Көше атаулары ауыстырыла бастады

Егемен Қазақстан
29.11.2016 164
ek5-ast«Егемен Қазақстан» газетінің 3 қарашадағы санында «Солтүстік социализммен неге қоштаспайды?» атты мақала жарық көріп, өңірдің отаршылдық Ресейді, кеңестік заманның тоталитарлық белгілерін еске түсіретін атаулардан әлі арылмай отырғаны сынға алынған болатын. Газеттің ұсыныстарын жергі­лікті билік ескерген болу керек, жуырда Петропавл қалалық мәсли­хатының тұрақты комиссиясы қоғамдық тыңдалым өткізіп, бір­қатар көшелердің атын ауыстыру, жаңа есімдер беру мәселесін талқы­лады. Солнечный шағын ауданында бой көтерген көшелерге Ға­лым Малдыбаев, Есләм Зікі­­баев сияқты белгілі ақын жерлестеріміздің есімдерін беру жөніндегі ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Қауіпті қыл­мыс­керді ұстау кезінде ерлік­пен қаза тапқан полиция майоры Алек­сей Щербаковтың да есімі ұмы­тылмайтын болды. – Жария тыңдауға дейін көше атауларының тарихы жан-жақты зерттеліп, тұрғындардың ой-пікір­­лері жете ескерілді. Алдағы уақытта да Тәуелсіздігімізбен үш қайнасы сорпасы қосылмайтын жер-су атаулары өзгертілетін болады. Сакко және Ванцетти, Клара Цеткин, Володарский, Халтуриннің өңірімізге қандай қатысы бар? – деді жайшылықта бүйректен сирақ шығаруға бейім қалалық мәслихаттың депутаты Павел Афанасьев бұл жолы ерекше белсенділік танытып. Өңірімізге мүлдем қатысы жоқ, болмаса ешқандай мән-ма­ғы­наға ие емес атаулардан көз сүрі­нетіні рас. Мәселен, облыс ор­та­лығында бір Сенная атауында – 6, Кирпичная деп аталатын 4 көше бар. Жиында Бесінші Сенная көшесін атақты спортшы Қазбек Байболовтың, Явленка тасжолына Қожаберген жыраудың есімін беру туралы шешім еш қар­сылықсыз қабылданды. Тың­далымға қатысу­шылардың бірі Жадыра Қарағожина Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановты да ұлықтау мәселесін қозғады. Әрине, көше атауларын бір мезетте қалыпқа келтіру мүмкін емес. Десек те, атауларды жаңарту қажет­тігін халық қалаулылары түсінген сыңайлы. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Кремльді тамсандырған Димаш

24.03.2019

Димашқа өзі бейнеленген қуыршақ сыйға берді

24.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

24.03.2019

Бақыт Сұлтанов елорда атауын өзгерту туралы: Біз барынша үнемді жолды таңдаймыз

24.03.2019

Financial Times басылымы Н.Назарбаевты елдегі геосаяси тұрақтылықтың тірегі деп есептейді

24.03.2019

Bloomberg: Құрметке лайық ақсақал 

24.03.2019

Trend: Назарбаев – қазақ ұлтының батыры

24.03.2019

CNN: Ядролық қарудан бас тартқан көреген көшбасшы

24.03.2019

ШҚО: Көкпекті ауданында кәсіпкер 6 баланың анасына баспана сыйлады

24.03.2019

Глубокое ауданы Наурызды ерекше атап өтті

24.03.2019

Foreign Policy: Ең көреген мемлекет басшысы

24.03.2019

Global Times: Қазақстанның даңқы Назарбаевпен байланысты болған

24.03.2019

А.Мамин Президенттің су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты

24.03.2019

А. Мамин Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

24.03.2019

Алматы облысына жұмыс сапары аясында Асқар Мамин астананы қайта атауға қатысты пікір білдірді

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «MEDIKER 4K» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

24.03.2019

Димаш Құдайбергеннің Кремльдегі концертінің толық видеосы жарияланды

24.03.2019

Элизабетке ел риза

24.03.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының танкішілері Т-72 танкісінің қару-жарағынан штаттық оқ атуларды өткізді

24.03.2019

Наурызда айтылған бата

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу