Көл-көсір әйел бақытының иесі

Осынау тақырыпқа көзі түскен адам бұл кім болды екен, сондай ба­қыт­қа қалай жетті екен деген ойға қалары сөзсіз. Бақытты әркім өзінше топ­­шылайды, өзінше түсінеді.

Егемен Қазақстан
29.03.2017 354

Айталық теріс не оң жүрсе де үнемі жо­лы бол­ғыш адам өзін бақыттымын деп сезінеді. Енді біреу аста-төк бай­лық­ты бақыт санайды. Немесе тамағы тоқ, көйлегі көк қоңырқай өмір сүрсе де барына ризашылықпен қарап, өзін бақытты сезінеді.

Осынау ойға зер салсақ, мына түсініктердің бәрінің де екінші арғы жағы бар. Мәселен, «аса байлық не керек, ден сау болса болмай ма» деп санаған атам қазақ аса байлықты бір жуғанда кетіп қалар қолдың кірі деп есептесе, жолы болғыш адам адал ниетпен жүрмесе, бір күн болмаса, бір күні тұсалатыны сөзсіз. Ал барға қанағат тұтып, жайымен еңбегінің жемісін жеп, ешкімнің ала жібін аттамай тыныш өмір сүрген адам, сол қанағатының рахымын көре алады деп ойлаймын.

Осы ойымызға өмір жолы мен тын­дырған істері толық дәлел бола ал­а­тындай жан­дар арамызда аз емес. Солардың бірі ретінде есімі Атырау мен Маңғыстау облысына ғана емес, өзі жүріп өткен, еңбек еткен қалалар мен өңірлерге кеңінен танымал мұнай өн­­діру ісінің майталманы Нәсіпқали Марабаевтың өмірлік жары Ләйлә Оқанқызы Марабаева дер едім.

Соғыстан кейінгі қайта қалпына кел­­ті­ру кезеңінде (50-жылдарда) ел-жұ­рт ен­ді-енді ес жия бас­та­ған шақта Семей қаласында тех­никумды үз­дік бітіріп, Мәскеудегі тех­нологиялық инс­ти­тутқа жолдама ал­ған талдырмаш де­нелі жас қыз Ләйлә Оқан­қызының алдын­да тоқ­сан толғау, толған арман тұрды.

Жас та болса саналы қыз ең алдымен елі­ме де, өзіме де пайдалы мамандықтың иесі болып, еселі еңбек етіп көзге түссем, өз қа­тарымның ал­ды болсам, сөйтіп анамды кешіп жүр­ген қиындықтардан құтқарсам, со­­ңы­м­­нан ерген бауыр-сіңлілеріме қам­қор­лық жасап, оларды да оқытсам деп те тол­ғанады. Бірақ қол қысқа. Асқар тау­дай әкесі дүние салған. Анасының табысы отбасының қажетіне жетер-жетпес. Ләйлә осы жолы Мәскеуге оқуға ба­ра алмаймын деп мұңай­ып жүргенде қай­ран қамқоршы ана шәлісін, тағы басқа киім-кешегін са­тып, қаражат тауып, жол азығын да дайын­дап, қызын Мәс­кеуге аттандырады. Ол кезде пойыз 5-6 қаладан өтіп бір апта жүріп баратын еді. Талантты қыз жол азабын тартса да оқи­тын жерін тапты-ау әйтеуір. Кеңестік дә­у­ір­дің сол кезде жастарға білім берудегі жасаған қамқорлығының бірі – студенттер асханасында нан мен шәй ғана тегін берілетін, ашқұрсақ, артынан келер көмегі жоқ студенттерге бұл үлкен көмек еді. Бар зей­інін оқуға аударған Ләйлә үздік оқып, жо­ғары оқу ақысына (стипендия) қол жет­кізді, тіпті 2-3 курста факультеттің мақ­танышына айналды.

Туған жерден алыста ата-анасын, туыс-бауырларын сағынған қазақ жас­та­ры әлдеқалай қаракөз қандастарын кез­дес­тіре қалса, танысып, білісіп, араласып жүретін. Бұл әдет күні-бүгінге дейін жал­ға­сып келеді. Қазіргі кезде де Англия, Шот­ландия, Швейцария, Америкада оқи­тын қазақ жастары Наурыз, Ораза айт, Құр­бан айт және басқа еліміздің айтулы ме­ре­ке­лерінде бас қосып тойлайтынын естіп жүр­міз, әуелі, наурыз көже, шелпек жасап, ата-баба дәстүрін жалғастыра алатыны, олардың жүрегінде ұлттық сезім мен са­наның барына қуануға болады. Осы дәс­түр сол 50-ші, одан арғы жылдардағы Мәс­кеу­де оқитын жастардан бастау алмасына кім кепіл?

1957 жылы Мәскеудегі Губкин атын­да­ғы институтта Гурьевтен (Атыраудан) ба­рып оқып жүрген жеті жігіт қазақ жас­та­рын жинап кеш ұйымдастырады. Сол кеш­ке технологиялық институттан Ләйлә Оқан­қы­зы құрбылары Роза Шамсудинова және Ха­биба Ақшола­қова­мен бірге қа­тысады. Жас­тар кеш­тің барлық дай­ын­дығын өз­дері ұйым­дастырады, атап айт­қанда, ас мә­зі­рінен бастап, ән мен күй, би, түр­лі ойын-сау­ық дейсің бе, ая­нары жоқ, бар өнерлерін са­лады. Жігіт­тер­дің арасынан осы кештің аса­басы, күй­ші­сі Нәсіпқали Марабаев көз­­ге түседі. Ләй­лә болса тамақ әзірлеу жа­ғынан мақ­тауға ие болады. Міне, осы кеш Нәсіп­қа­ли мен Ләйләнің таныстығына да, кей­ін­нен табысуына да себепші бола­ды. Бұлар 1958 жылы сол Мәскеуде сту­денттік той жасап, отбасын құрады. Екеу­інің жал­да­ған қуықтай бөлмесінен дос­тары үзіл­мейтін еді. Ләйлә екіқабат ке­зінде де, емтихан кезінде де қабақ шытпай достарын қабылдаудан жалықпайды. Тұң­ғыш ұлы Ермек Марабаев 1959 жы­лы желтоқсан айында Мәскеуде дү­ниеге келеді. Ләйләнің ақпейіл ниеті мен ашық қабағына риза болған дос­та­ры Нәсіпқали бір жыл бұрын оқу бі­ті­ріп, бұ­р­ғылау инженері мамандығын алып, ел­г­е оралғанда жас баламен оқуын жал­ға­с­тырып жүрген Ләйләға деген көмегі зор болғанын асқан ризашылықпен еске ала­ды.

Ләйлә Оқанқызы да технолог-инженер мамандығы бойынша диплом қолына ти­ген соң Гурьев (Атырау) ет ком­бинатына жол­д­амамен оралады. Жас ма­манды бұ­ған дейін бірде-бір жоғары біл­імді маман бол­маған ет комбинаты шұжық це­хы­ның бастығы етіп қояды. Бірақ, алдынан шық­қан бір қиындық – ыстау цехының аты бар да заты жоқ, яғ­ни шұжық әзірлейтін жа­б­дықтар жоқ­тың қасы. Екінші қиындық – қа­-

й­ы­н­атасы Әбуғали ақсақал бұған дей­ін үш адам сотталған бұл цехта ке­лі­нінің жұ­мыс істеуіне қарсы болады. Бірақ, ол үл­кен кісіге жағдайды түсіндіріп, алған бе­тінен қай­­тпады.

Ләйләға алдымен цехты жабдықтау және өңдеу ісімен айналысуға тура келді. Оған қажетті жабдықтарды қамтамасыз ету оңайға түскен жоқ. Алайда, жас маман ба­рынша табандылық танытып дегеніне жет­ті. Көп ұзамай білімді ма­манның жолға қой­ылған ісінің нә­ти­жесі сәтті шығып, қа­ла халқы таң­дай­ға та­тыған шұжыққа қа­рқ болды. Өзінің білімді маман екендігімен әрі іскер еңбекқорлығымен танылған Ләйлә Марабаева көп ұзамай комбинаттың бас технологі қызметіне жоғарылатылады. Бұл жұмыста ол осыған дейін комбинатта шешімі табылмаған біраз ша­руа­лар­дың басын қайырды. Қа­шан да аянбай еткен еңбектің нәтижесі кө­­рінбей қалмайды ғой, іскерлігімен көз­­­ге түскен Ләйлә қа­ла­лық кеңестің де­­путаттығына сайлан­ды. Бұл міндет қоғ­ам­дық негізде болғанымен, жас маман әйел­дер еңбегін қорғау комиссиясының тө­­райымы ре­тінде көп жұмыс атқарды. Со­­ның бірі әйелдерді ауыр жұмыстан құт­қарумен қатар, жұмыссыз әйелдерді ең­бек­ке ор­наластыру ісінде біраз нәтижеге қол жеткізді.

Қызметте, қоғамдық жұмыста осын­ша­лық табысқа жеткен Ләйләға келін ре­тіндегі сыннан өту де оңайға түспеді. Ол бір отбасындағы 16 адамды та­мақ­тандыру, та­залыққа бас-көз болу, бәрі­нің көңілін табу сынынан да мүдірмей өткендей.

Ләйләдан бір жыл бұрын Губкин атын­дағ­ы институтты үздік бітіріп, бұр­ғылау ин­­женері мамандығымен елге оралған жұ­­байы Нәсіпқали Марабаев алғаш ең­бек жолын Құлсарыда ұң­ғы­ларды күр­де­лі жөндеу цехында бұ­р­­ғышылықтан бас­таған. Жер асты жаб­­дық­тары тез-тез іс­тен шығып жата­ды. Оны қол күші, қай­раты бар ад­ам­­дар құ­бырды ұңғыдан кө­те­ріп шы­ға­рып жөн­деуі қажет. Осы істе өндіріс ше­бе­рі Нәсіпқали аянбай еңбек етіп, іс­кер­лігімен ауызға ілінді. Соның нә­ти­жесінде бір жылдың ішінде Прорба ке­ні­шіне ауысып, аға инженерлікке қол жет­кізді.

Ләйләға да жас баласымен Прор­ба­да­ғы бұрғылау мекемесінің барлаушы ауы­лына баруына тура келді. Енді басқа да мұнайшылар сияқты жартысы жерден қазылған, жартысына тас, не қамыс қала­н­ған, төбесі итарқаланып жабылған жер­тө­леде (баракта) тұ­ра­тын болды. Ортаға қойылған пешпен үй жылытайын десе, отын жоқ, жаң­быр жауса, төбеден тамшы сор­ға­лай­­ды, күніне мөлшермен берілетін екі шелек тасымалы су да күнделікті тұр­­­мыс тірлігіне жеткіліксіз. Бірақ, от­басы жауапкершілігін ар­қа­ла­ған, сүй­ге­нінің өмірімен өмір сү­ру­ді бақыт са­­наған Ләйлә осынау жер­төленің өзін кең сарайдай санап, Нәсіпқали 70 шақырым жердегі бұр­ғылау ба­за­сы­нан келгенде ешбір қиын­дық сез­бе­ген­­дей қуана қарсы алып, жұ­ба­й­ының шар­­шағанын білдіртпей жі­бе­ретінін қайтерсіз.

Бірте-бірте Сарықамыстағы мұнай­шы­­лар ауылы да ұлғая түсті. Бұлар жер­тө­­леден екі бөлмелі жайлы үйге ор­на­лас­­ты. Бұл кезде дүниеге екінші ұлы Жа­қып келген еді. Бала аздап есейіп, аяғ­ын апыл-тапыл басқан кезде Л­әйләның ең­бекке араласқысы келді. Өзі сияқты ба­­лалары қолбайлау болып жұ­мыс­сыз қа­рап отырған әйелдер көп еді. Әйел­дер­ге жұмыс істеймін десе, айналысатын шаруалар жетіп-артылады. Бұл жа­ғ­­дайдың бәрін ой елегінен өткізген Ләйлә Оқанқызы Құлсарыдағы бас­қарма бастығына барып, поселкеде балалар бақшасын ашып, әйелдерді жұмыспен қам­ту мәселесін қойды. Бас­тық бұл ойдың жақ­сы екенін, бірақ бақшаға лайықты үй жоғын алға тартты. Алайда, қолға ал­са, шешімін таппайтын іс жоғын жақсы бі­летін Ләйлә Оқанқызы тек үй тұрғызуға қа­жет­ті материал болса, қалғанын өзі ұй­ым­­­дастыратынын ай­тып, келісімін ал­ды. Бір жылдың ай­наласында бақша үйінің жоспарлауы­нан бастап, салынып біткенше басы-қа­сында ұйымдастырумен жүрді де. Жа­ңа оқу жылының басталу мерзіміне орай балабақша ашып, дегеніне жет­ті, өзі бақшаның меңгерушілігіне та­ғай­ын­­далды.

Ләй­лә ба­лабақшаның үйі біткенше қай­та-қайта Құлс­арыға барып, бақша­ның тәр­бие жұм­ыстарымен танысып, қажетті әдіс­кер­лік әдебиеттерді қам­та­ма­сыз етіп, тәр­бие­шілер әзірлеп тыным таппады.

Ләйлә содан жұбайы Өзен бұрғылау жұ­мыстары бұрғылау басқармасының бас­тығы болып ауысқанға дейін мектеп­ке дейінгі тәрбие саласын дамытуға ең­бек етті, қалалық жаңа жобадағы екі ба­­ла­бақ­ша­ның тұсауын кесті.

Нәсіпқали Марабаевтың сонау 1958 жылдан алғашқы бұрғылау ұнғысының құбырын жөндеуден басталған мұнай өн­­діру саласындағы тер төге жүріп аға ин­женерліктен бас инженерлікке, одан мұ­най-газ басқармасының бастығы бол­ған­ға дейінгі кезеңде ауыртпалықтар мен қиындықтарды бірге көтеріскен се­нім­ді қамқоршысы болған Ләйлә Оқанқызының еңбегі зор.

Нәсіпқали Марабаевтың Өзен бұр­ғы­лау жұмыстары бас­қар­ма­сын бас­қарған кездегі өте күр­де­лі кен орнын игеруді ұйы­м­­дас­­­­тырудан бастап, бұр­ғы­шылардың әле­у­­­меттік жағдайын жақсартуға дей­інгі ал­апат істері өз алдына бөлек әң­гіме. Өйт­кені, күні бүгінге дейінгі Нәсіпқали Марабаевтың бі­ліктілігі мен іскерлігі ұйым­дастыру шеберлігі жайында ел аузын­да «Мұ­найшы болсаң Марабаевтай бол, бастық болсаң Нәсіпқалидай халыққа жа­қын бол», деген мақтаулы баға жатта­лып қалған.

Бір жағынан еңбек көрігінде шың­далып қалыптасқан Нәсіпқали Мара­баев­т­ың тұрмыс-тіршілігіне еш алаңдамай, бала тәр­биесінде қиналмай алаңсыз жұ­мыс істеуіне көбіне Ләйлә Оқанқызы­ның рө­­лі зор екені байқалады. Өмір бойы қы­зу еңбекпен атақ-даңққа бөленген, тіп­ті құр­­метті демалыс кезінде де облыс әкі­мі Қырымбек Көшербаев мұнай өн­ді­рі­сінің май­талман маманы, елдің, жердің жағ­да­йын жақсы білетін ардагер азаматты өзіне ақылман етіп алып еді. Нәсіпқали Ма­ра­баев мұнай өлкесінің тарихын ел есін­де сақ­тау мақсатымен энциклопедия шы­ға­ру ісін ұйымдастырды, сондай-ақ мұнай қо­рын құрып, оның төрағасы болды.

Ләйлә Оқанқызының байсалды мі­не­зі мен ақыл-парасаты отбасының бе­ре­ке-бірлігі мен бала тәрбиесінде анық бай­қал­ды. Ермек пен Жақып, одан кейінгі Света мен Сәуле де мектепті үз­дік бітіріп, әке жолын қуып, Мәскеудегі Губ­кин атындағы институттан мұнай саласының мамандығын алды. Өз біл­імдерін одан әрі Англия, Шотландия елдеріне барып толықтыра түсті.

Ермек пен Жақып Марабаевтар әкесінің бас инженер, басқарма бастығы бол­ған жасында мұнай өн­ді­рі­сінің беделді маманы, үлкен бас­шыла­ры болып, әке даңқын асырды. Ал Нәсіпқали Марабаевтың немерелері Ботакөз, Нұржан, Ләйлә шет елдерде білім алып, уақыт талабына сай еңбек етіп, Ләйлә Оқанқызын шөберемен қуантып жүр. Осыдан бірер жыл бұрын Ләйлә Оқанқызы бас болып, балалары қостап, Алатаудың баурайындағы жылқы клубы, орналасқан жерде үш, бес, жеті жасар үш шөбересінің сүндет тойын өткізді. Бұл қуаныштың бір ерекшелігі, сәбилердің бойына ұлттық дәстүр мен сананы бекем сіңіру мақсаты болар, жұртшылық қазақ­тың қыз қуу, теңге алу, атқа мінгізу, ат жарыс сияқты ойын-сауықтарды қы­зық­тады. Осының өзі бұл отбасының ба­ла тәр­биесіне ерекше мән беретінінің айғ­ағ­ындай.

Иә, өмір-өзен алға жылжи береді. Жай­ықта дүниеге келіп, білікті маман ре­т­інде Үстіртте еңбек етіп, Маңғыстау об­­лыстық ат­қару комитетінің төрағасы бо­­лып, облыст­ы мұнайлы өңірде зор ең­бек сіңірген, қазыналы түбек облысқа ай­налғанда басқаруға қатысқан атақты мұ­найшы Нәсіпқали Марабаев 2007 жы­лы туған жерінде мәңгілік орын тепті. Бұл қаза  сүйікті жары Ләйлә Оқа­нқызына да, асқар таудай әйгілі әке­ден өнеге алған балалары мен не­ме­релеріне, ол азаматты жақсы бі­л­етін жан­дарға оңай соққан жоқ. Есіл аза­мат­ты есте сақтау шаралары  жүзеге асыры­лып, ба­қилық ке­зеңдегі екінші өмірі жал­ға­сын тапты.

Ләйлә Оқанқызы жарты ғасырдан ас­­­­там өзін жанындай жақсы көрген жұ­бай­­ымен бақытты өмір сүрді. Елеулі ең­бе­­гі­мен сый-құрметке ие бол­ды. Мақтаулы ұл-қыз­­ға ана болу бақытына бөленді. Алды жо­ға­ры білімді, тәр­биелі немерелерінің де, шү­пір­ле­г­ен шөберелердің де қы­зы­ғына тоймай отыр­­ған бақытты әже. Осы­ның бәрі жи­на­лып келгенде Ләйлә Оқан­қызы үшін көл-көсір әйелдік бақыт емес пе?

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отыр­­ған Ләйлә Оқанқызы Марабаеваға осы бақытыңыз жалғасты болсын деген ті­лек білдіремін.

Күләш БЕЙСЕНБИЕВА,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері

АЛМАТЫ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2017

Қытайда және Түркияда жер сілкінді

28.05.2017

Қостанайда «Қоғамдық омбудсмен» жұмысын бастады

27.05.2017

Боксшы Фируза Шәріпова кезекті жеңісіне қол жеткізді

27.05.2017

Гарри Поттер жайлы кітаптар қазақ тіліне аударылуы мүмкін

27.05.2017

Қанат Исламның келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

27.05.2017

Дзюдошы Максим Раков Азия чемпионы атанды

27.05.2017

ШҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

27.05.2017

Назарбаев университетінің алғашқы докторларына дипломды Елбасы тапсырды

27.05.2017

Елбасы мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады

27.05.2017

Өскемендік азамат Астанаға жаяу аттанып кетті

27.05.2017

Қарағандыда қызмет барысында қаза болған жандарға арналған мемориалдық тақта орнатылды

27.05.2017

ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

27.05.2017

Елбасы: «Болашақ» қаржысын Назарбаев университетіне бағыттау керек

27.05.2017

Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің түлектерін құттықтады

27.05.2017

Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерге мешіт қызметкерлері көмек көрсетті

27.05.2017

Шәкәрім қажы суреттерінің тарихы

27.05.2017

Биыл  Ленгер қаласында 480 пәтер пайдалауға берілмек

27.05.2017

Қанат Ислам: Бапкерім 12 раунд жекпе-жекке тапсырма берді 

27.05.2017

СҚО-да «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

27.05.2017

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Ер мен Жер

Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құн­ды­лық­тарының арасында Ер мен Жердің ала­тын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қа­рап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын аға­мыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Се­бебі, ер жерге кіндігімен байланады, ту­ған жерінің барша қадір-қасиетін тұ­ла бойына сіңіріп, көкірегіне құй­ып, соған бүкіл жан-жүрегімен із­гі­лік қайнарына бас қойғандай сусын­дап өседі. Осылайша туған жер ал­дын­да­ғы перзенттік парыз жүгі сал­мақ­та­на бермек, туған жерге деген пер­зент­тік ыстық ілтипат пен махаббат тұр­паттанып толағайлана түспек.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Басты құндылық – рухани тазалық

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?

Бір жылдары Қазақстанның мә­дениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қай­шылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалып­тасқан бай мәдениет, өр­кениет, ежелгі дәстүріне сызат түс­пеген ғажайып әлемге кереғар тір­шілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыз­дан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыр­шыдан аяқ алып жүре алмайсыз.

Әйіп ЫСҚАҚОВ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Біліктілік – ауыл дамуының алғышарты

Мал шаруашылығы ата кәсібі­міз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін маңызды салалардың бірі сана­ла­ды. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосал­қы шаруашылықтарда шоғыр­ланған­дықтан, Елбасы тапсыр­масымен оларды кооперативтерге бірікті­ріп, оңтайландыру шаралары­ның қолға алына бастауы өте құптарлық.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ұрпақ тағдырымен ойнаған оңбайды

Ұлттың ұлылығы ұрпағынан көрі­неді. Бұл – әлімсақтан белгілі нәрсе. Ал сол ұрпақ тағдырына былық араласса, ар былғанады. Содан да шығар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ба­ланы ұлша тәрбиелесең – ұл бол­мақ­шы. Құлша тәрбиелесең – құл бол­мақ­шы», деп өсиет қалдырып кеткені. Біз осы өсиетті орындай алдық па, әлде бәрін заманға теліп, теріс басқан аяғымызды, дүниенің құлы болуға ұм­тылған ниетімізді түзеуге мұршамыз жет­пей жүр ме? Бұл санамыздағы ақау­дан, ұлтты ұлт ететін мәдени-ге­не­тикалық кодымыздың әлсіздігінен, тіп­ті мүлде кеміп кеткенінен болып отыр ма?

Пікірлер(0)

Пікір қосу