Киікті ысқырып атқан, жауын оятып қылыштасқан...

«Ұлттық код» деп жатырмыз. Сол кодыңыз – бабаларымыздың баяғыдан келе жатқан сөзінде жатыр. «Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз» деп Ахмет атамыз айтқандай ол сөздер істеген ісінен қорытылып шыққан түйіндер. Ендеше, оны бабалар болмысы, сипаты деп айтамыз.
Егемен Қазақстан
20.06.2017 4110
2

Кейде бағзыдан жеткен бірлі жарым сөздің өзінен аталарымыздың қай істе қандай ұстанымда болғанын, негізгі болмыс, танымын аңғара беруге болады. 

Мысалы, «ысқырып атқан киіктің обалы жоқ» дейді. Қадірін білген адамға осы сөз ұлы қазына. Бұл бізге бабаларымыздың биік парасатын көрсетіп тұрған бір белгі. Алла адам үшін жаратқан соң киік несібе болады. Қажеттіліктен аулайды. Ғажап, сөйте тұра «ысқырып ат» дейді. Киікке де берілген бір мүмкіндік. Қапы кетпеуі тиіс. Өйтсе "обал болады" дейді ұлы далалық заң. Мұны екінші жағынан кімге, не істесең де ескертіп істе деген сыңайдағы мәтел ретінде пайдаланамыз әрине.

Иә, аталарымыз әдетте түлкіге бүркіт салады, анда-санда болмаса түлкіні мылтықпен ату қалыптаспаған. Былайша оның өзі түлкі мен бүркітшінің арасындағы тартыс секілді. Бүркітінің бабын келтіре алмаса, бүркітін оңтайлы жерден жібере алмаса, иә құсының шамасы жетпесе түлкі құтылып кетеді. Ол – түлкінің мүмкіндігі. Тіпті бүркітке ілдірмей інге кіріп кеткен түлкіні құтылдыға санап ініне түтін салдырмай кері қайтқан қарт құсбегілер болғанын да ескі көздерден естігеніміз бар еді. Әйтпесе, іннің аузына от жағып түтін салса түлкі атып шығады, томағасы алынып дайын отырған бүркіт іннен шыға қашқан түлкіні басып қалады. Міне, осы әдісті қолданбай «Жә, мұзбалақ! Інге дейін іле алмаған өзімізден көрейік» деп бүркітімен «кеңесіп» кері қайтқан атам Мұса жарықтықтың әңгімесін баласы Мәден ақсақал үнемі айтып отыратын. «Мен жастаумын, қызығып түтін салғым келеді. Сонда әкем, «оған мұнда жетіп үлгерудің өзі оңайға соққан жоқ. Жүр, тағы басқасы кездесер» деп аттың басын басқа жаққа бұратын» дейді.

Сөзіміздің бояуын қанықтыра түсу үшін Қанат Бейсекеев есімді режиссері жігіттің «Алдаберген аға» атты қысқа метражды филімі туралы айта кеткенді жөн санадық. Филімь тазы мен бүргітті қатар ұстап отырған Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Ашшы саға ауылының тұрғыны Алдаберген құсбегі жайлы. Ендеше, бүркітші Алдаберген айтқан мына бір сөздерді қаз-қалпында келтірейік. «Аңшылықта түлкіні мылтықпен, басқамен алғаннан гөрі бүркітпен алған қызық қой, аңның терісі бүлінбейді бір, онан кейін мәдениет. Анау аңға да қорлық көрсетпейсің, сондай мәдениетті түрде аулайсың...». Міне, бүркітшінің ауызынан бұл сөздер тегіннен тегін шығып отырған жоқ. Ол ата-бабамыздың аң аулаудағы әділеттілігі, биік мәдениетінің түйсік арқылы жеткен жұқанасы деп білдік.

Сол түйсік, сол даналық, сол әділеттілік қайда қазір?!!

Техниканың дүлей күшімен не бір түз тағыларын қорлау, оны мақтанып әлеуметтік желіге шығару надандықтың надандығы. Әсіресе, не бір үйдей джиптермен қасқырды белден мыжып қаңқылдатып жатқан қазақтарды көргенде төбе шашың тік тұрады. «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар». Иесіне арқаланған ит секілді, көлігіне (техникасына) арқаланып қорлық жасағандарды Құдай да тегін қоймас. Хаюан да Алланың мүлкі. Қорласын деп жаратқан жоқ, әр қайсысын біздің әр қажеттілігімізге жаратты. Енді біздің адамшылығымыз оны өзі әдебі, өз тәртібімен пайдалану болса керек еді...

Сәкен Алдашбай деген журналист ағам әңгіме айтып отыр: «Бүгін Шиеліде бір алып тұлғалы ақсақалдың үйінде болдым. Немерелеріне ұрысып отырған ол, «қатынбасшалар, сендер еркек емес, қатынсыңдар», деді жекіп. Жиіркеніп отыр екен. Ақсақалдан не болғанын сұрағанымда ол екі немересіне сұқ саусағын шошайтып: «Мына қатыннан да төмендер бір жігітке үшеуі жабылыпты. Ол, ол ма, құлап түскен оны аямай тепкілепті, қатындар», деді. Үнсіз қалдым…».

«Жауың да ер болсын», дейді қазақ. Тегінде бұл ұлттың ірі болмысын көрсететін үлкен сөз. Біз ұлы дала төсінде қаншама ғасыр Жоңғармен қырқыстық, жеңдік дейміз. Тарихи шындық өз алдына бөлек әңгіме, сонда соғыс жағдайында олардың өзара түсінісетін шарттары, жазылмаған заңдары болғаны туралы да айтылады. Ұйықтап жатқан жерінен баспалап барып өлтіру, ары қарап тұрғанда қапы кетіру дегендей әрекеттер пасықтыққа жатқызылып, еш құпталмаған. Алдымен оятып алып жекпе-жекке шақырған. Бұл қазіргі мәдениетті саналатын адамдардың үш ұйықтаса түсіне кірмейтін, түйсініп жетпес биік шың. Бұл киіз туырлықты, көшпелі халықтың ғажайып ерекшеліктері еді. Жауың да соны түсінсе ғой дейді сол ұлы өркениеттің өкілдері. Жоғарыдағы мәтел соны ишаралайды. Жауың да жазылмаған заңдылықтарды сақтай білсе шіркін!  Абай хакімнің: «Достыққа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол!» дейтіні де сол ғой...

Қысқасы, бабаларымыз адам түгілі, аңға да әділеттілік жасаған. Адам мен адам, табиғатпен адам арасында заңдылықтар осылай сақталған еді. Обал, сауапты біліп, жауына да әділетті болған аталар танымынан алыстап кеткеніміз өкінішті-ақ.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

12.12.2018

Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

12.12.2018

Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

12.12.2018

Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді

12.12.2018

«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды

12.12.2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

12.12.2018

Түркістанды танытатын туындылар

12.12.2018

Шығай хан

12.12.2018

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу