Комментатор қағыс айтты ма?

Андре Уорд қазақшаға жатық екен... Әлде комментатор қағыс айтты ма?
Егемен Қазақстан
13.06.2017 4597

Қазақстан Президенті Кубогы үшін бокстан халықаралық турнир аяқталды. Әлемнің әр түкпірінен келген сайдың тасындай іріктілген саңлақтардың арасынан қазақтың шоқпар жұдырық жігіттері дараланды. Қуандық. Қатты қуандық. Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңісті қолдан, болмаса жолдан алған ала тақиялы ағайындардың сайлап әкелген боксшыларының бірде біреуі жеңіс тұғырына шыға алмай, дүние керектің мәнін ұқты.

Айтпағымыз ол емес еді. Спорт жайында ала қағазды шимайлап жүргеннен кейін бе, сол жарысты тамашалап отырғанда екі-үш рет қалта телефонымыз шылдырап мазаны алды. Тоқетері, телефон шалған адамның қазақ тілінде жүргізген комментаторға өкпесі қара қазандай. «Домбырам не дейді, мен не дейміннің» кері.

Бұрын да естіп жүрген кеп қой. Бокс, күрес түрлерінен тікелей репортаж жүргізіп жүрген әріптестерімізге сын көп айтылады.

Бокс бір жақта, комментатор бір жақта дейді.

Онысына келісеміз, енді. Расында, солай. Алысқа ұзамай кешегі боксқа оралайық. Қазақ тіліндегі жүргізушінің өзіміздің боксшыларға жанкүйер екендігі аңғарылады. Жақсы-ақ. Бірақ, қарсыласының да соққыларын көріп отыру керек қой. Біздің боксшы үш-төрт мәрте соққы жасап, біреуі таза тиеді. Ал, комментаторға бақсаң, үш соққысы да дөп тиген.

Қарсыласы бокс қолғабын жаңа киген мәнжубас емес, «мә, ұрсаң ұра бер», дейтіндей.

Осылай есіп отырып бір кезде комментатордың маторы қызып кетеді. Екі боксшының айла тәсілдері, ұрыс мәнері жайына қалады, ол бір жайтты қаузап, бокс көріп отырған жанкүйерлердің жүйкесін жүндей түтеді.

Біздің комментатор оған да қыңбайды, отырып алып шаршы алаңда жан беріп, жан алысып жатқан боксшыға қалай ұрыс салудың жайын үйрете бастайды ғой, ит жыныңды құрыстырып.

Аты-жөнін атамай-ақ қоялық, осы әріптесіміздің ерекше дарынына өз басымыз «ризамыз». Бұрыннан бар жағдай. Халықаралық турнирді жүргізіп отырады. Француз әлде ағылшын боксшысы раунд аяқталған соң өз бұрышына барады. Секундант-бапкері ауызы-ауызына жұқпай ұрыс тактикасын қалай өруді түсіндіруі мүмкін. Осыны біздің комментатор «Былай деп айтып жатыр», деп сөзбе сөз айтып береді. Мұндайда әлемнің барлық тілін білетін вундеркинд пе деп қалғандайсың. Саққұлақ екендігі рас. Әйтпесе, ринг бұрышында айтылып жатқан сөздерді қалай естиді. Кешегі бокста да солай болды.

Қазақстан екі-үш құрам қосқандықтан боксшыларымыз өзара кездесіп қала берді. Біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Жеңілген боксшы шаршы алаңды тастап кетпейді. Қарсы беттегі секундант-бапкердің қолын алады. Бапкер, әрине, өзімсініп арқадан қағады. Тілек тілеуі мүмкін. Қасында дауысын жазып тұрған бейнекамера жоқ. Ешкім естімейді. Бірақ, біздің саққұлақ комментатор естиді ғой.

«Алаңдама, келесі жолы сен жеңесің», депті Мырзағали Айтжанов. Осылай деген ой айтты-ау десе иланар едік, ал жүргізуші кесіп айтады. Дауысына екпін салып, сенімді сөйлеген соң, «әй, осы саққұлақ-ау», дейсің еріксіз.

Өзінен басқа да жұрттың бокс көретінінде шаруасы шамалы, боксшыға бапкерінің «мыйы жетіп» айта алмаған ақылды айтып отыратын, дәл тиген соққыларды анық көре алмай қалатын, артық есептеп жанкүйер боксшылардың да намысын шабақтайтын комментаторға «әлі-ақ сөзін түзер» деп кешіріммен қарап келіп едік, соңғысы расында шектен шығып кетті.

IBF/WBA/WBO нұсқаларын көнге тіккен Андре Уорд пен Сергей Ковалевтің реванш-матч өткізетін мерзімі белгілі. Сол туралы құлақтандыру жасаған әріптесіміз Сергей Ковалевқа қоқан-лоққы жасаған Уордтың бірталай сөзін мысалға келтірді. Андре Уорд түйдек-түйдек сөз айтыпты. Қазақша. Мәтелдетіп. Комментатор осылай айтты деген соң сенгіміз келген, әй, бірақ сене алмадық. Қазақтың жартысына жуығы қағынан жеріген құландай ана тілін білмей жүргенде әлемде қазақ деген халық барын білу, білмеуі мүмкін америкалық Андре Уорд жазған ол мәтелдерді қайдан жанынан шығарып айта қойсын.

Мұның бәрін неге таусыла айттық. Миллиондаған жанкүйерлер тамашалап отырған жарыстың жауапкершілігін әріптесіміз түсінсе, сөзіне, ойына мән беріп қорытынды шығарса деген тілек қой.

Сидней Олимпиадасы ойындары кезінде «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп «Теледидардың дауысын өшіріп тастап көрдім», деп еді. Жүйесіз сөз жүйкесін шаршатып жіберген соң айтқаны да.

Енді барлық қазақстандықтар осы тәсілді таңдау керек пе, қалай?!

Бұл жігіттер жарысты енді жүргізіп жүрген жоқ, жақсы тәжірибе іздесе Ресей комментаторларын тыңдаса болар еді. Олар бас салып спортшының атақ-даңқын тізіп шықпайды, жанкүйерлер біле бермейтін қырларын тауып қызықтырады, жақсы талдау жасайды, шаршы алаңнан сыртқа маңып кетпейді, қысқасы, рахаттанып тыңдайсыз.

Үйренем десе бізде жарысты сауатты жүргізетін мықты спортшылар бар. Мәселен, бокста кезінде мемлекеттік жаттықтырушы болған, Сидней Олимпиадасында қазылық жасаған Серік Әбденәлиев ағамыз бар. Екі боксшының қандай тактика қолданғанын, қайсысында қандай кемдік барын, жеңістің кілтін іздеу үшін қандай амалға баруын оның ойын оқып отырғандай айтып береді. Бокстың ішек-қырындысын білетін азамат жанкүйерлерді алысқа жібермей пайымдауларымен баурап алады. Ермахан Ыбырайымов та анық айтады. Күрес түрлерінде, еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуковтың жүргізгенін тыңдау бір керім. Қайсысының қандай мүмкіндігі бар, қазір қандай айлаға баратынына дейін бақайшағына дейін шағып талдап береді.

Ал, біздің комментаторлардың кемшілігі өзі жүргізіп отырған спорт түрін жақсы білмейтіндігі дер едік. Садриддин Ахметовті екі дүркін Қазақстан чемпионы деп хабарлады. 19 жасар, ересектер дуына енді өткен Садриддин қалай екі рет чемпионатта топ жарады. Жасөспірім, жастар немесе ересектер арасында екендігі айтылмады. Қазақша жүргізген әріптесіміз күмәнданғанымен орысша сөйлейтіні сенімді айтты. Сол сияқты біздің комментаторлар сүйіп айтатын атып ұрды, шалып жықты да күрес әдісі емес қой.

Спорт журналисі спорт залға көп баруы керек. Ақыры кәсібің, нәсібің екен – солармен бірге қайна. Бұл ретте Индира Бектенова, Павел Цыбулинді мысалға алуға болады. Оларда білмегенін білуге құмарлық бар.

Біз мұны біреуді кекету, мұқату үшін жазбадық. Көрермендерді аяңыздар. Шағым солардікі. Әйтпесе, Нұртөре Жүсіп айтқандай, дауысты өшіріп тастап тыңдайтын күйге жетеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Станимир Стойлов: 4 таймның тек біреуінде ғана осал болдық

22.02.2018

Белоруссия сапындағы Динара Әлімбекова Олимпиада чемпионы атанды

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу