Кремльден келген пәрмен

Қазақстаннан тыс жерде өмір сүрген қазақ диаспорасының да бастан өткерген қилы-қилы тарихы бар. Соның бірі – Шыңжаң өлкесіндегі Алтай қазақтарының жергілікті билеушілерге қарсы көтерілісі. Бұл оқиғаның туындауына негізгі себеп, 1937-1938 жылдары Кеңес елінде жүргізілген репрессия науқаны 1938 жылдың соңын ала қытай қазақтары арасында да жалғасуы еді. Өйткені, ол кезде Шыңжаң өлкесін басқарушы өкіл Шен Шицай КСРО көсемі Сталиннің тапсырмасын орындаушы қуыршақ билік иесі болып саналатын.
Егемен Қазақстан
24.05.2017 3168
2

Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста Шен Шицай қамқоршылық танытып келген Кеңес елінен қол үзді. Себебі, ол бұл соғыста Кеңес армиясы сөзсіз жеңіледі деп ойлады. Сөйтіп, 1943 жылдың басында Шыңжаңда қызмет атқарып жүрген кеңестік мамандар мен әскери күштік құрылымдарын елден аластатып, оның орнына Чан Кайши басқарған гоминьдан әскерлерін енгізді.

Шығыс Түркістан өлкесін бақылау қолдан шығып бара жатқанын аңғарған Сталин өлкеде гоминьдан әскеріне қарсы тұрған жалғыз күш Оспан батырды қолдау қажет деген шешім шығарды. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Шыңжаң-Алтай өңіріне шекаралас Моңғолияны пайдалануды көздеді. Оның сыртында, батыс шекарада пайда болған соғыс өрті араттардың да мазасын қашырып ығыр бола бастаған-тын. Моңғолия басшысы Чойбалсан 1943 жылы КСРО Сыртқы істер министрі В.Молотовқа хат жолдап, батыс шекарадағы тұрақсыздыққа байланысты Қытай еліне ресми нота жолдауға рұқсат  сұрайды.

1943 жылдың 27 желтоқсанында Моңғолиядағы КСРО-ның Төтенше және өкілетті елшісі И.Иванов Үкімет төрағасы Чойбалсанға жолығып, оған «дереу келсін» деген Мәскеудің сәлемін жеткізеді. 1944 жылдың 14 қаңтары күні Мәскеуге табаны тиген Моңғолия басшысын КСРО Сыртқы министрлігіндегі Шыңжаң мәселесімен айналысушы В.Деканозов күтіп алады.

Қаңтар айының 22-сі күні Шыңжаң мәселесі бо­йынша Молотов, Иванов, Чойбалсан үшеуін Сталин қабылдайды. Бұл басқосудан шыққан қорытынды: Шыңжандағы гоминьдан күшін әлсіретудің жолы Оспан бастаған көтерілісшілерді пайдалану дегенге тоқталады. Сталин дереу армия генералы А.Антонов пен Забайкалье әскери округінің қолбасшысы М.Ковалевті шақырып алып, Чойбалсан арқылы Оспанға беретін қару-жарақтың мөлшерін айтып, дереу орындаңдар деген бұйрық береді.

Сөйтіп, Сталиннің бұйрығы бойынша 1944 жылдың 28 ақпанында Моңғолияның батысы Қобда аймағының Алатөбе деген жерінде Чойбалсан мен Оспан жолығады. Бұл кездесу 3 сағат 30 минутқа созылған. Чойбалсанның қасында елші Иван Алексеевич Иванов бірге болады. Оспан батырдың сарбаздары қабылдаған қару-жарақ туралы хаттамада: 1. Бесатар – 395. 2. Жеңіл пулемет – 30. 2. Ауыр пулемет – 6. 3. Граната – 2000. 5. Бесатар оғы – 200 000. 6. Автомат – 45. 7. Автоматтың оғы 100 000 деп көрсетілген.

Осыларды өткізіп беруші ретінде хаттамаға Моңғолия Ішкі істер министрі Шағдыржап, генерал-майор Курбатов және Хасен Панатаров деген қазақ азаматы қол қойған.

Арада көп уақыт өтпей, яғни наурыздың 5-і күні маршал Чойбалсан көтеріліс басшысы Оспан батырмен екінші рет қайта жолығады. Бұл кездесудің хаттамасы қағазға түспеген. Бірақ, сол тұста Моңғолия Әуе күштерінің бас қолбасшысы, қазақ генералы Жайсанып (Зайсанов) Мүдәрісұлы ол екеуіне тілмаштық жасаған. Яғни, ертеңінде, наурыз айының 6-сы күні Чойбалсан Сталиннің атына бұйрықтың орындалғаны туралы: «Мәскеу. Жолдас Сталинге. Оспан туралы толық мәлімет алдық. Ол сөзге сараң, секемшіл, діндар, тақуа адам екен. Қару-жарақты түгел тапсырдық. Қатты риза болды. Оспан кешікпей Алтай аймағын гоминьдан әскерінен азат етуі тиіс...» деп сүйіншілеген радиохабар жіберген.

Мақаладағы фотолар, құрметті оқырман, Оспан мен Чойбалсанның кездесу кезінде түсірілген. Бұл суреттер Лхағасурен деген фототілшінікі. Осы кісіден фото-құжаттарды Баян Өлгейдегі тарихшы бауырымыз Ербол Доманұлы деген азамат бірнеше жылдың алдында қалап алған екен. Өткен ақпан айында Моңғолияға барған сапарымызда Ерболдың қолындағы сирек суреттердің оншақтысын біз қалап алған едік. Солардың бірнешеуін тұңғыш рет жариялап отырмыз.

Бекен Қайратұлы,
«Егемен Қазақстан»

Моңғолия, Баян Өлгей аймағы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Jaýapkershilik joq jerde...

22.01.2019

Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсырады

22.01.2019

Бюджет жобалары артық шығынды көтермейді

22.01.2019

Тарихи-мәдени мұра – баға жетпес қазына

22.01.2019

Қоғам жаңғырмай, сана жаңғырмайды

22.01.2019

Суармалы алқаптар қалпына келтірілуде

22.01.2019

Білімді азаматтар жемқорлыққа неге жол береді?

22.01.2019

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

22.01.2019

Сапалы жолды сақтаудың әлегі

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу