Қайраткердің өмірдерегі

Егемен Қазақстан
18.01.2017 640
Б АшимовҚазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің құнды құжаттары келіп түсті. Жеке тұлғалардың, соның ішінде жауапты қызметтерді атқара оты­рып, Қазақстанның қа­лыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қос­қан азаматтардың өмір­баян­ынсыз мемлекет тари­хы толықпайды. Сон­дық­тан Президент А­р­хив­інде қорлардың бел­гілі мемлекет және қо­ғам қайраткерлерінің құ­жат­та­рымен толығуына ерекше мән беріледі. Қазіргі уа­қытта Архивте 85 жеке тектік қор бар. Жеке қорлар кеңестік дәуірдегі және қазіргі заманғы саяси элита өкілдерінің қызметі мен өмір тарихын және олардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсететін теңдессіз жинақ көздері болып табылады. Жақында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің (1917-2010 ж.ж.) жеке қорымен толықты. Ар­хив­ке қор құжаттарын оның ұлы Оңдасын Бәйкенұлы Әшімов тапсырды. Бәйкен Әшімұлы Әшімов (1917-2010 жж.) – Ақмола облысында туған  көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, 1970 жылдан 1984 жыл­ға дейін  Қазақ КСР Министрлер ке­ңесінің төрағасы қызметін ат­қар­ды. Бәйкен Әшімұлының келесі та­ғай­ындаулары депутаттық қыз­мет­пен бай­ланыс­ты: Қазақ КСР Жоғарғы Ке­ңесі Президиумының төрағасы (1984-1985 жж.), КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары (1984-1985жж.) болып қызмет етті. Бәйкен Әшімұлының Ұлы Отан соғысына қатысқан жылдарын атап өткеніміз жөн болар.Ол 1942-1945 жылдары 370-ші атқыштар дивизиясында, 76-шы Қызыл туын атқыштар дивизиясында әскер қата­рын­да әскери борышын өте­ді. Сандаған сұра­пыл шай­қас­тар­ды басы­нан өткерді. Архивке тап­сы­рыл­­ған құжаттардың ара­­сында Ұлы Отан со­­ғысы кезінде Ке­ңес Одағы Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қол­­басшысы И.­Ста­лин­­­­нің атынан бе­ріл­­ген алғыс хаттар, Ковель қаласын және Варшава маңындағы Прага бекінісін азат етудегі үздік жауын­герлік қимылдары үшін жауынгерлік наградаға берілген марапаттау кітапшасы құнды болып табылады. Қабылданған құжаттардың ау­қымды бөлігінде Б.Әшімовтің қыз­меттік өмірін бейнелейтін құ­жаттар топ­тамасы жиналған, олар­дың ішінде баяндамалар, сөй­леген сөз­дерінің, мақала­ла­ры­ның қол­жаз­басы, еңбек қызметі, 1977 жылы Социалистік Еңбек ері құрметті атағын беру туралы, құттықтау хаттар және бас­қа­лары бар. Қазақстан Республикасы Прези­ден­ті Архивінің Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері ту­ралы өмірбаяндық зерттеулер­ге арналған дереккөздер базасы жылдан-жылға аса құнды құжат­тармен толықтырылып келеді. сон­да жинақталған мәліметтер зерт­теушілерге мемлекет тарихымен қатар, мемлекет және қоғам қай­раткері Бәйкен Әшімұлы Әшімов сияқ­ты белгілі тұлғалардың өмір жолда­рымен танысуға мүмкіндік береді. Шәмсия ТӨЛЕУОВА, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы АЛМАТЫ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Моңғолия баспасөзінде жарияланды

10.12.2018

Мал бағасының қымбаттауы кімге тиімді?

10.12.2018

Ұлы даланың мұрагері болу – үлкен жауапкершілік

10.12.2018

Бағы кем бессайыс

10.12.2018

«Сергек» сенімді серікке айналса

10.12.2018

Франция: Даудың басы неден басталды?

10.12.2018

Мүмкіндігі шектеулілердің мүмкіндігін кеңейткен

10.12.2018

Ел Елордасымен еңселі

09.12.2018

Алпамыс Шәрімов: Қайырымдылық жасау үшін бай болу қажет емес

09.12.2018

Павлодар облысында 1 мыңнан астам кәсіпорын 1,6 трлн. теңгенің өнімін шығарған

09.12.2018

Қостанай облыстық қазақ драма театры Шәмші туралы спектакль қойды

09.12.2018

Павлодарда «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалына қатысты қылмыстық іс тергелуде

09.12.2018

Маңғыстау полициясының басшысы халық алдында есеп берді

09.12.2018

Ұлытау ауданында спорт нысандары салынады

09.12.2018

Үздік шаруашылыққа жаңа трактор тарту етілді

09.12.2018

Aktobe Invest-2018 форумында 300 млрд теңгеге меморандумдарға қол қойылды

08.12.2018

Семейдегі колледж ұжымы бойжеткенге пәтер алып берді

08.12.2018

Тарбағатай ауданының әкімі семейлік жастармен кездесті

08.12.2018

ШҚО Алтай ауданында Татуласу орталығы ашылды

08.12.2018

Күй жетті Алтай-Қобда – арғы беттен...

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ejelden metal ılegen el

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń jýyrda jaryq kórgen «Uly dalanyń jeti qyry» atty maqalasy búginde 30-dan astam ult pen ulystan turatyn, jalpy sany 200 mıllıonǵa jýyqtaıtyn, ońtústik-batysta Jerorta teńizi jaǵalaýynan bastap, soltústik-shyǵysta Soltústik Muzdy muhıtqa deıingi Eýrazıa qurlyǵynyń apaıtós alyp dalasynda 6 táýelsiz memleket, onyń ishinde Reseı Federasıasynda 20-dan astam túrki tildes halyqtardyń túrli sýbektilerimen, keı jerde avtonomıalyq, keı jerde esh sýbektisi bolmasa da iri oblys quramynda ómir súrip jatqan túrki halyqtarynyń ortaq kóne tarıhyn qamtıtynymen erekshe deýge bolady. Iаǵnı osynaý baıtaq keńistikte bul halyqtar bir kezderi bir memleket quramynda ómir súrip, álemdik órkenıetke ózderiniń laıyqty úlesin qosty.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу