Қазақстан-Өзбекстан: Екі ел қатынастарындағы жаңа кезең

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі күндерінде елімізге көршілес Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ресми сапармен келеді деп күтілуде. Осы сапардың уақыты мен таңдалған бағыты Ташкенттің жаңа сыртқы саяси бағытын көрсетіп, Орталық Азияның ынтымағы тұрғысынан айрықша аса маңызды қадам болмақ.
Егемен Қазақстан
18.03.2017 915

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес аталған сапардан кейін Қазақстан елордасына Орталық Азия елдерінің кейбір мемлекет басшылары да сапармен келеді. Астанаға жоспарланған сапарлар аймақ елдерінің «трансұлттық сипаты бар мәселелер алдындағы бірлігін» анықтауы мүмкін.

Өзбекстанмен ынтымақ­тас­тыққа үлкен мән беретін Елбасы Н.Назарбаев пен Қазақстанмен байланыстарды күшейтуге ниет танытқан бауырлас елдің жаңа басшысы Ш.Мирзиёев арасында өтетін кездесу екіжақты саяси-экономикалық қатынастарды нығайтып, стратегиялық ықпал­дас­тықтың мүмкіндіктерін арттырады деп күтілуде. Мемлекет басшыларының кездесуі барысында алдағы 4-5 жылға арналған ортақ екіжақты жоспарлар турасында келісіліп, экономиканың маңызды салаларын қамтитын құжаттарға қол қойылып, жоға­ры деңгейдегі пікір алмасулар ке­зін­де Орталық Азияның ын­ты­­­мақ­­тастық мәселелері мен са­­л­­а­ла­­лары қамтылады деген ойдамыз.

Өзбекстан басшысының Ас­­та­наға сапары турасында сарап­­­шылар арасында әртүрлі пі­кір­­лер айтылды. Бірінші көз­қа­рас бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа қа­рым-қатынастар форматының қа­лып­тасып, Орталық Азияның түйіні шешілмей келген ортақ мәсе­ле­леріне мән беріле бастауы – дер кезінде жасалған құптарлық қадам. Екінші көзқарас аталған бет­бұ­рыстың маңызын әсірелеп, Таш­кент – Астана одағы туралы әң­гіме қозғау әлі ерте бол­ған­­дық­тан, екіжақты ықпалдас­тық­­тың мазмұнын толықтыру қа­­жет дегенге саяды. Үшінші көз­­­қарас бойынша, бұған дейін жа­­­бық жағдайда дамып келген Өз­­бек­станның бұдан былай либералдану реформаларын жүр­гізуі нә­ти­жесінде ашық эконо­ми­каға кө­шіп, көршілес на­рық­тарға ықпал ету мүмкіндігі жоға­ры­лайды.

Біздіңше, жоғарыда кел­ті­ріл­ген үш көзқарасты еске­ріп, екіжақты және ай­мақ­тық ықпалдастықтың тұжы­рым­дамалық және бағдарламалық негіздерін ойластыру Қазақ­стан­ның стратегиялық мүдделері тұрғысынан аса қажет. Өйткені, еліміз Орталық Азия аймағы үшін жабық өмір сүре алмайды. Сондықтан, Қазақстан мен Өз­бек­стан қолда бар ортақ мүм­кіндіктерді пайдаланып, Орта­лық Азия интеграциясының ұзақ мерзімді жоспарын қазірден бас­тап жетілдіруі қажет.

Қазіргі таңда аймақ елдері маңызды мемлекеттік және қоғам­дық даму кезеңінде тұр. Ай­мақта мемлекет пен қоғамның арақатынасына негізделген түбе­гейлі саяси бетбұрыстың негізі қаланып, ұқсас экономикалық міндеттер күн тәртібіне қойылу­да. Өзбекстанда өткен жылы билік ауысып, жаңа президент сай­ланғалы бері ел билігі ре­фор­­ма­ларға мән беріп, саяси-эко­но­микалық жүйе белгі­лі дең­гейде либералдана бастады. Қазақстанда билік өкі­леттіктеріне байланысты конс­титуциялық реформалар жасалды. Түрікменстанда пре­зи­денттік сайлау өткізіліп, саяси тұрақтылық сақталды. Демо­кратиялық тәжірибелерге бой ұсынған Қырғызстанда саяси науқан енді қыза түсуде.

Әсіресе, Өзбекстан мен Қаза­қ­­стан қарым-қатынас­та­рында болуы ықтимал өзге­ріс­тер Орталық Азияның даму келешегі мен бағытына әсер етеді деп ойлаймыз. Қос мем­лекет – әлемдегі және аймақ­тағы жағдайлар бо­йынша, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер турасында сындарлы пікір қалыптастырған, өз даму тәжірибесінен сабақ алған, бір-бірін әртүрлі қырынан таны­ған, ұлттық мақсаттарына қарай бағыт-бағдарын айқында­ған салмақты елдер. Қазақстан мен Өзбекстан қазіргі жағдайда аймақтағы жағдай үшін тарихи және саяси жауапкершілігін сезіне бастады.

Осы тұрғыдан алғанда, екі ел қол жеткізген халықаралық, экономикалық және мемлекеттік жетістіктерін екіжақты және ай­мақтық ынтымақтастықты дамыту мүддесіне пайдалана алады.

Өзбекстан сияқты Орталық Азияның барлық елдерімен шекаралас және аймақтың ортасында орналасқан ірі мемлекеттің өзіндік орнын Қазақстан тиімді пайдалана алады. Өзбекстан – демографиялық және сау­да-экономикалық әлеуеті, мем­ле­кеттілік және мәдени дәс­түр­лерінің сабақтастығы тұр­ғы­сынан мүмкіндіктері зор, Ауған­станмен тарихи байланыс­тары терең және әлемдегі әртүрлі орта­лықтармен өзіндік сипаттағы тепе-теңдікті сақтап келген мемлекет. Сондықтан болар, Елбасы Н.Назарбаев кезінде Орталық Азия елдерінің одағын құру туралы бастама көтерген еді. Белгілі субъективті кедергілерге байланысты жүзеге асырылмай қалған аталған идея қазір де өзектілігін жоғалта қойған жоқ. Өзбекстанның кейінгі даму тұжырымдамаларында ұлттық-мемлекеттік құрылыс стратегиясынан біртұтас аймақ құру идеясына өту XXI ғасырда­ғы ең басты міндеттердің бірі ретінде белгіленгені рас. Ш.Мир­зиёев билікке келгелі бері Қыр­ғыз­станмен, Тәжікстанмен және Түрікменстанмен де байланыс­тарын жаңа деңгейге шығаруға деген ниет танытып, қажетті шаралар қабылданды.
Өзбекстан Президенті 6-7 наурыз күндері Түрікменстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарында Гурбангулы Берды­мұхамедовпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамы­тудың жоспары туралы ке­лі­сті, сонымен қатар, екі ел ха­лық­аралық алаңда бірле­сіп жұмыс істейтін болды. Кез­десу­де аймақ үшін өте өзекті Арал, Кас­пий, трансшекаралық су ре­сурс­­тарын пайдалану мәсе­ле­лері жөнінде де пікір алмасылды.

Өзбекстан – Каспий теңізіне тікелей шыға алмайтын және Қытаймен шекараласпай­тын мемлекет. Сондықтан, гео­графиялық тұрғыдан жабық Өзбек­стан өз көршілерінің, әсі­ресе, Ресей, Қытай мен Батыс­қа шығу мүмкіндіктері бар Қазақ­станның тасымал және транзиттік әлеуетін пайдалану мәселесіне мән беріп отыр. Өзбекстан тарапы Қазақстанның ірі халықаралық көлікті жобаларын орындау саласын­дағы жан-жақты мүмкіндіктерін жоғары бағалайтынын білдірді. Қазақстан – Ташкент үшін жа­қын әрі тиімді нарық болумен қатар, қаржы-инвестициялық әлеуеті, сыртқы нарықтармен тікелей байланысы анағұрлым дамыған мемлекет.

Екіжақты қарым-қатынас­ты дамытудың инфрақұрылым­дық негізі ретінде стратегия­лық мәнге ие көлік, тасымал және логистика салаларын дамыту көзделіп отыр. Соңғы айларда Қазақстан мен Өзбекстанның тиісті министрліктері, ұлттық темір жол компаниялары арасында тығыз жұмыс жасалды. Ташкент өз тауарларын Еуропа нарықтарына Каспий теңізі арқылы шығару жөнінде Ашғабадпен қатар, Астанамен де келіссөздер жүргізіп отыр.

Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанның ауыл шаруа­шылығы өнімдерін, Өзбекстан аумағына қазақстандық бидай мен ұн өнімдерін тасымалдау бойынша екіжақты жеңілдіктер мен шегерімдер жасау туралы келісілді. Өзбек тарапы Алма­тымен көліктік байланыстарды дамытуға айрықша көңіл бөліп, Ташкент пен Астана арасында аптасына бірнеше мәрте жедел пойыз қатынайтын болды. Сондай-ақ, ірі қалалар арасында автобус және әуе қатынасын кеңейту жоспарлануда. Жылдар бойы жартылай жабық болып келген мем­лекетаралық шекаралардан өту тәртібі жеңілдетіліп, Мақ­тааралдан Самарқанға қаты­найтын жолдар ашылды. Демар­кация жұмыстары аяқ­талып, шекаралық аймақ­тардың байланыстары күшейетін болды.

Осылайша Қазақстан-Өзбек­стан қатынастары жүйелі си­пат ала бастады деуге негіз бар. Екі ел арасында алдағы он­да­ған жылды қамтитын ынты­мақ­­­тастықтың жол картасы әзір­­­ленуде. Көптеген сала бо­йын­­ша жаңа бағыттар мен мүм­­­кін­діктер ашылып, екі­жақ­­ты тауар­лар номенклатура­сы кеңею­­де. Ташкент пен Оңтүс­тік Қазақ­­стан арасындағы аймақ­ара­лық байланыстарды дамыту мә­се­лесі күн тәртібіне шығып отыр. Мысалы, бірлескен эко­но­­ми­калық аймақтар құру, ай­мақ­­тық ынтымақтастық форумда­рын өткізу сияқты жобалар талқылануда.

Астанада өтетін жоғары дең­гейдегі келіссөздер барысында осы жоспарлармен қатар, аймақ­тық қауіпсіздік туралы пікір алмасылып, бірқатар салаларда келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде. Бірінше кезекте, сауда-экономикалық, көлік-байла­ныс салаларына артықшылық беріледі.

Өзбекстан тарапы Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне мүшелігіне байланыс­ты туындаған жаңа мүм­кін­дік­терді пайдаланып, Орта­лық Азияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатер­лермен бірлесіп қарсы тұр­уға дайын екенін білдірді. Таш­кент Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне мүшелігін Орта­лық Азияның мәселе­лерін (Арал, Ауғанстан, терроризм) ілгері­лету алаңы ретін­де пайдала­ну жөніндегі баста­масын қолдайды.

Осы ретте, аймақтың бес мем­лекетінің ортақ форумын құру туралы Астананың ұсынысы үлкен маңызға ие. Аталған бес мемле­кеттің ынтымақтастығы Орта­лық Азияның тұрақты дамуының кепілі бола алады.

Қорытындысында қандай да ірі жобалардан қаймықпай, білек сыбана кірісетін бастамашыл қазақ азаматтары мен қолынан барлық іс келетін, еңбекқор өзбек халқы ын­ты­мақтасса, алынбайтын қамал, біт­пейтін іс қалмайды дегіміз келеді.

Жанат Момынқұлов,
саясаттанушы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

16.02.2018

Қызылорда облысы: Жаңақорған ауданында 5 агроиндустриялық аймақ құрылады

16.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Түркиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

16.02.2018

Қостанай облысында латын әліпбиі оқытылады

16.02.2018

Астанада жаңа автовокзал ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу