикалық реакторлар сынақтан өткізілді. Бұл да болса, ауыр апат­тар­дың алдын алуға септігін тигізері анық. Сондай-ақ, осы 25 жыл ішінде Қазақстанда АЭС салу үшін техникалық-экономикалық зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіліп отыр­д­ы. Кешенді құрылымдары бар, реак­тордан тыс үдерістерді қа­рай­­тын LAVA және EAGLE жүйе­­сі іске қосылды. Бұл арқылы ауыр апаттардың алдын алуға бола­ды. Және қажетті жылу бөлетін энер­гия­лық күш-қуатқа ие жаңа заманауи реакторларды да жасауды қолға алып жатырмыз. «Байкал-1» кешенінде ионды сәулеленген қалдықтарды ұзақ уақытқа дейін сақтайтын рес­пуб­ликадағы бірден-бір қойма жасалды. Осының бәрі де бейбіт атомды насихаттау, хал­қы­­мы­зды қауіпті ра­диациялық қал­дық­­тардың зардабын тарттырмай, аман сақтау үшін атқарылып жат­қан шаруалар легі болып табылады. – Ұлттық ядролық орталық ЭКСПО-2017 көрмесіне тың дайын­дық жасап жатқанын біле­міз, ең басты экспонатты сіздер апарғалы отыр екенсіздер, «Бола­шақтың энергиясы» жобасына қандай үлес қоспақсыздар? – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, Ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсібінің қауіпсізді­гін және тиімділігін арттыру үшін ғылы­ми зерттеулерді дамытудамыз. Қазақ­стан­дық Токамак 2010 жылы алғаш рет тәжірибеден нақты өткізіл­ді. Токамак – жоғары температуралы плазманы жасауға және ұстап тұру­ға арналған тура қалпындағы тұйық магнитті қармауыш. Плазманы ұстап қалу үшін магнит өрісін қол­да­натын басқа қондырғыларға қара­ған­да, электр тоғын қолдану Тока­мак­тың басты ерекшелігі болып табылады. «Болашақтың энергиясы» тақырыбында осы Токамакты ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі­не орай іске қосамыз. Яғни, ол ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең басты экспонат болады. Радиоэкология саласындағы тың жаңалықтарымыз бұл ғана емес, мәселен, осы бағытта бұрынғы Семе­й ядролық сынақ полигонын­да радиа­­циялық жағдайды жақсар­ту үшін барлық шаралар қолға алын­­ған. Бүгінде полигон әскери қауіп­ті аймақтан ғылыми-зерттеу ор­т­а­­лығына айналды. Полигон жері­­нің 50 пайыздан астам аума­ғы зерт­телді, атап айтқанда, солтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және оңтүс­тік аумақтарында 2 млн.-нан астам даладағы өлшеу, тір­кеу жұмыс­тары және осының нәти­жесін­де 100 мыңнан астам зерт­хана­лық зерттеу­лер өткізілді. – Семей ядролық сынақ поли­гоны­ның жабылғанына 25 жыл толуын жан-жақты атап өтуге ҰЯО қандай тың үлес қоспақ? – 29 тамыз күні адамзаттың игі­лігі үшін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядро­лық сынақ полигондарының бірін жапты. Бұл, әрине, ең алдымен Қазақ­стан халқы мен оның Көш­бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең­бегі әрі ерлігі. Осы күн – ең алғаш рет бейбіт атомды дамытуға негіз салын­ған күн. 2015 жылдың 31 тамызы­нан 2016 жылдың 2 сәуіріне дейін Вашингтондағы Ядролық қауіпсіз­дік жөніндегі саммитке орай көрме ұйым­дастырдық. 2016 жылдың 18 мамырында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі тұрақты өкілдігінде өткен «Ядролық қауіпсіздік: АҚШ, Ресей және Қазақ­­стан арасындағы үш жақты ішкі байланыс» тақыры­бындағы форумға қатыстық. Үш том­дық кітап шығар­дық. Ол «Семей ядролық сынақ полигонын қауіп­сіз аймақ деңгейіне лайықтауға орай ғылыми-техникалық және инже­нер­лік тұрғыда кешенді атқарылған жұмыстар» деп аталады. Кітапқа бұл күндері шетелдік әріптестеріміз қатты қызығушылық танытып отыр, енді тиражын да сұранысқа орай ұлғайтпақпыз. Міне, Семей ядролық сынақ поли­гонының жабылғанына 25 жыл толу шарасына орай жасаған үлкен бір шаруамыз осы. Астанадағы халық­аралық конференцияға қатысып, оған көрме ұсынамыз. Шетелдік деле­га­­ция­ны Курчатовта қарсы алып, соңынд­а «Семей сынақ полиго­ны. Радиа­ция­лық мұралар және даму бағы­ты» тақырыбында VII халық­­ара­­лық ғылы­ми-тәжірибелік кон­фе­рен­­ция өткізбекпіз. Оған алыс және жақын шетелдерден ғалымдар қатыса­ды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» мани­фесін қалай бағалар едіңіз? – Нұрсұлтан Әбішұлының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – Жер шары­ның қауіпсіздігі үшін жасап отырған маңызды қадамдарының бірі. Оған қазақстандықтар ғана емес, дүние жүзіндегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты мақсат еткен барлық мемлекеттер, мемлекет басшылары қолдау көрсетіп жатыр. Манифест Біріккен Ұлттар Ұйымының екі негізгі құрылымы – Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Бұл шешімді ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мун қабылдады. Қазақстандық құжатқа ұйым штаб-пәтерінің Хатшылығындағы жүйесінде арнайы тіркеу нөмірі берілді. Әлемдік қоғамдастықтың бұл құжатқа баса назар аударуына Қазақстанның ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың жетекшісіне айналуы бірден-бір себеп болып отыр. Өйткені, қазіргі таңда әлемді ядролық қауіп-қатерден сақтау ең басты мәселеге айналған. Мен ғалым ретінде атом соғыс қаруына айналмауы керек, біз халық игілігі үшін бейбіт атомды дамытуымыз керек деп есептеймін. Себебі, бәріміз де әлемде тек бейбітшілік болғанын қалай­мыз. Ал Ұлттық ядролық орта­лық­тың ұраны: «Ұлттық қасіреттен – ұлттық мақтанышқа дейін» деп аталады, сондықтан да осыған сай жұмыс істеуді алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. – Әңгімеңізге рахмет.  Әңгімелескен Раушан НҰҒМАНБЕКОВА  Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы Суреттерді түсірген автор НЯЦ 22
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу