Кавказ мәдениетіне арналды

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың мекеніне айналған еліміз өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, олар­ды бауырына басуға қашан да дайын. Кеше Астана қала­сында ЭКСПО-2017 маман­дандырылған көрмесін мерекелеу шеңбері барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйым­дастыруымен «Этнос күні» өтті.
Егемен Қазақстан
03.07.2017 1554
2

«Этнос күні» жыл сайын ұйымдас­тырылып отырады. Мәдени шара Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін паш етуге, сондай-ақ, осында тұрып жатқан түрлі ұлттардың салт-дәстүрін насихаттауға арналды. Бұл шара биыл елорда төріндегі орталық саябақта өтті. 

Фестиваль кезекті рет кавказ мәде­ниетіне арналды. Алғашқысы осы жылдың 13-15 сәуір аралығында өткен болатын. Кавказ халқының лезгинка биі бүгінде бірқатар елдерде аса танымал екені жасырын емес. Шара барысында ұлттық биі жиналған қауымды еріксіз елітіп ала жөнелді.
Салтанатты жиында кавказ мәде­ниетінен бөлек, Еуропа, славян, шығыс халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрі кеңінен таныстырылды. 

Сонымен қатар, Германия мәдениет­аралық байланыс орталығының директоры Константин Шамбер туған елі туралы ой бөлісті.

– Қазақстан – менің туған елім. Бала күнімде тарихи отаным Германияға көшіп кеткеніммен қазақ жерінің орны мен үшін әрдайым жоғары. Мұнда жиі келіп тұрамын. Әр келгенімде қазақ елінің күн санап дамып бара жатқанының куәсі боламын. Осы бағытта жалғастырар болса, Ұлы Дала елінің дамыған мемлекеттер қатарына қосыларына сенімдімін. Осыған дейін түрлі елдерге барып көрдім. Бірақ дәл Қазақстан секілді өзге ұлт өкілдеріне мейіріммен қарағанын байқамадым. Бүгінгі кавказ мәдениетін бір жыл ішінде екінші рет өткізіліп отырғаны соның бір дәлелі болса керек, – деді Константин Шамбер.

Салтанатты жиында «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігінің, «Ван» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени орта­лығының өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын думанға бөледі.

Аян Әбдуәли,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу