Кеше ЭКСПО-2017 алаңында қандай шаралар өтті?

Назарларыңызға 9 тамызда ЭКСПО алаңында өткен жаңалықтардың топтмасын ұсынамыз
Егемен Қазақстан
10.08.2017 473

ЭКСПО-ны көріп, көңілім марқайды

Елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі еліміз үшін мәр­те­бе, мақтаныш. Күллі әлем көз тіккен, еліміздегі он сегіз миллио­н ха­­лықтың ортақ тойына айналған шараны Қазақстанның түк­пір-түкпірінен келіп тамашалаушылар қатары күн санап арту­да. Олардың ішінде еңкейген кәрісі де, ес білген баласы да бар. Барлығы да ел астанасындағы әйгілі жиынды кеуделерін кер­неген қуанышпен әңгімелейді. Көрмеге қатысқан күндерін өмірлеріндегі айрықша сәт ретінде еске алады. Күні кеше Қостанай облысына қарасты Жітіқара ауданының тұрғыны Мырзабай ЖАҚСЫЛЫҚОВ атамыз айтулы шараны көзімен көріп, көңілі марқайып қайтты туған жеріне. Сексеннің сеңгіріне шықса да ширақ қарияны әңгімеге тартып, аз-кем тілдескен едік.

– Көмейіңізден ағы­тыл­ған әңгімелеріңіз шежі­ре­­ге бергісіз екен. Алды­мен оқыр­­мандарымызды топы­ра­ғы­­­­ңызбен таныстырып, өзіңіз жайы­нда тіл қата кетсеңіз.

– 37-нің қырғынында Қос­та­най өңірінің Қондыбай ауылын­да ту­дым. Өмірім кеңшардың есеп-қиса­бын шоттаумен өтті ғой. Аллаға тәубе дейік, егемендік алып, есімізді жидық емес пе. Өз еліңе, өз жеріңе бір шыбық қадасаң да пайда. Бұл – халқыңа тигізген пайдаң. Мен де зейнеткер екенмін деп қол қусырып отырғанды құп көрмедім. Өл­ке­тану, тарих, этнография та­қы­рыптарын саралап, зерделеп жүр­геніме жиырма жыл болыпты. 

– Еңбегіңіз нәтижесіз емес шығар деп ойлаймыз...

– Иә, «Қолы қимылдағанның аузы жыбырлайды» деген. Тыр­баңдап жүрген соң бір тір­лік бітеді ғой, әйтеуір. Қазақ­стан­ның сегіз облысын, іргедегі Ресей­­дің екі облысын аралап, соңғы ханымыз Кенесары Қа­сым­­­ұлының жолымен жүріп өт­ке­нім бар. Ізденістерім із-түз­сіз емес, кешегі күндерге, ұлт ше­жі­ресіне арналған бірнеше ең­бе­гім жарық көрді. Екі кітабым Ел­басы назарына ілігіп, Алғыс хатын жолдады. Еліміздегі тарих ғылымдарының докторлары, өлкетанушы профессорлар ой-тұжырымдарын білдіріп, жоғары бағалады. 
Жақында ғана Астана қала­сында ЭКСПО көрмесі аясында Қостанай облысының күндері өткенінен хабардар боларсыздар. Осы шарада кітаптарым көпшілік назарына таныстырылғанын да айта кетейін.

– Сол ЭКСПО көрмесін өз кө­зі­ңізбен көрдіңіз. Көңілге түй­геніңіз, көпке айтарыңыз бар шығар?

– Әрине, қарағым! Ең алдымен, замандасым, елдің ағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Осындай көрме өткізіп, оған жер бетінің жарты­сынан астам мемлекетін ұй­ыс­тырып, Қазақ деген халықты әлем­ге паш еткізді. Біздің ұлттың бұ­рын-соңды шықпаған шыңы, бармаған белесі ғой бұл. Ендеше неге мақтанбасқа? Жа­һан­ның алдында мәртебеміз асқақ­та­ды, мерейіміз үстем болды. Ен­ді біз қолдауымыз керек. Қол­паш­та­ғанымыз абзал. 

Қарт көңіл көп жылдардың куәсі емес пе? Міне, ЭКСПО сияқты ерен істі де көз көріп, кө­ңіл марқайды. «Жақсыны көр­­м­екке» деген. Облыс, аудан басшылығындағы балаларыма да рахметім көп. Өңірден жө­ң­кіл­г­ен топтың құрамына қосып, Астананың топырағын басуды нәсіп етті. 
Ал алған әсерімді айтайын, ғи­ма­раттардың келбеті керемет! Біздің елімізде көрсетілген әр елдің жетістіктері ертең игі­лік­ке жарайтынын сеземін. Өйт­кені, мен соқаның заманын көр­дім, комбайнның кезеңінен өт­тім. Ақылды технологияның да шет жағасын байқадық. Ал көр­медегі ғажайыптарға қа­лай сенбейсің? Алла алдынан жа­рыл­қасын дейік! Ұлттық на­қыштарды «Этноауылдан» аңғар­дым. Тазының – сырттаны, тұл­пар­дың – тарпаңы, құстың сұң­қары сонда. Киіз үйлер, салт-дәстүрлер ұмтылмапты қа­лада да. Бұдан ұрпағымыз өз мә­де­ни­етін, құндылығын жо­ғал­т­пай, өр­кен­деу үстінде екен деген ойды түй­дім және көңілім соны медет тұ­тып жайланғанын несіне жасы­райын.

Қарт кеудеде тілек те көп, еге­мен елімнің басынан бере­ке­­сі, бейбіт заманы таймасын! Ха­лықтың ішін Қыдыр ке­зіп, қуа­ныш, шаттық жайласын. Тәңірі биіктегі азаматтардың аман­дығын бергей, олардың со­ңы­нан ұлтын сүйетін, жұртын қас­тер­лейтін перзенттер ергей! Әр қазақтың айы оңынан туып, жо­лы оңғарылсын!

– Игі тілегіңізге рахмет.

Әңгімелескен
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»


Шетелдік еріктілер де бар

ЭКСПО-2017 көр­ме­сі бүгінде бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отыр. Ал жаһандық ша­ра кезінде қыз­мет көрсетіп жүр­ген еріктілердің ара­сында шетел­дік­тердің де бар еке­нін біреу білсе, біреу білмес.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына көмек көрсетіп жүргендердің бірі – Сидней Исайя. Жаһандық көрме үшін арнайы Испаниядан келген. Бұл жігіттің бір ерекшелігі, халықаралық маңызды шаралардың көбіне қатысқан екен. Осыған дейін 2015 жылы Миланда өткен ЭКСПО-ға, сондай-ақ өткен жылы Риода, 2014 жылы Сочиде өткен олим­пиадаларға ерікті ре­тінде қатысыпты. 

Өзінің айтуынша, ха­лық­аралық көрме Ас­танада өтетінін есті­ген бойда волонтер ретінде қатысуға өтініш біл­діріпті. Ғаламтор бет­те­рін ақтарғанда қазақ халқының қонақжай екенін білгеннен кейін қызығушылығы тіптен арта түскен. Дегенмен, Қазақстанға келу оған оңайға соқпапты. Бұл мақсатына жету үшін түрлі форумдар мен әлеуметтік жобаларға қатысып, дайындықтан өткен. Тіпті, ЭКС­ПО-­­2017
көрмесін қол­дау мақса­тында шаралар да ұйым­да­с­тырыпты. 

– Италияда өткен көр­ме­де әр елдің павильоны қан­дай деңгейде болғаны есімде. Олар­дың арасында Қазақ­стан­дікі қаттырақ ұнады. Шы­нымды айтайын, оған дейін Орталық Азияда орналасқан Қазақстан туралы өте аз білетін едім. Бірақ осы шарадан кейін Қазақстан тура­лы көбірек мәлімет алып, осы жаққа келу­ге ын­ты­­зарым артты. Ұлы Да­ла елі маған ерек­ше ұна­ды. Әр ұлтты бөл­мей, туғанындай қа­рай­ты­нына қайран қал­дым. Мұндағы жұрт өте мей­ірімді. Ал ЭКСПО аса жоғары деңгейде өтіп жатыр, – деді Сидней Исайя.

Айта кетейік, ЭКСПО аумағында 40 елден келген 150 шетелдік ерікті қыз­мет көрсетіп жүр. Олар­­дың арасында Әзер­бай­жан, Франция, Ита­лия, Уганда секілді алыс-жа­қын елдер өкілдері де бар.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»


Kөрмеге Зайсаннан 3 мың адам барады

Қазақ елі тәуелсіздігін жариялағаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Қамшының сабындай уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өтуінің ұйытқысы бола білді. 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХБК-нің 152-ші сессиясында жасырын дауыс беру барысында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтеді деп белгіленді. Қалай дегенде де, ЭКСПО-2017 сияқты халық­ара­лық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеу­етін дүние жүзіне паш етуге берілген тама­ша мүмкіндік деуге болады. Өйткені, ел­дерді дос­тастыру, ауызбірлікке шақыру, инфра­құ­рылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жо­ғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақ­танышы. 

– Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжановпен біраз уақыт бұрын телефон арқылы хабарласқан едік. Ол былай деді:

 – ЭКСПО-ға біздің ауданнан үш мың адам барып, қазақ елінің ширек ғасыр ішінде қол жеткен табыстарын тамашалайды. Олардың Астанаға жетуі үшін автобустар бөлінді. Бір адамның барып-қайтуы небәрі бес мың теңге. Жақында ғана аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаеваның басшылық жасауымен, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шаймардан Оралбаев, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қазбек Биқадамов, журналистер Ардақ Бөлдекбаева, Марат Салбанов, Зайсан «Жастар мүгедектер қоғамы»қоғамдық бірлестігі, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерімен барып, қазақ өнері мен мәдениетінің жаршысындай болған ЭКСПО-2017 көрмесінің әсем ғимараттарын, әрбір елдің «Болашақ энергиясы» тақырыбына арнап салған павильондарын тамашалап келген соң өз әсерлерін жеткізді.  Бұған қоса, Астана қаласының ерекше әсем көрінісін өз көздерімен көріп, тамашалап қайтты. Ол ол ма, ауданның бір мыңға жуық мектеп оқушысы, ардагерлер мен зейнеткерлер де белгіленген кесте бойынша ЭКСПО-ны тамашалады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтегілер, аудан әкімдігінің барлық қызметкерлері де Астанаға аттанып, көрмені тамашаламақ, – дейді Зайсан ауданының әкімі Т.Қасымжанов. 

ЭКСПО-2017 – мемлекетіміздің мығым­ды­ғын, еліміздің еңселілігін, ойымыздың те­рең­дігін, халқымыздың қонақжайлылығын, ай­на­лып келгенде ұлттың ұлылығын көр­се­тетін тұс. Сондықтан да біздің тәуелсіз жас мем­лекетіміз үшін халықаралық көрмені өт­кі­зудің маңызы өте зор. Зайсандықтар мұны те­рең түсінуде.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист

Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы

Суретте: зайсандықтар ЭКСПО көрмесінде

Суретті түсірген 
Марат САЛБАНОВ


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Станимир Стойлов: «Селтик» екінші таймда бізден мұндай ойынды күтпеді

23.08.2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

22.08.2017

Көне жәдігерлер көмбесі

22.08.2017

Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады

22.08.2017

Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады

22.08.2017

Еліміздегі  «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды

22.08.2017

Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?

22.08.2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

22.08.2017

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

22.08.2017

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

22.08.2017

Астанада апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуда

22.08.2017

ОҚО әкімі өңірлік делегациямен бірге ЭКСПО көрмесін аралады

22.08.2017

Елордада тастанды балалар азайды

22.08.2017

Универсиада-2017: Дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола медальға ие болды

22.08.2017

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алдағы жоспарымен бөлісті

22.08.2017

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

22.08.2017

Оңтүстіктен солтүстікке биыл 113 отбасы қоныс аударды

22.08.2017

Тауар экспорттау оңайлай түспек

22.08.2017

Ғылымның сан тарау сүрлеуі

22.08.2017

Астанада Мәскеу күндері басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Журналистика – мәртебелі мамандық

Кейінгі кездері журналистика тө­ңі­регінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз кө­бейіп кетті. Аяқ астынан Аме­рика ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу