Көреген көшбасшылықтың айқын нәтижесі

Бұл біздің алғашқы жасаған анықтамамыз емес. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел­дің болашағына қатысты айт­қан сөзі, жасаған ісі, жоба-жос­­пары туралы бұдан бұрын да жазған болатынбыз. 
Егемен Қазақстан
11.05.2017 1405

1991 жылы Қазақ елі тәуел­сіздікке қол жеткізгеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың толас­сыз жалғастырған рефор­­малық өзгерістері, елдің даму барысында өткен та­рих­­қа тере­ңінен үңілуі мем­­­ле­­кет­тің ны­ға­юына үлкен ықпал ет­кені сөзсіз. Президенттің болашақ­қа ба­ғыт­­­тал­ған идеяға негіз­дел­ген бас­қару­шы­лық қабілеті мен мем­лекет дамуының 2030, 2050 жыл­дарға арнал­ған стра­­те­гиялар, сондай-ақ, жыл сайынғы ха­лық­­қа ар­на­ған Жолдаулары әлем жұрт­шылығы тарапынан қызығу­шылық тудырды.

Жақында Нұрсұлтан Назарбаев осыларға ұқсас «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама­лық мақаласын жариялап, латын әліпбиіне көшу туралы айт­қан ұсынысы мен талабы тағы да көпшіліктің еріксіз назарын аудартты. Шынтуайтына кел­генде, латын әліпбиіне көшу туралы мәселе 2012 жылы ай­тыл­ған-ды. Осы жолы Н.Назарбаев 2025 жылы жүзе­­ге асатын жобаны жедел­дете­тін, сондай-ақ, кепіл болатын нақты қадамдарды тізбек­теп көрсетті. Қазақтар 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиін қолданған. Әсілі, бұл – тек Түркия мен түркі әлемі үшін ғана емес, Орта Азияның Батыспен интеграцияланудағы реформа сипатындағы шешім. Сондай-ақ, рухани жаңғыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынады. Яғни, әлемдегі ең жақсы 100 оқулық әртүрлі тіл­дерден қазақ тіліне аудары­лады. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқу­лық­тармен оқыта бастайды. Түркі академиясының да­йын­даған «Ортақ түркі тарихы кітабын» да осы санатқа жат­қызу керек. Сонымен қатар, тәуел­сіздік алған жылдары тола­ғай табысқа жеткен биік белес­терден өтіп, тарихта өз қол­таңбасын қалдырған тұлғалар өмірбаянынан сыр шертетін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы елдің әр саладағы жетістігін одан әрі асқақтата түседі. «Туған жер» мен «Ту­ған ел» бағдарламалары да туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәр­лікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көрі­ністерінің біріне айналады. 

Бұл тұстағы басты мәселе, Қазақстан Көшбасшысының жаңғыру және мәдениет пен өр­кениет желісі бойын­ша елдің табысқа қол жет­кізуі­не сақтаушы және дамушы мәдениет ретінде белгі­легендігі байқалады. Бұл тәсіл ХХ ғасырдың басында Зия Гөкалып бастаған және түрік ұлт­шылдығы доктринасын күшейткен «өркениетті негізге алу керек пе, әлде мәдениетті ме?» деген сұрағымен пара-пар. Н.Назарбаев осыған орай былайша баяндайды: «ХХ ғасыр­дағы батыстық жаңғы­ру үл­гісінің бүгінгі заман­ның бол­мысына сай кел­меуі­нің сыры неде?  Менің­ше, бас­ты кемшілігі – олар­дың өзд­ері­не ғана тән қалыбы мен тә­жі­рибесін басқа халық­тар мен өркениеттердің ерекше­лік­терін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжеп­тәуір жаңғырған қоғамның өзі­­нің тамыры тарихының тере­ңі­нен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұр­патты жаң­ғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағы­тын атап көрсетеді.

Бәсекелік қабілет: әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек: компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық. 

Прагматизм: ысырап­шыл­­дық пен астамшылыққа, даңғойлыққа жол бермеу; ке­рі­сін­ше, ұстамдылық, қар­а­­па­й­ым­­дылық пен қанағат­шы­­­лық­­­ты орынды пайдалана білу. 

Ұлттық бірегейлікті сақ­тау: бұл жерде ұлттық сана-сезімнің ояу болуының маңыз­дылығына назар аударады. Абайдың даналығы, Әуезов­тің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлеріне мән беру керек екендігі айтылады. 

Білімнің салтанат құруы: білімнің ауқымы мен сапасын өсіру; мамандардың білім беру саласына қолдау білдіруі қажет.

Революциялық емес, эвол­юциялық даму: тарих­тың темір қақпанына қайта түспеу үшін әлемдік оқи­ғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялардың да, білім жүйе­сі­нің де ауқымдық дүние­танымдық, рухани жұ­мыстың бір бөлігі ретінде нәти­жеге қол жеткізу.

Сананың ашықтығы: әлем­­нің қарқынды өзгерісі­н­е «от басы, ошақ қасы» аясы­нан баға бермеу керек. Ағыл­шын тілін міндетті түрде үйрену қажет.

Күршад ЗОРЛУ,
«Йени чағ» газетінің колумнисі
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

17.08.2018

Отандық балмұздақтардың 10 тоннасы Алматыдан Шанхайға жіберілді

17.08.2018

Басты бағыт – цифрландыру

17.08.2018

Жамбылда ет экспорты мың тоннаға артады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу