Күзгі мол астықтың көктемде көп тірлігі бар

Еліміздің астықты өңірі атанған Қостанай облысында алтын күрек соғып, қар көбесі сөгілді дегенше диқанның да қарбалас тірлігі төбе көрсете бастайды.
Егемен Қазақстан
17.03.2017 527
2

Көктемнің әр күнін тиімді пайдаланғанда ғана күзде кеусені толатынын білген диқан көктемгі дала жұмыстарына дайындықты қыста да тоқтатқан емес. Соның өзінде өзекті мәселелер туындап жатады. Сол үшін облыс агроөнеркәсіп қызметкерлерінің, ауылша­руашылық тауарларын өндіру­ші­лердің, аудан басшы­лары­ның, ғылыми-тәжірибе стан­са­ларының және өзге де ірі меке­мелер жетекшілерінің басын қосқан кеңесте көптеген мәселелер қамтылды.

Күзде мол өнім жинау үшін көктемде көп тірлікті орнына келтіру керек. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов биыл облыс өңіріндегі егіс алқабының көлемі жылдағыдан кем болмайтынын атап өтті. Биыл ауыл шаруашылығындағы егістік алқап 5,2 миллион гектарды құрайтын болады. Оның 4,7 миллион гектарын жаздық егіс алады. Барлық егістік алқаптың 4,1 миллион гектарын дәнді дақылдар құрайды, негізгі дақыл саналатын бидайдың үлесіне 3,6 миллион гектар тиеді. Майлы дақылдар 334 мың гектарға егілсе, биыл жемазықтық шөптердің алқабы 32 пайызға кеңейіп, 777 мың гектар болады. Соны­мен қатар, көкөніс пен картоп алқап­тары да кеңейе түседі. Қазір нарық ауыл­шаруашылық дақылдарын барынша әртараптандыруды талап етеді.

– Диқандарға нарықта үлкен сұ­ра­нысқа ие дақылдарды себуді ұсынар едік. Мысалы, қазір ноқат, жасымық сияқты дақылдардың бір тоннасының бағасы 230-250 мың теңгеден асады. Диқан тек олардың себу мерзімін, технологиясын, күті­мін келістірсе болды, – деді Ғауез Торсанұлы.

Дегенмен, бидай негізгі әңгіме өзегіне айнала береді. Әдетте, астық өндіру ең алдымен жоғары сортты тұқымға тікелей байланысты. Сондықтан тұқым жаңартып отыру астық өндіру ісіндегі басты кепілдің бірі екенін диқан қауым жақсы біледі. Алайда соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, бидайдың омбылық сорттары ауа райының өзгерістеріне, түрлі ауруға төзімсіз екенін байқатты. Ал ол астықтың өнімділігі мен сапасына кері әсер етеді. Әсіресе, соңғы үш жылда 3 клас­ты бидайдың қамырлылығы 56 пайыздан 39 пайызға дейін төмендеген. Диқан ізденсе, еңбектенсе астық сапасын көтеретін бидайдың жаңа тұқымы облыста жоқ емес. Мысалы, 2015 жылы Қарасу ауданындағы «Талах» шаруа қожалығы алқабында себілген бидайдың Ресейде шы­ғарылған «Тобольский» сорты гектарынан 36 центнерден өнім берді. Ал оны 2016 жылы 400 гектар пар­ға қалды­рылған алқапқа минералды тыңайт­қыштармен бірге сеуіп, күзде гектарынан 52 центнерден қамыр­лылығы 25 пайыз қызыл дән жинады. Сондай-ақ, осы шаруа­шылықта себілген отандық «Лю­ба­ва-5» сортының өнімі де өт­кен жы­лы гектарына 42 центнерден айнал­ған. Тұқымға көзқарасты өзгерт­пей, астық молшылығына жету­дің де оңай болмасы диқандар тара­пынан әлі толық түсіністік тап­паған сыңайлы. Қазір облыста қолда бар тұқымның 52 пайызы ерте пісетін, 19 пайызы орта, 29 пайызы кеш пісетін бидай сорттары. Ғылыми мекемелер Қостанай секілді Қазақстанның солтүстік аймақтары үшін бидай сорттарының 30 пайызы ерте, 50 пайызы орта уақтылы, 20 пайызы кеш пісетін болуы тиіс екеніне кеңес береді. Әрине, бұл астық молшылығын былай қойғанда, оның сапасының төмендеуіне негізгі себептің бірі екені анық.

Қазір Қостанай өңіріндегі ғы­лы­ми-тәжірибе стансалары жә­не тұқыммен айналысатын шаруа­шы­лықтарда элиталы 10 мың тонна, бірінші шығарылған жоғары сортты 39 мың тонна тұқымдық бидай бар. Шаруашылықтар қазірге дейін олардың 7,5 мың тоннасын ғана сатып алды. Биыл элиталы тұқым бағасының 70 пайызы субсидияланады. Элиталы және жоғары сортты тұқымды алуға, оны жаңартып отыруға ұсақ шаруашылықтардың қаржысы келе бермейді. Сондықтан олар материалдық-техникалық жағдайын, қаржылық қарымын кооперативке бірігу арқылы ғана нығайта алатыны уақыт талабы ғана емес, өмір шындығына айналып отыр.

Ауыл шаруашылығында өнім­ділікті жоғарылату кепі­лінің бірі инновациялық техно­логия қуатты, үздік техни­каның арқасында ғана жүзеге асады. Қазір барлық алқаптың 40 пайызын нөлдік технология­мен себу жос­парланып отыр. Дегенмен, техникасы көңілдегідей емес көптеген шаруашылықтар уақыт талап еткен технологияны қолдана алмайды. Техникасы түгелдер ғана көктемнің құбылмалы ауа райымен алысып жүріп, дәнді уақытында сіңіре алады. Облыста барлық трактор паркіндегі техниканың 90 пайызы 10 жылдан бері пайдаланылып келеді. Өткен көктемде мамырдың 15-нен 20-на дейін барлық алқаптың 20 пайызына ғана дән себіліп үлгерген еді. Дән жерге 1 маусымға дейін сіңірілуі тиіс, бірақ кейде көктемгі дала жұ­мыстары маусым айына созы­лып кететіні бар. Қазір техни­каның 90 пайызы қырға шығуға дайын тұр.

Диқандар қырға аттанар жауапты маусымға қажетті үш тағанның бірі – жанар-жағармай. Биыл облыс үшін 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның бір литрін диқандар 126 теңгеден алатын болады. Әрине, диқандардың айтуынша, арзан баға емес, бірақ мұнан төмен баға тағы жоқ. Бүгінге дейін мұнай өңдеу зауыттарынан 18 мың тонна жанар-жағармай жеткізілді, қалғаны да маусым басталғанға дейін түгел тасылатын болады. Ең бастысы, дизель отынының талан-таражға ұшырамай шаруашылықтарға уақытылы әрі түгел жеткізілуі қатаң бақыланатыны айтылды.

Диқандардың қырға аттанысы алдындағы кеңесте егін шаруа­шылығына қатысты тыңайт­қыш, зиянкестермен күрес секілді өзекті мәсе­лелер талқыланды. Ке­ңес­­ті қорытындылаған облыс әкі­мі Архимед Мұхамбетов көк­тем­­­гі дала жұмыстарын қысқа мер­­­зімде өткізу үшін жүргізі­ле­тін нақты жұмыстарды атап көр­сетті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу