Конституциялық өзгерістердің тарихи кезеңі

Біз ел тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам уақыт ке­зеңінде демократиялық даму мен жаңғырудың абыройлы да сәтті жолын өткеріп келеміз. Бұған күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жария түрде қол қойған сәті айқын дәлел бола алады.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 1327

Елбасы еліміз еге­мен­дік алған күннен бастап Қазақ­стан­ның болашағын алдын ала айқындап бергендігін атап айтар едім. Бұл жолғы конс­титуциялық реформа да еліміз­дің келешегін тереңінен ойлас­тырып жасалған тағы да бір нақты қадам болды деп санаймын. 

Осы орайда Елбасы тарихи құжатқа қол қойғаннан кейін сөйлеген сөзінде: «Бұл қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам», деп атап көрсетуі бүгінгі әлем­дік экономика мен саясаттың даму үрдісінен біздің еліміздің де кейін қалып қоймауы мен жаһанданудың түрлі сындары мен қатерлеріне алдын ала да­йын болуымызды қамтамасыз ететін маңызды реформаның бірі екенін атап көрсетті.

Еліміздің даму бағыты 1995 жылдың 30 тамызында бүкіл­қазақстандық референдумы барысында қабылданған Конс­титуциямызда анық белгі­ленген болатын. Міне, со­дан бері де 21 жыл уа­қыт өтті. Елбасының көре­ген­­дігі­нің және кез келген сәт­те батыл да дұрыс шешім қа­был­­дауы­ның арқасында Қазақ­­стан аз уақыттың ішінде қарыштай дамып, әлемдегі танымал, сыйлы, өзіндік абыройлы орны бар іргелі де қуатты мем­лекет­тердің біріне айналды.

Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы тұ­рақ­тылы­ғын, эконо­мика­сы­ның қа­рышты дамуын, халық­тың әлеуметтік жағдай­ларының жыл сайын жақсара түсуін, рухани саланың жетіліп келе жатқандығын айтар болсақ, соның барлығы Елбасы алдын ала айқындап, бір жүйеге бағыттап берген бағдарымен мүмкін болған жайлар еді. Әрине, дамуымыздың әр кезең­дерінде қиындықтар да болды. Алайда, Елбасы қандай да бол­сын сол қиын да күрделі ке­дер­­гілерден өтудің жолдарын анықтап, дер кезінде шешім қа­­был­дап отырды. Біз соның нә­­ти­­же­сінде әлемде болып жат­­қан қандай да болсын дағ­дарыс­тар­дан қиналмай шығып келеміз.

Уақыт біздің алдымызға жаңа талаптар қойып, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастардың өзгеріп тұратыны сөзсіз. Бүгінгі өркениеттің даму қарқынының шапшаңдығы соншалықты, қазіргі білім де, ғылым да сәт сайын қарыштай даму үстінде. Адам баласының бұрын-соңды ойына кіріп-шықпаған жаңа технологиялар пайда болуда.

Әлем бойынша сол жаңа технологиялардың пайда болуы өндіріс пен өндіруші күш­тердің ара қатынасын жоға­ры жаңа деңгейге көтерері де анық. Міне, сол үшін де Елбасы өзінің биылғы Жолдауын «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» деп атай отырып, қазақстандықтарға жаңа бағыт, жаңа серпіліс беріп, алдымызға тың міндеттер қо­йып отыр. Қазақстанның осы Үшінші жаңғыру кезеңінде, яғни дамуымыздың ендігі жаңа бағытында алдағы 10-20 жылдың аралығында орын­далуға тиісті міндеттерді то­лық жүзеге асыру үшін оған жаңа­ша көзқарас, мемлекеттік бас­қару­дың жаңа тәсілі қажет.

Бұл жайында Елбасы биыл­ғы жылдың 25 қаңтарында жасаған саяси мәлімдемесінде еліміздің және келер ұрпақтың болашағы үшін өзінің консти­туциялық реформа жасау жө­нін­де шешім қабылдап отыр­ған­д­ығын айтқан бола­тын. Үндеу жарияланған күннен бастап, халықтың қызу тал­қы­сына түсіп, қолдау тапты.

Конституциялық рефор­маның халықтың қолдауы ол Елбасына өз елінің үлкен сенімі болатын. Халқымыздың өз Президентіне әрдайым сене­тіндігінің және үнемі қол­дайтындығының тағы бір ай­қын көрінісі де осы еді. Өйт­кені, қазақстандықтар Елба­сының жаңа конститу­циялық реформасы елімізді жаңа белестерге көтеретіндігін халық та анық түсініп, айқын сезіне білді. Ал реформаның бас­ты мақ­саты Қазақстандағы мы­қ­­ты пре­зиденттік билік­ті са­қ­­тай отырып, Пар­ла­мент пен Үкіметтің жауап­кер­ші­лі­гін арт­тыруға бағыт­тал­ған. Бұл өзгерістер Елба­сы­­­ның алдағы уақытта да ел болашағы үшін ішкі тұрақтылықты, экономиканың дамуын, халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарту­ды, сыртқы саясатта да бар­лық мемлекеттермен достық қарым-қатынасты орнықтыра түсу жолындағы абыройлы істерінің жемісті бола түсуіне жаңа серпін берері анық. Сонымен бірге, Елбасының Қазақ­станның әлемдік қоғам­дастық арасындағы имиджін одан әрі көтеру, еліміздің қор­ғаныс қабілеті мен қауіп­сіздігін нығайту үшін билік тармақтарының арбитрі болып қала беруі ең дұрыс бағыт болып табылады.

Еліміздің болашағы үшін Үкіметтің әкімдермен бірлесе отырып, экономиканың дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тікелей жауапты болуы – бүгінгі және ертеңгі күннің талабы. Конс­ти­ту­циялық рефор­ма бойынша ен­дігі арада Парламентке де үл­кен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ең бастысы, Үкімет ор­ган­­дарының Қазақстанның заң тала­птарын орындауға пар­ла­мент­тік бақылауды кү­шей­ту, заң қа­был­дауды сапалы жа­ңа деңгейге көтеру, еліміз бюд­же­ті­нің жұмсалуын назарда ұс­­тауға қатысты міндеттер де елі­­міз­дің алдында тұрған сан қи­­лы істерді ойдағыдай жү­зеге асы­руға аса қажетті деп са­най­­­мыз. Өйткені, Парламент өк­і­­­лет­тіктерін кеңейтудің мем­ле­кет­­­тік басқаруды одан әрі же­ті­л­­­діру­ге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Бұл жолғы конституциялық ре­форма да Қазақстанның әр­бір азаматының болашағына оң өз­герістер әкелеріне сенімдімін.

Ерболат МҰҚАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Астанада сөйлеу процессорларын баптау жұмыстары жүргізілді

17.01.2018

Қостанайда боксит өндіретін жаңа карьерлердің құрылысы аяқталды

17.01.2018

Үндістанмен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға түзетулер қаралды

17.01.2018

Қ.Тоқаев: «Басты міндетіміз – Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету»

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу