Қазақтың Кәмшаты

Бірде өз заманында атақ-даңқы жер жарған, әйел механизаторлар арасында еңбек бәсекесінде өзгеден қара үзіп, оқ бойы озық жүрген Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған Кәмшат Байғазықызымен республикалық телеарнада өткізілген сыр сұхбатты көрді.
Егемен Қазақстан
14.03.2017 3057

Кәмшат апайдың еңбек жолына жастайынан қанық еді. Қостанай облысының Боровский ауданындағы «Харьковский» кеңшарында механизатор болып еңбек еткен Кәмшат Дөненбаеваның есімі Қазақстанды былай қойғанда одаққа мәлім болған заманында.

Өнегелі өмір жолын қыз бұрымындай етіп өрген әдемі де әсерлі әңгіменің бір тұсында хабарды жүргізіп отырған журналист жігіт тосын сауал қойған:

– Апай, кешегі кеңес заманында еткен еңбегіңізге орай сый-құрметке бөлендіңіз. Абыройыңыз асқақтады, мәртебеңіз биіктеді. Жалпақ жұрт шын көңілімен ықылас танытып, құрмет-қошеметіне бөледі. Арманыңыз да жоқ шығар. Бірақ, мынау жарық дүниеде армансыз адам болмайды ғой, сіздің көкірегіңізде шіркін-ай дейтін бір арман бар ма?

Осы бір сәтте терең ойдың құшағына шомылған Кәмшат апай еш ойланбастан «бар» деген. Жауабын жылдам бергеніне қарағанда бәлкім, сол бір арман көкіректе сарытап сағыныштың түйіні болып жылдар бойы жүрді ме екен кім білсін. Әлде мына қызылды-жасылды дүниенің өзіндік ләззаты мен көзін қуантып, көңілін арбайтын дүние-мүлік болды ма екен. Бәлкім, кейінгі кезде бой түзеп жатқан, сәні мен салтанаты бірінен-бірі асқан екі-үш қабатты зәулім сарай ма?

Жоқ, бүкіл ғұмырын маңдайдан терін сорғалатып жүріп танап басында өткерген апаның әзіз жүрегін әлдилеген сағынышты арман, қол жеткізбейтін биігі басқа екен. «Мен қайтадан баяғыда өзім тізгіндеген темір тұлпарға тағы бір отырсам ба деймін». Осы сөзді естігенде сазгер Құмарбектің тұла бойы тілмен айтып жеткізгісіз, өзгеше өңді сезімге тұнып кеткен. Құдай-ау, танап басындағы шаң-тозаңға малынған, бейнеті белден келетін, зілмауыр салмағы әйел түгіл аптал азаматтың қабырғасын қайыстырып жіберетін жұмысқа да құмартады екен-ау. Әуел баста бұл журналист сауалынан кейін өзінше ой топшылап үлгерген. Ал, апайдың жауабы басқаша болып шықты. Сонда ғана шын ниетімен еңбек еткен, кейін сол еңбектен қол үзген соң баяғы бейнетке толы еңбекті аңсайтын адам болатындығына қатты таңырқаған. Осы бір сәт көңіл пернесін жарқын ойлармен жарқыратып жіберді.

Ән туды. Көз алдына ұшы-қиыры жоқ шалқар дала елестеді. Ән де сол шалқар даланың шетсіз-шексіз жалпақ жонына жайылып бара жатқандай, самал жел қалай ессе, ән де солай еседі.

Ән нобайы жан дүниесін шымырлатып, көкірегін кернеген сансыз әуен біртұтас болып құйылып шыққан соң, өзі ат қойып, айдар таққан «Қазақтың Кәмшаты» әніне сөз іздеген. Алдымен ертеректе шығармашылық байланыста жүрген бес-алты ақынға қолқа салған. Арада қаншама уақыт өтті. Бірінің қолы тимеді, бірі әуенді тыңдап көргенімен, қолынан келмейтінін айтып ақталды. Осылайша толғанумен өткен талай түндердің шымылдығы сыпырылды. Әйтеуір, «Қазақтың Кәмшатын» Қойшыбек Кәрбаев жазып шықты. Қойшыбектің мамандығы поэзиядан біршама алыс. Ол ішкі істер саласының қызметкері. Әдетте, сала қызметкерлерінің қызмет ерекшелігіне сай рухани әлемнен сәл-пәл алыс жатыр деп ойлауы да мүмкін ғой елдің. Бірақ, ән сөзі де ойлаған жерден шықты. Дүниеде сөзі мен әні таразының басын тең басқан шығарма дүниеге келген сәттегі қуаныштан артық не бар екен шіркін. Қойшыбектің қаламынан туған өлең бас-аяғы жұп-жұмыр, сәуле шашқан дүние екен. Әсіресе, қайырмасы.

Қырда тың игеріп,

Жұлдызды күйге еніп,

Сол бір кездер ғажап күн!

Ару асыл затты,

Нәзік Кәмшат атты,

Бір қызы бар қазақтың.

Бұл әнді қазір Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әншісі Рашида Ғалымова орындап жүр.

Әннің тууына, жазылуына облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева да көп көмектескен екен. Ол да ақыл-кеңесін айтқан. Қолдауын да көп көрсетті. Дәл осы тақырыпта облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Қаратай Төлекеев те әнге сөз жазған. Бұл әннің тақырыбы «Кәмшат апа» деп аталады. Ізгілік иірімдеріне толы, адал еңбекті айшықтайтын, еңбек адамының мәртебесін тасытатын сырбаз ән дүниеге келді.

Егіз иірімді, бір мақсатты көздейтін, бір тақырыпты қаузайтын қос әннің шығу тарихынан сызбақтап, сыр айта келе, алдымен, қандай құрмет көрсетсек те артықтығы болмайтын Алаштың ардақты қызы Кәмшат апамыздың соңғы кезде көп айтыла бермейтін есімін тағы бір ел есіне салып, композитор Құмарбек Қалқатаевтың жаңа табысы жайында қуана хабарлағымыз келді ән сүйетін, өнерді ұлықтайтын жамағатқа.

 Байқал БАЙӘДІЛОВ

КӨКШЕТАУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды

10.12.2018

Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады

10.12.2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

10.12.2018

Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады

10.12.2018

Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды

10.12.2018

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

10.12.2018

Халықаралық Олимпиада комитеті Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға медальдары қайтарады

10.12.2018

Павлодарда «Лайықты еңбек – мемлекеттің тұрақтылық негізі» форумы өтті

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу