Күндерімнің куәсі (екінші бөлім)

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің күнделік дәптерінен (Жалғасы. Басы 62, 70-нөмірлерде)
Егемен Қазақстан
20.04.2017 2941

15.05.2013

Туған жер, тауың да ыстық, тасың

да ыстық,

Туған жер, кәрің де ыстың, жасың

да ыстық.

Туған жер, туған жер,

Балапан, көбелек қуған жерім-ай – деп Кенен атам айтпақшы, туған жерге еш­теңе жетпейді. Оның тауы да, тасы да; ойы да, қыры да; топырағы да, құмы да; суы да, нуы да, адамы да, малы да ыстық. Қан­ша жасқа жетсең де туған жерде баладайсың. Сені ата-анаңдай аялайтын да – сол туған жер.

Менің туған жерім – Жамбыл облысы, Талас ауданындағы алақанның ая­сын­­дай Ақтөбе дейтін ауыл. Мен үшін жер­­дің кіндігі де, жұмағы да сол Ақтөбе. Дү­ние­нің талай жерін, талай елін араладым, со­н­да да Ақтөбедей сұлу, Ақтөбедей жай­лы-жайсаң, Ақтөбедей әдемі жерді кө­ре алмадым. Рымғали Нұрғали марқұм: «Сендер бақыттысыңдар, сендердің туған жерлерің бар. Менің бүгінде туған облысым да, туған ауылым да жоқ. Бәрі де апат аймағына айналды», деп жылаушы еді. Қандай аянышты!

Менің туған жерім де, туған ауылым да бар. Заман өзгерсе де, қоғам өзгерсе де, адам өзгерсе де менің ауылым өзгерген жоқ. Сол баяғы күйінде тұр. Әлі күнге дейін жарымай-ақ қойса да, клуб, монша, мектеп, радиоторабы болмаса да, бү­гінде азып-тозып тұрса да, ауылымды жақ­сы көремін. Өйткені, мен сонда тудым, сонда өстім. Ата-анам сонда жатыр. Ағай­ыным-туғаным әлі де сонда тұрады. Жұ­бы жазылған жоқ, арасы ыдыраған жоқ. Біз білетін баяғы колхоздар да ылғи ата­ластардан, ағайындардан тұратын. Бір-бірінің жеті атасына дейін жақсы білетін. Бір теректен жапырақ жайған бұтақ екенін қадірлейтін. Бүгінде қазақ ұясынан безген бұлдырықтай болып жан-жаққа бөлініп кетті. Соның кесірінен ата дәстүрінен, ағайындықтан қол үзе бастады. Кезінде тайпасымен, руымен, аталасымен, ағайынымен жұбы жазылмаған, бірге көшіп, бірге қоныстанған қазақ быт-шыт болып бытырады. Мұның түбі жақсылыққа апармауы мүмкін.

Ауылды аңсаймын. Ауылға барсам жа­лаң аяқ қыр кешкен, балапан қуған алаң­сыз балалық шағым, ата-анам, көз көрген игі жақсылар есіме түседі. «Жақ­­сы­сы кетіп, жаманы қалған әдіре қал­ғыр­­лар» деп апам айтып отырушы еді, жа­рықтық. Бүгінде сол ауылда, апам айтқандай, жақсының бәрі кетіп, жаманы қалған сияқты. Ауылға барсаң бәрі де көз алдыңа келеді: жүзге жетсе де ажарын бермеген, бойы сырықтай Қызжан әжем; қызыл шырайлының ажарлысы, алып денелі, кісілігі бойына жарасқан әкем Жолдасбек; екі көзі танадай, кірпігі көзіне түскен, бойында еш міні жоқ, әнші, шебер анам Қалдыкүл; үкінің балапанындай абыз әкем Әймен; ежелгі грек ғұламаларынан аумаған Жекебай әкем; өмірі баласы Қырғызбайдың жолын тосумен өткен бір жапырақ Тұрсай әкем; кезінде мыңғыртып мал айдаған ағайынды Сапарқұл әкем, Андақұл жәкем; диқан Құрманбек, Әбдіраман әкелерім; бір-біріне ұқсамайтын саят-

шы, сері Әділбай, Өмірзақ, Бұрхан жә­келерім; қадірлі Жаңабай, Оспан жә­келерім; палуан Бәкір, Сүлеймен жә­келерім; мінсіз молда Әбдірәсіл жә­кем; әрқайсысы бір-бір театр Бол­сын­бек Жүсіпов, Махмұт Кенжетаев, Шә­ріпхан Жаңабаев, Шымыртай ағаларым; сүйекті бал­қытқан күйші Әйтпенбет Бұршақбаев, Шәмшілда Әл­жанов, Зиябек Қалыбеков, Боранқұл Қошмағамбетов күйшілер; әрі ақын, әрі әнші Іңкәшай, Жібек секілді асыл жеңгелерім; Сапақ датқаның бел балалары Шардарбек пен Зиябек; ше­ті­нен шаңқобызшы, ауылдың әнші-өнер­паз қыздары – бәрі де аядай ауылды ын­тымақ-бірлікке, жарасымдылыққа, кі­сілікке, өнерге бөлеген ғажап кісілер еді. Менің анам Қалдыкүл, жеңгем Іңкәшай шаңқобызды зар илетіп қалай тартушы еді!

Бүгінде сол ауылдағы ескіден қал­ған­дары – Шәріпхан мен Шымыртай аға­ларым.  «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген, міне, осы. Жердің көркі де, ажары да – адам. Ауылға барсаң балалар алдыңнан жүгіріп шығып, сәлем береді. Әкесін айтса да оларды тани бермеймін. Әйтеуір бөтен емес екенін білемін.

Мен бұрын жайқалып, жарасып тұратын, бүгінде берекесі кетіп, азып-тозған Ақтөбе деген кішкентай ғана ауыл­да 1937 жылдың мамырының 27-ін-

де Қоңыртөбенің етегінде туғанмын.

Әкем Жолдасбек 1947 жылы алпыс үш жасында, анам Қалдыкүл 1967 жылы 69 жасында, ағам Омартай 1995 жылы 73 жасында дүние салды. Атам Қожамқұл – көп жасаған кісі. Үшаралдағы «Ақынға» жерленген. Әпкем Зылиханы да сол «Ақынға» жерлегенбіз. Әкем, анам, әжем Қызжан, ағам Омартай, қарындасым Мырзакүл, інім Кенжебек Ақтөбенің зиратында жатыр. Арғы аталарымыз Тектұрмаста жерленген деп естимін. Би атамыз Темірдің, өз атам Ақботаның қайда жерленгені белгісіз.

Ақтөбе – тақиядай қарауыл төбе. Шамада бұл баяғы Сақ патшаларының бірінің қорғаны. Оны кезінде төрт геолог қаза бастап, төртеуінің де өлгенін білеміз.  Одан кейін ешкім қазған емес. Дөп-дөң­гелек. Қарауыл төбе тәрізді. Тө­ңі­­регі қа­лың ши, шеңгел болады. Сол ма­ңайды қаз­са болды, адамның сүйегі шы­ғады. Ке­шегі жоңғар шапқыншылығы, бая­ғы Тү­рік қағанаты кезінде талай қыр­ғын бол­ған жер. Ауылдың адамдары Ақтө­бенің үстіне шығып мал қарайтын.

Ақтөбенің түбінен мөлдіреп Көктал өзені ағады. Көктемде тасиды. Жаз бойы мөл­діреп ағып жататын. Мөп-мөлдір су­дың түбінде моншақтай болып шекем тастар кө­рініп жататын. Бүгінде өзеннің ындыны кеуіп, арнасы жоғалып барады.

Ақтөбенің шығысында – үлкен Дегерес, кіші Дегерес, ар жағы Қара­шең­гел, Тұздыкөл; оңтүстігінде Қапшағай, Ме­шіт, Ащы өзек, Талды әуіт, Қыскөпір, Жалаңбас қағы, Найза Қызыл, Бөріқазған, Тәңірқазған. Әрқайсысы тұнып тұрған тарих.

Қыскөпір – ілгергі заманда қолдан салынған ғажап құрылыс. Бұл жерде көне заманда қала болған. Бөріқазған, Тә­ңірқазған – адам баласы тіршілігінің ең алғаш пайда болған жері. Жалаңбас қа­ғы Ошақты, Аталық Жалаңбас батыр­дың атымен аталады. Ілгеріде Сапақ дат­қ­а Тәшкенде жиында жүргенде дұш­пан­­дары мөрін ұрлап, датқаның атынан ұл­дары Жолшыбек пен Тойшыбекке хат жа­зып: «Менен туғандарың рас болса, Жа­лаңбасты өлтіріңдер» деп мөрін басып жіберген екен. Хатты алғаннан кейін Жол­шыбек пен Тойшыбек Жалаңбасты сол Жалаңбас қағында өлтіреді. Мұны е­с­ті­ген Сапақ датқа: «Мұқалмайтын ал­мас қы­лышым-ай, асылым-ай, күш-қайратым-ай, асқар белім-ай, алынбас қамалым-ай!» деп еңіреп жылаған екен.

Осы оқиғадан кейін Ошақты-Тасжүрек пен Аталықтың арасына сы­на түсіп, көпке дейін ел іші бүлінген кө­рінеді.

Ақтөбенің солтүстігі – Мәлікбай, Ке­мер, ар жағы Ақсай, одан әрі Аса, Талас, Үш­аралға жалғасады. Асаның бойы іл­г­е­ріде ну қамыс болады екен. Кезінде Жолшыбек сол жерден жолбарыс алыпты.

Ақтөбенің батысында – Ащы өзек, Балжан сиген (бабам Бәденнің қыстауы), Тәукебай, Қанатты қызыл, Үш бұлақ, одан әрі Қаратаудың жотасы, Көсегенің көк жонына ұласады. Ілгеріде Талас, Сарысу аудандарының малшылары осы Көсегенің көк жонына жайлауға шы­ға­тын. Қаратаудың жоталары, құздары тол­ған арқар болатын. Қойыны тола шие, ал­ма, тобылғы еді. Шие піскенде иісі желмен біздің ауылға келетін. Қаратаудың қой­науы толған бұлақ болатын. Ондай тәт­ті бұлақтарды мен өзге еш жерден көр­ген емеспін.

Ақтөбенің теріскейі – Қоңыр төбе (үстіне шықсаң әлем көрінгендей болады; кеудесі толған кереней, жауқазын, көкемарал), Қарой, Көкпекті ой, одан әрі Сорбұлақ, Күміс төбе, аяғы Қаратаумен ұштасады.

«Әзіреті Қаратау – әулиенің кені еді» деп «Алпамыс» эпосында айтылатындай, Қаратау – әулиенің де, қазынаның да кені. «Сайрамда сансыз бап, Түркістанда түмен бап» демекші, баптардың бәрі осы әулие Қаратаудың қойнауында. Менің ауылымнан таяқ тастам жерде Саудакенттен сәл жоғары Баба түкті Шашты Әзиз жатыр. Ол – Ысқақ баптың баласы, Әзіреті Әлінің баласы Мұхаммед Қанафияның шөбересі Абдрахманның алтыншы ұрпағы. Ысқақ баптан Аққорған, Бақсайыс, Ыбырахым, Ахмет Ясауи туа-

ды. Мұхтар Әуезов – Бақсайыстың он үшінші ұрпағы.

Қаратау – тарихтың да, шежіренің де байтақ қазынасы.

Тарихтан біз білетін Едіге батыр – Баба Түкті Шашты Әзиздің баласы. Зар­лап, Алладан перзент тілеп жүргенде Бай­бө­рі мен Аналыққа Алпамысты беретін де, Нәрік пен Құлқанысқа Шора батырды беретін де – Баба Түкті Шашты Әзиз. Алпамыс та, Едіге де жорыққа аттанарда Шашты Әзиздің басына түнейді екен.

Баба Түкті Шашты Әзизден сәл жүр­сеңіз Созақ, Сызған (хандар мен би­лердің ордасы, Қарабураның, Сү­гір­дің, Төлегеннің, Тәкеннің туған жері), оның ар жағы Келіншек тау, Мың­жыл­қы, Шолаққорған. Гәуһар ана мен Мә­риям ананың бейіті осында. Қаратау қиялап Мойынқұммен аяқтасады. Мо-

­й­ынқұм – Қобыландының ата қонысы. Қо­быландының құдығы да осында. Айна­ла­сы қозыкөш жер.

Ілгеріде Майкөт ақын Құлан аян Құл­ман­беттен сағы сынып, біздің ауылға Са­пақ датқа атамызға сәлем бере келіп:

– О, Сапеке, Құлманбеттің өзі де би­ік,

жері де биік, елі бай екен, дес бер­меді. Ай­тысып көңілім қалмаған еді, Құл­ман­бет­тен сағым сынды, – деп шағынған екен.

Сонда датқа:

– Мәйеке, бақыт – қолға қонған құс, байлық – қолға ұстаған мұз, құс ұшады, мұз ериді, дүниенің қызығы Сіз бен Біз, – деп көңілін жұбатқан екен.

Менің туған жерім осындай. Ақ­тө­­бе­нің маңайынан әрісі адамзат та­ри­хы­ның, бе­рісі Сақ Ата зама­ны­­н­ың, Тү­рік қа­ға­натының, жоңғар шап­қын­шы­лы­ғының белгілері, ізі сайрап жатыр.

Ақтөбенің маңайы қалың қорым, түр­тіп қалсаң адамның сүйегі шығады. Қа­лың ши, қаптаған төмпешіктер. Қара­тау­­дың етегін, Ақтөбенің маңайын за­ма­н­ында талай әулиелердің, талай да­на­ла­р­­дың, талай ақын-жыраулардың, талай ше­шен­дердің мекендегені күмәнсіз. Көлбеп жат­қан Қаратауға тіл бітсе сайрар еді, шір­кін: «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біз­дей боларсыз» дейтін де шығар. Сол өңір­де қаншама сыр, қаншама тарих бар де­сеңізші, шіркін.

Мен ауылдың түбіндегі Қоңыр­тө­бенің үстін­де қозы-лақтай ойнап өстім. Төбесіне шықсаң, төңірек түгел көрі­не­тін, көңілің көтерілетін. Керенейі, жау­қазыны қандай еді. Олар гүлдегенде Қо­ңыртөбені жайна­тып жіберетін. Та­мы­рын гүлдемей тұрып жей­т­інбіз. Ке­ренейдің түбі – редиска се­кіл­ді, жауқ­азынның түбі тәтті пияз секілді бо­латын. Гүлдеген соң жеуге келмейді, қа­тып қалады.

Қаратау өңірінде бағзы замандардан же­лісі үзілмеген бақсылық, әншілік, ақын­дық, күйшілік мектебі қалыптасқан. Не­гізі қазақ өнерінің кені осы Қаратауда.

Байырғы қазақ келешекке айтарын дом­­бырасына, қобызына салып кеткен. Қазақтай ақын, қазақтай жырау, қазақ­тай дана, қазақтай шешен, қазақтай ке­мең­гер, қазақтай домбырашы, қазақтай қо­бызшы жоқ дүниеде. Қазақтың жаны жү­ре­гінде, тілінде, домбырасының шегінде, қо­бызының үнінде. Қазақтың жаны дом­бырасының үнімен, қобызының зарымен бірігіп кеткен.

Ауылға, Қаратауға барған сайын қо­быз­дың, домбыраның үні келеді құ­ла­ғыма.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

19.08.2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

19.08.2017

Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз

19.08.2017

Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады

19.08.2017

Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды

19.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

19.08.2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

19.08.2017

Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты

19.08.2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

19.08.2017

Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ

19.08.2017

Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды

19.08.2017

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

19.08.2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

19.08.2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу