Кооперативтердің дамуына не кедергі?

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін айтып, шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға тиісті жағдай туғызу қажеттігін айрықша атап өткен еді. Шығыс Қазақстан облысында бұл бағытта бірқатар шаруалар қолға алынып, кооперативтердің қатары көбейе бастады. Алайда, жұртқа пайдалы жұмыс істесем деп жұлқынып жүрген іскер азаматтардың аяғына тұсау болып, ісін ілгері бастырмай, іркілтіп отырған кедергілер де жоқ емес.
Егемен Қазақстан
14.04.2017 828

Несие алу неге қиын?

Мәселен, шекараның шебін­дегі, елдің шетіндегі, желдің өтіндегі Катонқарағай ауданында кооператив құрып, жұртпен бір­ге жұдырықтай жұмыла жұмыс іс­теу­ге даяр азаматтардың қата­ры бар­шы­­л­ық. Соның бірі – 20 мүшесі бар «СПК Тайшы» кооперативінің басшы­сы Жо­ма­рт­қан Күндебаев. Ауыл тұр­ғын­да­р­ы­ның көпшілігінің ақ адал малын амал­дың жоқ­ты­ғынан алыстан келетін алып­са­тарларға арзан бағаға сатып жүргені бе­л­гілі. 

– Тараз, Шымкент жақтан келетін алып­-сатарлар сиыр етінің келісін 600-700 тең­геден бағалап, бұзаулы сиырды 120 мың­ға алып кеткен кездері де болды. Қыл құй­рықтының да құны қалмады. Құлынды би­ені әрі кетсе 250 мыңға алады. Қойдың ба­ғасы 20-25 мыңнан аспайды. Халыққа обал ғой. Өскемен бізге 350 шақырым. Ба­рып-келгенің – 700 шақырым. 70 литр бен­зин жағып барып-қайтасың, оның үс­ті­не етті өткізу қиын. Сондықтан ауылды жер­дегі халықтың малын оларды қалаға сабыл­т­пай аудан орталығында қабылдаудың жол­дарын ойластыру қажет секілді, – дейді Жо­мартқан Күндебаев.

Жомартқан Күндебаев тері илеу зауы­тын да ашпақшы болып, жоба-жоспарын әзірлеп, бастамасы аудан, облыс бас­шы­лы­ғы тарапынан қолдау тауыпты. Қытайдан ар­найы кісілер келіп, бизнес-жоспарымен танысып, қызығушылық танытыпты. Кейін­нен олар кәсіпкерге хабарласып, бизнес-жоспарын интернет арқылы жіберуді өті­н­г­енімен, соңынан өздері хабар-ошарсыз кеткен.

Катонқарағай ауылындағы «Мәди» шаруа қожалығының басшысы Тілеухан Тоқтасынов та кепілдіктің зардабын тартып отыр. Айран, сүт өндіретін шағын зауыт ашуды жоспарлаған азамат несие алмақ ниет­пен Өскемендегі бірқатар банктердің есік­терін тоздырыпты. Сосын жобасын жы­лы жауып қойған көрінеді.

Банктер елге бет бұра ма?

Кепілдік мәселесі ауылдағы талай ша­руа­ның көңілдерін су сепкендей басып отыр­ған жайы бар. Әсіресе, қолында азын-аул­а­қ малы бар шағын ша­­­руашылықтарға қиын тиіп отыр­­­ған секілді. Катонқарағай ау­­­д­а­ны­ның Топқайың ауылы­н­-

да­ғы «Сал­танат» шаруа қо­жа­­лығының бас­шысы Қар­шы­ға Мәмиеваның 30 шақ­ты ірі қарасы бар. 2012 жы­лы мем­ле­кеттік бағдарлама ар­қылы не­сие рәсімдеп, жайылы­мы, ша­­бындығы бар мың гектар жер­ді жалға алып­ты. Ангус тұ­қым­ды бұқа сатып алып, мал­­ды асылдандырғысы, мал бор­да­қы­лау ала­ңын ашқысы ке­ле­тінін айт­қан ауыл тұр­ғы­ны ойын іске асы­руға кепілдіктің кедергі кел­ті­ріп отырғанын жет­кізді.

– Катонқарағайда негізінен ағаш үйлер салынады. Мұны банктер дұрыс есептемей отыр. Үлкен деген, төрт бөлмелі үйдің өзін 1 миллионға бағалайды. Бұл ақшаға не келеді? Мәселенің барлығы кепілдікке келіп тіреліп тұр. Қалада бізге ешкім үйін кепілдікке бергісі келмейді. Ау­ылда мал мен жерден басқа не бар? Банктер жерді кепілдікке алғанымен, оны да төмен бағалап отыр. Қымбат болуы үшін жер біздің меншігімізде болу керек екен. Малды да кепілдікке қойдырады. Бі­рақ үлкен сиырларды кепілдікке қоюға рұқ­сат бермейді. Тек 1 жастан 2 жасқа дейінгі жас малдарды ғана алады. Бізде 7 ай қыс. Мал­ды қыстан шығармақ түгіл, өзіміз қыс­тан әрең шығамыз. Етті қалаға жет­кізу де қиын. Біздегі малдар кө­бі­не табиғи жол­мен семіреді. Жа­с­анды қоспалар өте қым­бат. Тех­никаның бәрі ескі. Жөндеп есің шы­ғады. Жанар-жағармай қым­бат. Жем қым­бат, – деген ол осын­дай таулы жерде, кли­маты қо­лайсыз аймақ тұрғындарына н­е­­сиені 5 жылға емес, 10 жылға бер­се, несие берген кезде қыстың қиындығы, жергілікті жердің ерек­шеліктері ескерілсе, Үкімет та­рапынан жеңілдіктер жасалса дейді. 

Катонқарағайдағы үйлердің арзанға ба­ға­ланатынын аудан­дық кәсіпкерлік және­ ауыл ша­руашылығы бөлімінің басшысы Рақымғали Байгереев те жоққа шығармады.

– Мысалға Тарбағатай ауданын алайық. Үйлер 10 миллионға дейін бағаланады. Бізде үйлер әрі кеткенде 3 миллионға бағаланады. Оның өзі сирек. Біздің ауданда мәселе көп. Оны шешу үшін іргеміздегі Қос­ағаштағы секілді еркін экономикалық ай­мақ құру қажет. Сосын ауданға әкелінетін та­у­­арларға жеңілдік жасалса. Әсі­­ресе, са­лық жағынан. Сонда ға­­на халық көшіп келер еді, – дей­­ді бөлім басшысы.

Екінші деңгейлі банктердің елдің есін шығарып, құжынаған құжат жинатып, әуреге салып отырғанын өзі де бұған дейін бірнеше несие алып, мал сою алаңын ашқан Ка­тонқарағайдағы «Атамекен» ша­руа қожалығының басшысы Тоқтасын Бәкімбаев та айтты.

– Үкіметке ешқандай өкпеміз жоқ. Жақ­сы бағдарламалар қа­был­дап жатыр. Субсидиясын да алып жатырмыз. Мәселе, Үкі­­ме­т­­тің бағдарламасы мен ха­лық­тың ортасындағы екінші дең­гей­лі банктерде болып тұрған жоқ па? Сұрамайтын құжаты жоқ. 10 миллион теңге несие алу үшін 30-40 миллион теңгенің кепілдігі қажет. Күнін әзер көріп отырған ауылдағы жұрт оны қайдан табады? – деген кәсіпкер аймақта аусылдың шығуына байланысты соңғы 5 жылда басқа облыстарға ет шығаруға шектеу қойылғанын, мұның мал сүмесіне қараған шаруаларға қиын тиіп отырғанын жеткізді. 

Құнсыз өнімде қайтарым бола ма?

Мал өткізу бұрын өз алдына жеке аудан болған Марқакөл өңірінде де өзекті мәселеге айналып тұр. Қысы 8 айға дейін созылатын өңір тұрғындары қалаға мал апарып сатуды да ұмыта бас­тағандай. Себеп белгілі. Жер шал­ғай, жол нашар. Апар­ған ма­лыңның жарты ақшасы жол шы­­ғынына кетеді. Сосын не іс­тейді халық? «Іш қазандай қай­найды, күресерге дәрмен жоқ» болған соң, амалсыз алыстан келетін алып­сатарларға өт­кі­зеді. Сиырын – 150, құлынды бие­сін – 250, жабағысын 60-70 мың теңгеге сатуға мәжбүр.

– Бұрын аудан орталығы бол­ған Теректі ауылы мен қазіргі ау­дан орталығы Күршімде мал сою алаңдары ашылады деп еді. Те­зірек ашылса жақсы болар еді, – дей­ді Марқакөлдің түкпіріндегі Төс­қайың ауылының тұрғыны Есенгелді Нәзбиев.

Әрине, Шығыс Қазақстан­ның бар­лық ауылдары алып­са­тар­лар­дың арбауына түсіп, санын со­ғ­ып отыр деуге келмес. Мә­се­лен, Үржар ауданының тұ­р­­­ғын­да­ры түлігін қалаған ба­ға­сы­на өт­кізіп жүр.

– Біздің ауданда малды өт­кізу жағынан мәселе жоқ. Ау­ыл тұр­ғындары малын аудан ор­та­лығында сата алады. Ауылға арнайы барып, мал сатып алатын адамдар да бар, – дейді Егінсу ауылдық округінің бас маманы Өмірбек Исабеков.

Бірдей бағалау әділет пе?

Облыс орталығына жақын аудан тұрғындары малын қалаға жет­кізудің емес, өткізудің қия­мет-қайым екен­дігін айтады. «Өскемен жақын ғой. Тез-ақ же­тіп барасың. Әрі кетсе барып қайтқаныңа 20 литр бензин жағарсың. Мәселе – онда емес. Мәселе – базардағы ет алу­­­шыларда. Апарған етіне сол мал­­ды өсірген қожайын емес, ба­­зардағы сатушы әйелдер қо­жай­ын. Солардың айтқаны заң. Де­геніне көнбесең, етің дұрыс өт­пейді» дейді Өскеменге 60 шақырым Алғабас ауылында тұратын Жұмабек Жәпішев.

Алыстағы аудан тұрғын­да­­рымен пікірлескенімізде көп­­­ші­лігінен: «Облыс орта­­лы­­ғы – Өскемен тым шалғай. Оның үс­тіне базарда етті дұрыс қа­был­­дамайды. Сатушылардың ет әкелетін өз адамдары бар. Со­ларды тосып отырады. Біздің еті­мізді төмен бағамен алады. Сосын қалаға барғың да кел­мей­ді» деген сөздерді естідік. «Са­тушылар бұған не уәж айтар екен?» деп Өскемендегі ор­та­лық базарға барып, сатушылармен тілдестік. Атын айтпауды өтін­ген бір сатушы аудандардан малды қабылдамайтынын, өзі­нің ет әкелетін адамдары бар еке­нін жасырмады. Тағы бір сату­шы облыстың қай түкпірінен мал әкелсе де қабылдайтынын, еш­кім­ге шектеу қойылмайтынын айт­ты. Дегенмен, сатушылардың к­ө­бінің келіскен адамдары бар еке­нін, базарға шаруа қо­жа­­лық­тарынан тікелей мал әке­ле­тін­дер­дің сирек болатынын, не­г­і­зі­нен алыпсатарлармен жұмыс іс­тейтіндіктерін жеткізді.

Түйін

Облыс орталығынан шалғай жат­қан ауыл тұрғындардың пі­кірі аудан орталығында малды, ма­л­дың етін қабылдайтын арна­йы орындар ашылса, қаладағы ба­зарлар алыс аймақтарда тұра­тын халықтың түлігін жоғары ба­ға­мен қабылдаса дегенге сая­ды. Несиені ресімдеу кезінде қа­ғаз­­бастылық азайса және банк­тер кепілдік сұрағанда шал­ғай­дағы аудандарға жеңіл­дік­тер қа­­ра­с­тырылса дейді.Сон­дай-ақ, субс­идиялау кезінде са­раланған та­риф­терді енгізу қажеттігін айтады.


Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»


Суретті түсірген

Есімхан ОРЫНБАЕВ

Шығыс Қазақстан облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2017

«Астана» велоспорт клубы «Тур де Франс-2017» турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады

26.06.2017

Сенат Төрағасының орынбасары Финляндия Республикасы Парламентінің депутатымен кездесті

26.06.2017

Петропавлда тұңғыш рет «ҚымызFest» фестивалі ұйымдастырылды

26.06.2017

Әскерилер өнері көпшілікті тәнті етті

26.06.2017

Қарағанды кәсіпорындары 2278 бос жұмыс орнын ұсынып отыр

26.06.2017

Шығыстың сарбаздары «Әскери керней» халықаралық фестивалінің Гран-при жүлдесін биыл да иеленді

26.06.2017

Маралды көлінің жағалауы демалушылар үшін абаттандырылмақ

26.06.2017

«Атамекен» Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтасу бойынша меморандум түзді

26.06.2017

Динара Сәдуақасова шахматтан FIDE-нің аймақтық чемпионы атанды

26.06.2017

Павлодар Ораза Айт мерекесіне 18 қазан палау дайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Балқаш туризмін дамыту үшін көлік қатынасы жақсартылады

26.06.2017

ШҚО-да оқушылар үшін 889 демалыс лагерьлері мен алаңдары жұмыс істейді

26.06.2017

ШҚО-дағы Үбі өзені үстінен жаңа көпір салынады

26.06.2017

Павлодарда оқушылар киіз үй лагерлерінде демалады

26.06.2017

Павлодарда "Мен қазақпын"мега-жоба жүлдегерлері аталды

26.06.2017

Мәйіттің бүйрегін алу заңға қайшы келмейді

26.06.2017

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі өтті

КОЛУМНИСТЕР

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу