"Хат қоржын" (10.04.2017)

Оқырман...
Егемен Қазақстан
10.04.2017 3635

...батасын береді

Азаматқа алғысымыз шексіз

Ғибадат Арынов Май аудандық мәслихатының депутаты ретінде «Ең маңыздысы – халық сенімі» атты қағидатты ұстанатын абыройлы азамат. Саламатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын ұдайы жүргізу, ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының түгелдей толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына атсалысу оның басты мақсат-міндеттеріне айналған.

Халық қалаулысы өмірдегі жинақтаған тәжірибесі мен күш-жігерін аянбай жұмсай отырып, үнемі жастарды төзімділікке, инабаттылыққа, ар-ұят, мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырып, жақсы істерге жұмылдырудан жалықпайды.

Қазақта «Жақсыны мақтасаң сақтанады, жаманды мақтасаң шаттанады» деген мақал бар. Біз мақтаған емес, біреудің істеген ісіне, еңбегіне жоғары баға беруді көздеп отырған ауыл тұрғындарымыз. Ауылымыз Қаратеректен осындай абыройлы, білімді, тәжірибелі азамат шыққандығына ризашылығымызды білдіре отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақ осындай азаматтардан тәлім-тәрбие алып, еліне қалаулы, ардақты азаматтарға айналса екен дейміз.

Ғизат ШАЙМАРДАНОВ,

Бақытжан ШАЙМАРДАНОВА,

зейнеткерлер

Павлодар облысы,

Май ауданы,

Қаратерек ауылы


...өкініш білдіреді

«Комсомолмен» қоштасқысы келмейді

Оңтүстiк Қазақстан облысындағы әр тасы аңызға толы Қазығұрт тауының атымен аталған ауданда аты өшпейтiн «Комсомол» бар. Ол – осындағы Қызылқия ауылдық округiндегi балаларға жалпы бiлiм беретiн мектеп. Осы уақытқа дейiн «Комсомол» деп аталатын мектептiң атын жергiлiктi билiк неге қазақшаламағанын түсiнбеймiн. Бүкiл қазақ жұрты осы сияқты кеңестен қалған атауларға қырғидай тиіп жатқанда қызылқиялықтар қып-қызыл коммунистiк атаудан бас тартар емес. Соған қарағанда, жергiлiктi ономастикалық комиссияның бiр жасырғаны бар-ау... Бiр қызығы, «Комсомол» деген атаудың жанына «Айнатас» деп бiреуден қорыққандай, жақшаның iшiне жазып қойыпты. Сол атауды жақшадан шығарып, «Комсомолдың» орнына жазса не болады екен?

Өзiңiз ойлаңызшы, мектептен тарайтын қаншама құжатқа «Комсомол» деген мөр басылып, жан-жаққа кетiп жатыр. Басқасы былай тұрсын, «Комсомолға» қош келдiңiздер!» дегенi тiптен ұят қой.

Өскен ПIСТЕБЕК

Оңтүстiк Қазақстан облысы,

Мақтаарал ауданы


...әсерімен бөліседі

«Тар кезең» тағылымы

Оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында облыс бойынша «Жұлдызды шығармалар» атты оқу акция­сын ұйымдастыру қолға алынды. Биылғы оқу акциясына жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармалары арқау болып отыр.

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған «Қара сөздің хас шебері» тақыры­бындағы жазушының «Тар кезең» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы аталмыш акция аясында ұйымдастырылған алғашқы шара болды. Оқырмандар конференциясына шығармасы арқау болып отырған Қажығали Мұханбетқалиұлының көркем дүниелерін оқырман жылы қабылдады. Өйткені, ол көркем тілді прозасымен, ақиқаттың ауылынан алыстамай тарихи шындықты бүркемелемей бере білген шығармаларымен оқырманды бірден баурап әкетті.

Гүлжан ЕСКЕНДІР,

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық

ғылыми әмбебап кітапхананың әдіскері

Атырау


...қауіп етеді

Өзіне өзі қол жұмсау – үлкен күнә

Соңғы уақытта еліміздің әр қиырында өзіне-өзі қол жұмсау көріністері кездесіп қалып жүр. Шариғат бойынша бұл – үлкен күнә. Себебі жан мен тән бізге Алланың берген аманаты. Мұның екеуін де Құдай тағала жаратқан. Демек біз өзімізді қол жұмсап өлтірсек, Аллаға қарсы шыққанымыз. Алла өзі берген жанды өзі ғана алады. Бұл туралы қасиетті Құранда: «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер» деген жолдар бар. Менің ойымша, суицидтің ең басты себебі – иманның әлсіздігінен. Әр қазақ өзін мұсылман санайды. Дегенмен, өкінішке қарай, Ислам дінінің құндылықтарын жете біле бермейді.

Егер адам баласы оны жақсы түсінетін болса, қандай қиын жағдайға кездессе де өзін өлтірмес еді. Түкке тұрмайтын нәрсе үшін өзін құрбан ету деген не масқара? Олар бір сәттік эмоцияның жетегімен өзіне қол жұмсау арқылы «өмірім тынышталады, жаным жай табады» деп ойлайтын шығар. Бұл мүлдем қате түсінік. Осы арқылы жастар өздерін өздері тозаққа итермелегенін білмейді.

Көптеген ата-ана балаларын бақылаусыз қалдырады. Күнделікті күйбең тірлікпен зыр жүгіріп жүріп ұл-қыздарынан алыстап кеткендерін біле бермейді. Кешкілік үйіне келгенде де оған көңіл бөліп, әңгімелесіп жарытпайды. Шаршағанын сылтау етеді. Немесе керекті заттарын алып берумен ғана шектеледі. Сондықтан, ұрпағымызға рухани тәрбие мен рухани азық беру жағына көбірек көңіл бөлсек екен дегім келеді.

Нұрлыбек КҮЗЕНБАЕВ,

«Нұрғасыр» облыстық мешітінің найб имамы,

дінтанушы

АҚТӨБЕ


...ой қосады

Қаржы пирамидасы қалтаңды қағады

Адам ағзасының қалыпты жұмыс жасауы үшін дұрыс тамақтану мен спортпен айналысудың маңызы зор. Алайда қазіргі таңда жастардың басым көпшілігі салмақ тастаймыз деп протеин мен түрлі қоспалары бар ұнтақты қабылдайтыны белгілі. Осындай препараттардың адам денсаулығына тигізер әсері қандай? Пайдасынан зияны көп заттарға тәуелді болып қалып жатқан жоқпыз ба?

Астанада осындай препараттарды сататын орталықтар жетерлік. Солардың санатындағы бір компания өз өнімдерін Қазақстанға әкелгеніне аса көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен жастардың басым көпшілігі осы өнімді жарнамалап, өздері табыс тауып жүр. Біздің зерделеуімізше, бұл қаржылық пирамиданың бірі десек қателеспейміз. Артық салмақтан арылтып, арық адамдарды толтыратын да қоспаға халықтың сұранысы жоғары екенін байқадық. Интернет арқылы тапсырыс беретіндер де жетерлік. Иә, бағасы да, сапасы да жоғары тауарға деген сұраныс бар. Дегенмен, осындай ұнтақтарға тәуелді болып қалмасақ екен. Артық қылам деп тыртық қылдым дегеннің кебін киіп жүрмейік. Қазақстанға бірнеше жыл бұрын келген Гербалайф өніміне халықтың 10 пайызының тәуелді болып қалғаны да белгілі.

Осындай препараттарды тұтынғанша, табиғи таза өнімдерді пайдаланып, дұрыс тамақтанып, саламатты өмір салтын сақтағанға не жетсін!

Айман МҰҚЫШЕВА

АСТАНА


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

18.08.2017

Парламент депутаты Мақтарал ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады

18.08.2017

Астанада бір жарым ай ішінде 2,5 мың адам жұмыспен қамтылды

18.08.2017

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

18.08.2017

Барселонадағы теракт: анықталған жайттар

18.08.2017

Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды

18.08.2017

Қазақстанның киелі орындар тізіміне Жайық (Теке) қаласы енді (фото)

18.08.2017

Владимир Никитенко: Черногориямен өтер ойында футболшылардан жанкештілік талап етеміз

18.08.2017

Оңтүстік Қазақстанда үздік әлеуметтік жоба анықталды

18.08.2017

Синоптиктер демалыс күндерінің ауа райына болжам жасады

18.08.2017

Сайлауалды үгіт жұмыстарын интернет арқылы жүргізу реттелмек

18.08.2017

ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

18.08.2017

Сыр өңіріндегі Сортөбе бекінісінен қобыз пішіндес тас табылды

18.08.2017

Қарлығаш балапанын ұшырған күн

18.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Барселонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

18.08.2017

Boyce Thompson институты: Алманың отаны − Алатау

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу