ҚР World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үздік үштікке кірді

Егемен Қазақстан
02.11.2016 1412

Түркияның Анталья қаласында аяқталған «Анталья ЭКСПО - 2016» халықаралық ботаникалық көрмесінде қазақстандық павильон қатысушы 54 мемлекеттің ішінен үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. Түркияда алты ай бойы өткен World Botanic EXPO-2016 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қазақстандық павильон бақша экстерьері мен интерьерін жасау номинациясында үшінші орын алды. Қазақстандық павильонды көрме барысында 75 елдің өкілі тамашалаған. Қазақстандық павильонның экспонаттарын ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы Ботаника және фитоинтродукция институты әзірлеп, көпшілікке ұсынған. Павильон қонақтары палеоботаникалық үлгілер жиынтықтары түрінде жасалған Қазақстанның флорасының тарихымен танысып, «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сегіз ағаш тұқымдас өсімдік түрін көре алды. Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген «Анталья ЭКСПО-2016» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челиктің айтуынша, 191 күннің ішінде көрмеге 4,5 миллионнан аса жергілікті және шетелдік қонақ келген. Кейбір күндері көрме қонақтарының саны 70 мыңнан асқан. «Анталья ЭКСПО-2016» халықаралық ботаникалық көрмесі өз жұмысын 22 сәуірде бастаған болатын. Көрме философиясы - «Болашақ ұрпақтың жасыл әлемі», басты тақырыбы - «Гүлдер мен балалар». Көрме аумағы 120 гектарды құрады, онда 54 мемлекеттің павильоны жұмыс істеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

20.08.2018

Спортшы Сергей Левадний қайырымдылық шарасын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу