«Күй өнері дертпен тең»

​Әп дегеннен Абай дана ұлағатын неге өз­гер­те­сің? – деп кінәларсыз. Солай айтуға, көкейге дөп тиюге оңтайлы болған соң келтірдік бұл сөз­ді.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 818

Қазіргі таңда әлемді рухани емес, диуани се­кірік (өзімнің терминім) билеп тұр. Дәлелдеп к­өрелік.

«Кітап оқу» деген тіркес, ұғым жоқ десе де болады. Мұны жалпақ жұрт емес, сол саланың, яки тіл мамандарының өзі мойындап қойған әлдеқашан. Тек бірді-екілі болмаса. Әйтеуір, жастардың мүшәйраға қатысып, өлең жазуы ғана көңілге медеу. Алайда, көбінің сарыны мұң, махаббат. Ұлттың, ұлтшылдықтың лебі баяу, кемсін.

Енді секірік дегенімізге келейік. Көшеде, да­лада, аспанда, қалада дейміз бе, жас та, жасамыс та құлағына ілген әлгі наушник (құлаққап) се­рік, көрік болып тұр. Тыңдайтыны – секірік. Кә­дімгі даңғырлақ музыка. Мынау не? – деп сұ­расаң, – «қазақша» деп қояды.

Қай телеарнаны аш – секірік. Жартылай жалаңаш қазақ қызы. Суға түскен, өмірден баз кешкен, жігіт қызды қуған, қыз жігітті қуған ерекше ғалам. Күні-түні бала-шаға көріп, көзайым ететін әдеттегі дүниеге айналды.

Тойға барсаң да сол. Шоу-думан «Жаманның сүйенгені топ пен дүрмек» (Абай) шуылдақпен бірге шулап, санамызды улап жатқан жай. Ән айтып, күй күмбірлеткен шағымыз көзден бұл-бұл ұшқан. Бала кездегі қазақ радиосынан берілген  күй, ән қайда қалды?! Біздің буынның ұлттық мәйегін мәпелеген қайран Қазақ радиосы еді. Сосын көркем әдеби шығарма еді. Бәрі ер­тегі, көзден көмескі, санадан үріккен.

Жуырда күйші, жазушы Сержан Шәкірат күйшілер қоғамын құру жөнінде дабылды үндеу мақала жариялады. Көңілдегі тоттанған тұтқыр датты жалтыратқандай. Егер қолдаушы болса, екі қол, екі аяқты көтеріп-ақ кірісетін нәрсе. Әттең, дейміз тағы да!

Іле-шала «Қазақстан» арнасындағы «Айтуға оңай­дан» тағы осы мәселе жылт етті. Әй­гілі күйшілер Б.Ысқақов пен Ш.Әбілтай  күй­ші­лер­дің орталығын құру туралы мәселе көтерді. Бұл хабарда да біз айтқан түйткілдер ортаға салын­ды. Алматыдағы салт-дәстүр орталығында күй­шілер отауы көтерілсе құба-құп деген бас­тамасы сол айтылған жерде қалмаса екен деп ті­ледік.

Осыдан бірер жыл бұрын Қарағандыда айтыскер ақын Қ.Мақсұтов республикалық «Шертпе күй» отауын құрды. Ол отау жұмысы жақсы-ақ басталды. Алайда, Тәттімбеттің мерейтойын өткізді, күй фестивалі дүбірледі.  Бітті, аяғы осылай сиыр­құйым­шақтанды.

Былтыр күйші Қ.Садуақасов (атақты Дәулетбек күйшінің ұлы) облыстық деңгейге көтеріп, « Шертпе күйді» жалғап еді, бірер концерттен соң түрлі себеппен жұмысы тоқырап тұр.

«Баланы – жастан» деп жатамыз. Мектепте бас­тауыш, одан соң 5-6 сыныптарда ғана 1 сағат музыка сабағы бар (осылай аталады). Күй өнері деген тақырып жоқ. Жәй ақпарат ретінде айтылған. Күй, ұлттық ән жеке сабақ ретінде аптасына 2-3 рет  берілсе ғой деп армандайсың.

Тағы телеарналардағы хабар беретін шақ­­тағы қойылатын демеу саз. Тап бір қыл­мыс­керді жазаға тартатын шақтағы бе­рі­летін қор­қы­нышты, үрейлі даңғырлақ. Ой­бай-ау – күй қайда, күй қайда?! Құрманғазы, Дәу­­леткерей, Тәттімбет, Дина, т.б. күйшілер, ару­ағыңыз кешірсін. Сіздердің рухи үндеріңіз тек арнау-

лы түрлі байқау, сынақтарда, ар­найы оқу орындарында болмаса, ұрпағыңыз біл­мейді де, естімейді де...

Мемлекеттік мәні бар шаралардан күй де, күйші де шетқақпай. Дәстүрлі ән болса, болмаса да шетке сырылған. «Құрманғазы», «Отырар сазы», біздің облыстық Тәттімбет атындағы, т.б. оркестрлерді мемлекет шамасы келгенше ұс­тап отыр. Алда-жалда концерт бере қалса, кө­рермені жасамыс адамдар.

Алаштың дүние жүзі мықтыларымен таласа алатын алтын әуенді күйі өзінің ұрпағына, төл перзентіне жат болмағы кімге қажет!? Әри­не, әлгі бізді аңдып жүргендер көп. Олар қол шапалақтап, қуана, бір көзін қысып қарап отыр. Тіпті, өзінің секірігін, даңғырлағын тық­қыш­тайды. Қазақ байғұс талмай жұтып жатыр. Со­дан болар, әніміздің сөзі ғана қазақша, сүйегі батысша. Тіптен, алпыс екі тамырымыз­ды жай­лап, қанымызда жын болып ойнақ салу­да. Театр жағдайы жөнінде сөз қозғасаң, та­ғы шығандап кетерміз. Ол бір «романның» ар­қауы.

Енді не істемек керек?! Күресейік, тіресейік, жығылайық, тұрайық. Шама келгенше, хат па, үндеу ме, жолдау ма – халыққа, төрде отырғандарға қарай бағыттайық. Дүние жүзі халықтарының арасындағы қазаққа ғана берілген рухани мұрамыз үшін жан салайық, жағаласайық.

Марқұм  А.Сейдім­бек­ «Күй – күмбез» кі­та­бында: «Күйші орындайтын шығармасының тарихын, авторын айтып тартқан.Тыңдаушыға сонда ғана етене етесің», – деп кестелеп еді ғой.

Өз дүниеміз өзімізге жат болып бара жатқан заманда бірлесе қимылдамасақ, ертеңгі рухани келешегіміз қалай болар екен? Өз басым білетін дү­ниемді барған жерде тартып, орындап жүрмін. Бабалар аманатына адал болайын дегенім болар, біраз шертпе күй де шығарыппын.

Төкпедегі Алпыс екі баулы Ақ­же­лең, шер­т­пе­дегі Қосбасарлар ұрпақ құ­л­ағына бүгін там-тұм­дап жетпесе ер­те­ңі­мізге бұлдыр.

Күйімізді, әнімізді беретін радио желісі, ар­­­найы телеарна, мектепте, орта, жоғары оқу орын­­дарында жеке пән ретінде оқытсақ, сосын қоңыраудың орнын күймен алмастырсақ – се­­гіз ұлымен қауышқан Ерназар болар едік-ау, шіркін!

Күй өнеріне деген енжарлықты оятатын аузы дуалы ағалар! Бастамаға – қостама жа­са­­ңыз­­дар. Бармақ тістеп қалмайық ертең. Әйт­пе­се:

Өзі түгіл өзгеге пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге, –

деген Абай дана сөзінің кері болары хақ.

Қалиасқар
ШЫНЫБЕКТЕГІ,
сазгер

Қарағанды облысы,
Бұқар жырау ауданы,
Ботақара кенті



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2018

Атырауда таңғы жаттығуға 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты

27.05.2018

Алматыда мемлекеттік күзет сарбаздары ант қабылдады

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу