Коста-рика қазақтарды қонаққа шақырды

ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Коста-Риканың ұлттық күні мерекеленді. Та­биғаттың қуатын таңдаған елде өндірілетін энергияның 98 пайызы баламалы қу­ат көздеріне тиесілі. Сондықтан, латынамерикалықтар ЭКСПО көрмесіне қы­зығушылық танытып, осы салада жеткен жетістіктерімен бөлісуге арнайы кел­ген.
Егемен Қазақстан
27.07.2017 1153
2

Ядролық арсеналдан өткен ғасырдың орта тұсында бас тартқан Коста-Рика бүгінгі Қазақстанның ядролық қарусыздану бастамасын қолдайды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1996 жылы орнаған. Қазіргі таңда қос тарап сан салада ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Әсіресе, медициналық туризм бойынша байланысты бекемдей түспек.  

«Латын Америкасындағы жасыл энергияның үлесі 90 пайыз болады. Мұнда күн және судан қуат алатын әлемдегі ең ірі кәсіпорындар орналасқан. Бұл орайда, Коста-Рика да қалыспайды. Біз күн, жел, биомасса, геотермалды және гидро энергияларын өндіреміз. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылы жаңартылатын энергияның үлесі әлем бойынша 22,3 пайызды құрады. Ал, біздің елдегі бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтады», деді шараның ресми бөлімінде елдің сыртқы саясат бойынша бас директоры Кристиан Фернандес.

Американың орталық бөлігінде орналасқан Тынық мұхиты елінің өкілі Коста-Риканың қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайтынын, әдемі әрі демократиялық мемлекет екенін жеткізді. «Ондағы экотуризмнің дамуы Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан үшін де үлкен қызығушылық және әлеует туғызуы мүмкін. Біз қазақ жұртынан Коста-Рикаға туристердің көбірек келгенін қалаймыз», деді ол. К.Фернандес ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу елі үшін үлкен құрмет екенін де атап өтті. 

Қазақстан тарапынан сөз сөйлеген Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева екі ел арасындағы міндетті медициналық сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы әңгімеледі. «Ұлттық күнді атап өту қатысушыларға ұлттық мәдениеттің, өмір салты мен дәстүрдің үздік үлгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Коста-Рикамен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салаларда ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық туризм мәселелері және басқа да бағыттар бойынша да қарым-қатынасты тереңдету мен кеңейтуге мүдделі», деді вице-министр.

Шараның ресми бөлігінен кейін қазақстандық көрермендер белгілі саксофоншы, есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген Джованни Эскалантенің өнерін тамашалады.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу