Кеше ЭКСПО-2017 алаңында қандай шаралар өтті?

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қытай Халық Республикасының павильонында Хэнань провинциясының күндері салтанатты жағдайда ашылды. 
Егемен Қазақстан
09.08.2017 646

Хэнань провинциясының күндері

Шара барысында Қытайдың Халықаралық сауданы дамыту­ға жәрдемдесу комитеті төра­ға­сы­­ның орынбасары Чэнь Чжоу, Хэнань провинциясының вице-губернаторы Шу Цин, Қытай Ха­лық Республикасының Қазақ­стан Республикасындағы елшілі­гінің уақытша сенімді уәкілі Лю Цзяньпин және Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кәсіп­керлері мен әкімдіктерінің өкіл­дері бас қосты. Олар сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы түрлі жобаларды талқылады. Іскерлік жүз­де­суге 200-ден аса қытайлық жә­не 150 қазақстандық кәсіпкер қа­тысты.
Соңғы қырық жыл ішінде бірқатар реформаларды жүзеге асыруға байланысты Хэнань Қытайдағы өнеркәсіптің жаңа са­­лалары мен экономика орталы­ғы­на айналды.

Қоршаған ортаны қорғау тәсілдерімен бөліседі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Италия павильонының өкілдері Базиликата өңірімен таныстырды. Мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан қалада жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалған. Италияның дәл осы аймағы Еуропаның барлық елдері арасында ең көп мұнай өндіретіндігімен танымал. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мақсатында мұнай өндіру кезінде зиянды қалдықтарды барынша аз бөлуге ұмтылады. Осы бағыттағы ғылыми жаңалықтарға ден қойып, соны технологияны пайдаланады.

Италияның Экология саласын­дағы ғылыми кеңесі Әдіс­нама және талдау инс­титутының өкілі және зерт­теу­шісі Симона Луп­перте көр­ме­де энергетикалық салада қол­данылатын әдістер таныс­тырылатынын жеткізді. «Біз экология, экологиялық әсер ету және энергетикалық ресурстар саласындағы мәселелермен айна­лысамыз. Өз жұмысымды он жыл бұрын бастаған едім. Қазір электр энергиясын өндірудің қоршаған ортаға әсерімен байланысты экологиялық мәселелер саласын­да ғылыми жұмыс жүр­гі­зу үстін­демін. ЭКСПО-2017 көр­ме­сінде мен энергетикалық ресурс­тарды пайдалану ке­зін­де эколо­гия саласында қол­да­нылатын әдіс­термен та­ныс­тырмақпын», деді ол. 
Базиликатада табиғи қазба­лар­­мен қатар, жаңғырмалы энергия көздері де пайдаланылады. Әсі­ресе, күн энергиясы мен жел элек­тр стансаларына ерекше мән берілген. 
«Аджип Карачаганак» ком­паниясының басқарушы директоры Джерардо Травалио Ба­зиликата мұнаймен ғана емес, әдемі табиғатымен және сәу­ле­тімен белгілі екенін алға тарт­ты. «Бұл өңір басқа аймақтар­мен бірге бағдарламасын жасап, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы ұсынысты қабылдады. «Болашақтың энергиясы» тақы­ры­бы біздің өңіріміздің бағыт-бағдарына толық жауап береді. Базиликата жел энергиясы мен күн қуаты өндірісіне көп күш са­лады», деген Д.Травалио ЭКСПО-2017 көрмесі туралы пікі­рі мен алған әсерін де жасыр­мады. 
«Миландағы ЭКСПО-2015 көр­месінде де Қазақстанның па­вильоны ең жақсы п­а­ви­льондардың бірі болған еді. Мұнда келіп, оған тағы да көз жеткіздім. Базиликата өңірі жаңғырмалы энергия көздері саласындағы өз жобаларын таныс-
тыра алатынына өте қуанышты», деді ол. 
Италия павильонындағы Базиликата апталығы 12 тамызға дейін жалғасады. 

Күніне – 44 мың 80 адам

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне өткен аптада 308 мың 560 адам барған. Демек, күніне 44 мың 80 келуші бас қаладағы басты нысанды тамашалап, алуан түрлі жобаларға тәнті болған. 

Ресми статистикаға сүйен­сек, 10 маусым мен 6 тамыз аралығында тың жобалар ұсынылған шараны тама­шалағандар саны 2 миллион 102 мың 692 адамға жетіпті. Келушілердің дені бас сұғатын көрме кешендері арасында «Нұр әлем» сферасы көш бастап тұр. Диаметрі – 80, биіктігі 100 метрді құрайтын қазақстандық павильонда электр энергиясы тақырыбы жан-жақты қамтылған. Меймандарды коммерциялық және тақырыптық нысандар ерекше қызықтырады екен. 
Павильондарға келсек, Афри­ка плазасына ағылған елдің қа­ра­сы қалың. Өзіндік өнері мен төл мәдениетіне сай халықтық билері мен дәстүрі дүйім жұртты таңдай қақ­тырып отыр. Келушілер жағы­нан үздік деп танылған павильондар тізіміндегі ондықта Мысыр, Үндістан, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Таиланд, Жа­пония және Өзбекстан мен Сауд Арабиясы бар.

Доминикан достық қарым-қатынасқа мүдделі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Доминикан Республикасының ұлттық күні өтті. Кариб аралдарында орна­лас­қан шағын ғана мемлекет экспортқа қант, кофе және басқа да тауарлар шығарумен айналысады. Қазақстанмен бұл елдің ара­сын­дағы ынтымақтастық енді ғана даму­да, әріптестікті ілгерілетуге екі жақ та мүд­де­лі. Доминиканның «жасыл» энергетика сала­сын­дағы әлеуетін айтсақ, онда жылына 800 МВт қуат өндіретін жаңғырмалы энергия көздері бар. Оның 600-і гидроэлектр стансаларына тиесілі, 135-і – жел турбиналары. Қалғаны – биомасса мен күннен қуат жинайтын стансалар. Олар алдағы уақытта тағы 400 МВт қуат өндіретін баламалы энергия көздерін құруды жоспарлап отыр. Ол үшін 800 млн АҚШ доллары қажет екен. 
Доминикан Республикасы біздің елімізді Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарастырады. Мемлекеттің Үндістандағы елшісі Ханс Данненберг ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы мереке барысында екі елдің қазіргі қарым-қатынасы жөнінде әңгімеледі. «Біздің елімізге қыдырып, демалуға келетін қазақстандықтардың саны жыл сайын артуда. Екі ел азаматтарының қолайлылығы үшін біз «Эйр Астана» компаниясымен келісімшартқа қол қойдық. Доминикан халқы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып жатқанына өте қуанышты және бірінші кезекте Латын Америкасының Кариб өңірінде Қазақстанның стратегиялық әріптесі болуға ниеттіміз», деді Ханс Данненберг.
Доминикан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі Антонио Иса Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдірді. «Жаңғырмалы энергия көздері теңсіздік проблемасын шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта біз шалғайдағы елді мекендерде микрогидравлика құрылысы стратегиясын әзірлеу үстіндеміз. Бұл көптеген адамдардың өміріне өзгерістер енгізеді», деді Антонио Иса Конде.
Қазақстан тарапынан сөз сөйлеген Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мұндай ауқымдағы көрме бір мемлекеттің күшімен ғана емес, барлық халықаралық қоғамдастықтың ортақ жұмысының арқасында өтіп жатқанын айтты. «Жаңғырмалы энергия көздері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан-Доминикан қарым-қатынастарының одан әрі нығаюы аса маңызды. Доминикан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің Қазақстанға сапары екі елдің ынтымақтастығында маңызды рөл атқарады», деді ол.
 

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ,

суреттерді түсірген Орынбай Балмұрат,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

18.02.2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

16.02.2018

Қызылорда облысы: Жаңақорған ауданында 5 агроиндустриялық аймақ құрылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу