Көрме қонақтары күн санап көбейіп келеді

Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылғанына тура он күн болды. Ал көрмені тамашалағандар саны – 205 561 адам. Қалашық аумағындағы павильондарға көрермендердің кіріп-шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асқан. Бұл жайында медиа-орталықта өткен баспасөз мәслихатында Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов мәлімдеді.
Егемен Қазақстан
20.06.2017 1083
2

«Бір қонағымыз бір күн­нің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәй­кес, осы уақытқа дейін көр­мені 26 мыңнан астам шетел азаматы тамашалады. Ол барлық қонақ­тардың 13 па­йы­зын құрайды. Көрмеге кел­гендердің 10 мың­нан астамы алты жасқа дейінгі балалар болса, 2 мыңнан астамы – мүгедектер мен Ұлы Отан со­ғы­­сы­ның ардагерлері және олар­­ға теңестірілгендер», деген Б.Қарымсақов шараны тама­ша­лаған оқушылар мен студент­тердің де қарасы жоғары – 14 мыңнан асқанын айтты.

Қазіргі динамикаға көз жү­гіртсек, көрмеге келетін қо­нақ­­тардың саны күн сайын ар­­тып келеді екен. Мәселен, ал­­­ғаш­­қы күні 17 мың адам қала­шық аумағын тамаша­ласа, бұл көрсеткіш өткен жұмада 34 мың­нан асқан. Компания бас­қару­шы директорының мәлі­ме­тін­ше, ЭКСПО-2017 көр­ме­сі­не байланысты осы уақыт­қа дейін 280-нен аса ойын-сауық бағдарламасы, 50-ден аса хат­тамалық іс-шара ұйым­­дас­­ты­рылған. Соңғысына мем­ле­кет басшылары, мәртебелі мей­­ман­дар, павильон комис­сар­лары және түрлі дәрежедегі деле­гациялар қатысқан.

Жиында Бейбіт Қарымсақов Шымкент қаласынан ЭКСПО көрмесіне келген қонақтардың билеттері көрме алаңына кіруге жарамсыз болып қалғандығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. «Жалған би­лет болмай қалған жоқ. Көр­менің ашылу салтанаты күнінде жалған билеттің 100 нұсқасы анықталды. Барлығы түрлі-түсті көшірме. Екінші күні де 70 дана жал­ған билет белгілі болды. Не­гізі, түпнұсқа билеттер Шым­­­кент қаласында сатылған. Біз оны арнайы нөмірлер ар­қы­лы біл­дік. Содан кейін түп­нұс­қа би­лет­терден базада жоқ көшір­ме­лер жасалған. Әр билет­тің жеке коды болатынын біл­ген жөн. Бүгінде жасанды би­лет­­пен келу­шілер жоқ», деді ком­па­ния­ның басқарушы директоры.

Баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғам­мен байланыс депар­таментінің директоры Сергей Куянов әлемге әйгілі «Foreign Policy» басылымының журна­лисі Джеймс Палмердің бұған дейін дау тудырған мақала­сы жайлы әңгімеледі. Оның айтуын­ша, жұртты шулатқан тіл­ші Астанаға келмеген, тіпті ЭКСПО көрмесін араламаған да. «Біздің анықтағанымыздай, британдық Джеймс Палмер бірнеше басылымға Орталық Азия елдері мен Қытай тура­лы жазады екен. Алайда, ЭКСПО-2017 көрмесіне ондай жур­на­лист тір­келмеген. Бұл – бір. Екін­шіден, Джеймс Пал­мер есімді азамат Қазақстан шекара­сынан өтпеген. Яғни кедендік тіркеуде жоқ. Демек, Палмер мырза өз материалын өзге бі­реу­дің пікі­ріне сүйеніп немесе ар­на­йы тапсырыспен жазған», деді С.Куянов.

Оның сөзіне қара­ғанда, тілші жазбасында көп фактіні бұрмалап көрсетіпті. Мәселен, ол көрме құрылысына жұмсалған қаражатты 5 млрд доллар деп жазған, шындығында бұл – 1,3 млрд доллар. Мұ­ны құрылыс жұмыстарын жүр­гізген компаниялар да растайды.

Басқосуда ұлттық компания­ның коммерциаландыру жөнін­дегі департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев көрме аума­ғын­дағы тағамдар бағасын рет­теу мәселесінің мән-жайына тоқ­талды. Оның айтуынша, ком­пания басшылығы мейрам­xана, дәмxана және фаст-фуд сияқ­ты қоғамдық тамақтандыру орын­дарын ашу арқылы xа­лықтың барлық топтарына тиімді бағаның болғанын көз­деген. Мәселен, қоғамдық та­мақ­тандыру дүңгіршектерінде бір түскі астың бағасы – 1400 теңге. Ол қаланың орташа баға­сына сәйкес келеді. Себе­бі, Астанадағы ойын-сауық орта­лықтарында да түскі астың бағасы осындай. Ал көрме аумағындағы дәмxаналар мен мейрамxаналарда түскі астың орташа бағасы – 7500 теңге. Ол да – Астана сияқты мега­по­листердің орташа бағасы.

Д.Еркімбаев әлеуметтік желі­­лерде кеңінен талқыланған «Той­қазан» ұлттық тағамдар мейрамxанасының бағаларына да түсінік берді. «Шынымен, ол – қымбат мейрамxана. Себебі, тамақтың дәмі де, қызметтің көрсету сапасы да жоғары. Не­гізі, біз бір ұлттық тағам үшін бір­неше орынды қарастыр­дық. Мәселен, мейрамxанада қымбат болса, фуд-корттарда қазақ­тың ұлт­тық тағамдарын 1-2 мың теңгеге сатып алып жеуге болады. Сол сияқты, дүңгіршектерде де қазақы ет­тің бір порциясын 1200 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар. Сон­дықтан қоғамдық та­мақ­тандыру орындарының бағасы бір мейрамxанаға тіреліп тұрған жоқ. Осыны түсіну қажет», деді департамент басшысы.

Маманның дерегінше, қала­шық ішінде 25 дәмxана мен мей­рамxана жұмыс істейді. Олар­да 15 ұлттың тағамдары әзір­ле­неді. Бұдан бөлек, фаст-фуд өнім­дері сатылатын 33 ша­­ғын дүң­гір­шек бар. Соны­мен қатар, кей­бір ұлттық пави­льон­­дар өз ғи­марат­тарында тамақ­тандыру орындарын ашқан. 

Э

Эллада аңызының өрнегі ме, 
Эпостық жырым шықты төрге, міне. 
Эскортпен тамашалы таң қалдырып, 
ЭКСПО жарқыл қағып келді еліме! 

К

Көрмесін ғажайыптың көрді Астана, 
Келешек қуат көзін берді Астана. 
Керім деп таңдай қақты небір жампоз, 
Көтерді зеңгір көкке елді Астана! 

С

Сарыарқа сайын төсі дүбірлеген, 
Самала жарық көзін бір ілмеген. 
Самғаған Париждегі ән Әміре, 
Сұлуым Балқадиша күлімдеген. 

П

Пейілі қазағымның осындайда, 
Пайымы кемелдікке қосылмай ма? 
Парасат биігінен тіл қатқанда 
Парағы жаңа дәуір ашылмай ма! 

О

Ордама алғыс-алқа таға келдің, 
Осынша қуанышты ала келдің. 
Оңғартқан озық ойын оразада
Отаным назарында бар әлемнің!

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу