Көрменің екі миллионыншы көрермені

Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесін тамашалауға келген 2 миллионыншы қонақ­тың кім екені шараның 56-күні анық­талды. Ол – Орал қаласының тұр­ғыны, өндірістік сала қызмет­кері, 34 жастағы Ғайса Жұма­лиев. Құрметті көрермен өзінің көр­менің 2 миллионыншы қонағы бола­тынын мүлде ойламаған. Сәтті билеттің иесі ЭКСПО аясын­да өтіп жатқан Батыс Қаза­қ­стан облысының мәдени күнде­рі­не іссапармен келген және қалашық аумағында өтетін орал­дық өнерпаздардың концертіне кешкі билет сатып алған.
Егемен Қазақстан
07.08.2017 723

«Мен өте қуаныштымын. Барлығы аяқ астынан болды. Билетті жаңа «Мега» сауда және ойын-сауық орталығынан кешкі жеңілдікпен 2500 теңгеге сатып алғанмын. Чехия павильонын аралап үлгеріп, «Shell» компаниясының павильонына аяқ басқанмын. Бірақ мені «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз орталығына журналистермен кездесуге алып келді. Мұндай сәттілікті күткен жоқпын. Өзім Оралда тұрамын. Егіз балам бар», деді Ғайса Жұмалиев.
Салтанатты басқосуда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2 миллионыншы қонақты өзі құттықтап, бағалы сыйлық табыстады. «Бүгін – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы үшін айтулы күн. Өйткені, ерекше оқиға орын алды. Біз тұтас көрме кезеңінде «екі миллион адам келіп, ЭКСПО павильондарын 5 миллион рет аралайды» деп болжаған едік. Бірақ, көрменің аяқталуына 37 күн қалғанда, жоспарлаған межемізге қол жеткіздік. ЭКСПО павильондарына келер болсақ, аралау көрсеткіші 15 миллионнан асып кетті, бұл біз күткен нәтижеден үш есеге көп. Елбасының жобасы ойдағыдай жүзеге асуда», деді басқарма төрағасы.
А.Есімов осы жиында халықаралық көрменің Астана экономикасының барлық саласына оң әсер еткенін жеткізді. «Баспаналардың  жалға берілуі – 33 пайызға, тауар айналымы – 20 пайызға, сауда және ойын-сауық орталықтарына бару көлемі екі есеге өскен. Туризм саласы да едәуір жандана түскен: туристік операторларға жүгіну көрсеткіші 78 пайызға артқан. Ашық аспан саясатын жариялап, рейстер санын 1,3 есеге ұлғайттық. Хельсинки, Будапешт, Варшава сынды бірнеше қалаларға жаңа рейстер ашылды. Бір ғана әуе рейстерімен күнделікті 7 мың адам келеді, 16 мың адам жолаушылар көлігімен жетеді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш», деді ұлттық компания басшысы. Оның айтуынша, бір ғана маусым айында Астанада қызмет көрсету саласынан түсетін салық түсімі 2,5 есеге көбейген. 
«Бұл – күрделі дағдарыс уақытындағы экономиканың жандануы. Бізде шағын және орта бизнес субъектілері көбейді, жалақы жоғарылады. ЭКСПО аяқталған соң әкімдікпен бірлесіп, толық ақпаратты тағы да беретін боламыз. Дегенмен, көрменің үштен екі бөлігін өткеріп, көрмені өткізу туралы шешім қабылдаған Президентіміздің көрегенділігіне көз жеткіздік», деді А.Есімов.
11 шілде күні ЭКСПО-2017 көрмесіне келген миллионыншы келуші тіркелгені есімізде. Ол 27 жастағы астаналық мұғалім Гүлжиһан Жаңабергенова еді. 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

Ақордада «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыру барысы талқыланды

19.02.2018

Әлеуметтік әділеттілік жолы

19.02.2018

Жаһандық қауіп арта бастады

19.02.2018

Көшбасшылық феномені

19.02.2018

Экономикалық өсім – ел несібесі

18.02.2018

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

18.02.2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

18.02.2018

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18.02.2018

Өскеменнің әкімі грейдермен қар тазалады

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу