Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер қандай болмақ (салыстырмалы кесте)

«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстанда билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелері бойынша Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер жөніндегі заң жобасы жарияланды. Біз салыстыру және түсінікті болуы үшін Конституцияға жасалуы тиісөзгерістерді және ол баптардың қазіргі нұсқасын қатар беріп отырмыз. Қалып қаріптермен өзгертуге ұсынылған, ал курсивпен алынып тасталады деген тұстар жазылды.
Егемен Қазақстан
27.01.2017 1005

Қолданыстағы нұсқа

Жобадағы нұсқа


АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ

26-баптың 1 және 2-тармақтары

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
  2.  Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
  1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады
  2. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.


ПРЕЗИДЕНТ

44-бапта 3) тармақша

3)Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады; 

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракция­ларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Рес­публика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсыну­мен Үкіметтің құрылымын айқын­дайды, Президент дербес тағайын­дайтын және босататын сырт­қы істер және қорғаныс министр­лерін қоспағанда, Үкімет мүше­лерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

8) және 9) тармақшалар алып тасталсын:

8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді; 
9) Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; 


44-бапқа толықтыру

10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;

10-1) адамның және азамат­тың құқықтары мен бостандықтарын қор­ғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіз­дігін, егемендігі мен тұтастығын қамтама­сыз ету мүддесінде, күшіне енген заң­ды немесе өзге де құқық­тық актіні Республика Конституциясы­на сәйкес­тігіне қарау, Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағында көзделген жағ­дай­да қорытынды беру туралы Конститу­ция­лық Кеңеске үндеулерді жолдайды.

18) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды; 

18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;

45-баптың 2-тармағы алып тас­талсын:

2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар жарлықтарын шығарады.



ПАРЛАМЕНТ

53-баптың 3) тармақшасы алып тас­талсын.

3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; 


57-баптың 6) тармақшасы

6)Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады

6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заң­дарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дау­сымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүше­сін қызметінен босатады.

61-баптың 2-тармағы

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады. 

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басым­дығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары Парламенттің ағымдағы сессиясы ішінде бірінші кезектегі тәртіппен қабылдануы тиіс екенін бiлдiредi.


ҮКІМЕТ

64-баптың 2-тармағы

2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. 

2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

65-баптың 2-тармағы

2. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. 

2. Премьер-Министр тағайын­далғаннан кейiнгi он күн мерзiмде Республиканың Премьер-Министрі Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныстар енгiзедi.

66-бапта 1) және 8) тармақшалар

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;  
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

1)мемлекеттiң әлеуметтiк-эко­номикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгi­нiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақ­шамен толықтырылсын:

«9-1) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызмет­керлері үшін еңбекақы төлеуді қаржы­ландырудың бірыңғай жүйесін Республика Президентiнің келісімімен бекітеді;

67-баптың 4) тармақшасы

4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады; 

4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары және оның аса маңызды барлық шешiмдерi туралы Президентке және Парламент Мәжілісіне баяндайды;».

70-баптың 1-тармағы

1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. 
Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. 

1. Үкімет жаңадан сайланған Респуб­лика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.

72-баптың 2-тармағы

2. Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерінКонституцияның 78-бабында белгіленген реттерде қарайды.

2. Конституциялық Кеңес Конс­ти­туцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда Республика Пре­зидентінің, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтініштерін қарайды.


СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ

79-баптың 3-тармағы

3. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. 

3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.

81-бап

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. 

Қазақстан Республикасының Жоғар­ғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергі­лік­ті және басқа да соттардың соттылы­ғына жататын өзге де істер бойын­ша жоғары сот органы болып табыла­ды, заңда көзделген жағдайларда оның соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы­ның мәселелерi бойынша түсiнiктемелер береді.

83-баптың 1-тармағы

1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуынанықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады

1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген шектерде және нысандарда заң­ды­лықтың сақталуын жүзеге асырады, сотта мем­лекеттің мүдделерiн бiлдiре­дi және мемлекет атынан қылмыстық қуда­лауды жүзеге асырады.


ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ

86-баптың 5-тармағы

5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

5. Республика Президенті Премьер-Ми­нистрмен және Парламент Пала­таларының Төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихат­тың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағ­дайда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқ­татылады.

87-баптың 4-тармағы

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. 

4. Облыстардың, республика­лық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тиісінше облыстардың, респуб­ликалық ма­ңы­зы бар қалалардың және астана­ның мәслихаттарының келісімі­мен Республика Президенті қыз­мет­ке тағай­ындайды. Өзге әкімші­лік-аумақтық бөлі­ністердің әкімдері қызметке заңда айқын­далған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға хақылы.»


ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

91-бапта 2-тармақ

2. Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды. 

2. Конституцияда белгiленген мем­лекеттiң тәуелсіздігін, Респуб­лика­ның бiр­тұ­тастығы мен аумақтық тұтастығын, бас­қару нысанын өзгертуге болмайды.

мынадай мазмұндағы 3-тар­мақпен толықтырылсын:

3. Республика Президентінің өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күші бар Жарлықтары Республика заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшін жою үшін көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі, толықтырылуы немесе күшін жоюы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика Парламентінің бекітуіне жатпайды. 

3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толық­тыру­лар, олардың осы баптың 2-тар­мағы­нда белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болғанда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдады

23.08.2017

ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің мүшелері Ерте хабардар ету жүйесімен танысты

23.08.2017

Астананың сауда нысандарында азық-түлік сапасы халықтың көзінше тексеріледі

23.08.2017

Астанада Индустриаландыру картасы аясында 3 мың адам жұмысқа орналасты

23.08.2017

Солтүстік Қазақстанда электонды жобалардың тұсаукесері өтті

23.08.2017

«Қар жауса да сөнер ме?»

23.08.2017

Ақтауда өрттен құтқарушылар спорты спартакиадасы басталды

23.08.2017

Тарбағатайдың Ақсуат ауылында 2 мың орындық стадион ашылды

23.08.2017

Тау басындағы қоңыр құлжа

23.08.2017

Студенттер сайысынан күтеріміз көп

23.08.2017

Өмірге құштар өрнектер

23.08.2017

Сойымыз бір, сөзіміз бір, өзіміз бір

23.08.2017

Тағы да Абайдың туған күні жайында

23.08.2017

Керемет мекен – кенді өлке

23.08.2017

Қазақ тілінің қадірін білейік

23.08.2017

Ұстаздар неге ұстамсыз?

23.08.2017

Ғаламның қасиетін зерделеген еңбек

23.08.2017

Халықаралық белсенділіктің белестері

23.08.2017

Медведьтің ізбасарларын баптаған қазақ

23.08.2017

The Jerusalem Post: «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ тілінің қадірін білейік

Қазақтың бастау бұлақтай тұ­нық тіліне кім тамсанбаған дейсіз. Әуез­ділігін әнге теңеген. «Француз тілі Еуро­паға қалай әсер етсе, қазақ тілі түркі мәде­ниетіне дәл солай әсер еткен», депті В.Радлов.

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Халықаралық белсенділіктің белестері

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ай­мақ­тағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда халықаралық сах­надағы белсенділігімен айрықша көз­­ге түсті. Қазақстан халықаралық ын­­ты­мақтастық саласында бұрын­ғы ке­ңестік елдер арасында ең бел­сенді, жа­ңашыл мемлекет ретінде та­нылды. Әлбетте, бастапқыда еш­кім дәл осындай белсенділікті Қа­зақ­­станнан күтпегені анық.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Журналистика – мәртебелі мамандық

Кейінгі кездері журналистика тө­ңі­регінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз кө­бейіп кетті. Аяқ астынан Аме­рика ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Пікірлер(0)

Пікір қосу