Лапландиялық Санта-Клаус көрмеде жүр

Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Финляндия Республикасының ұлттық күні болып өтті. Финляндияның тәуелсіздік алғанына 100 жыл толу мерейлі мерекесіне орайластыра өткізілген ұлттық мерекеге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы келген Финляндия президенті Саули Ниинистё қатысты.
Егемен Қазақстан
21.06.2017 485

Финляндияның ұлттық күніне арналған салтанатты мереке екі елдің Әнұрандарын орындаумен ашылды. Содан кейін сахнаға еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев шығып, құттықтау сөз сөйледі. «Финляндия – жасыл технология жөнінде әлемде көш бастап келе жатқан елдердің бірі. Таза энергия саласындағы сіздердің қол жеткізген жаңа технологияларыңыз үлгі тұтуға тұрады. Финляндия саяси-әлеуметтік тұрғыдан берік тұрақтылығымен үлгі көрсетіп, Еуропалық одақ елдері ішінде халықтың тұрмыс деңгейінің жоғарылығымен танылып отыр. Біздің елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға алғашқылардың бірі болып ниет білдірген Финляндия Республикасына біз әрдайым құрметпен қараймыз. Көрме аясындағы сіздердің ұлттық күндеріңіз республиканың тәуелсіздік алғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келуінде де символикалық мән бар. Финляндия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі ретінде жедел ынтымақтастық байланыстар орнатты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде екі ел арасындағы дипломатиялық, экономикалық, әлеу­меттік, ынтымақтастық бай­ла­ныстар ең жоғары сапалық дең­гейге шықты. Жаңғырмалы энер­гетика саласында Қазақстанның бірқатар кәсіпорындары Финляндия технологиясы бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл бағыт­тағы ынтымақтастық байланысы­мыз кеңи түспек», деді өз сөзінде Қанат Бозымбаев. 
Финляндия Республикасының президенті Саули Ниинистё қазақ­стан­дықтарды Орталық Азияда тұң­ғыш рет ЭКСПО көрмесін өткі­зіп отырған биік беделдерімен құт­тық­тады. Мұндай жаһандық жауап­кершілікті кез келген мемлекеттің атқара алмайтындығын айта келіп, ол ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізу­дің жоғары дәрежеде ұйым­дастырылғандығын атап көр­сетті. Одан әрі Саули Ниинистё екі ел арасындағы шынайы достық ынты­мақтастықты тілге тиек етіп, Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде Финляндияның ең басты сауда серіктесі екендігін айтты. 
«Биыл біз өз еліміздің тәуелсіз­дік алғанына 100 жыл толған торқалы тойын тойлаймыз. Бүгінде Финляндия өзінің экономикалық, әлеуметтік әлеуеті жағынан, саяси тұрақтылығы жағынан Еуропада көш бастап отырған елдердің бірі. Біздің халқымыздың сапалы да жоғары тұрмыс жағдайы әлемге әйгілі. Финляндия мен Қазақстан Рес­пуб­ликасының арасында дипло­матиялық байланыстар орнаға­нына ширек ғасырдан асты. Осы уақыт ішінде біз тәуелсіз Қазақстанның зор жетістіктеріне тәнті болып келеміз. Бүгінде Қазақстан БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде адамзат болашағы­ның шешуші мәселелеріне қатыс­ты біршама игі бастамаларға ұйыт­қы болып отыр. Сириядағы алаңда­тар­лық жағдайларға байланысты араағайындық танытып, қарсылас жақтардың келіссөз жүргізуіне Астана алаңын берудің өзі Қазақ­станның бейбітсүйгіш саясаты­ның қаншалықты жоғары екенді­гін көрсетеді. Осындай игі бастама­лар­дың ұйытқысы болып отырған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық дәрежедегі беделінің ерекше зор екендігіне тәнті боламыз. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне Финляндияның ірі де танымал 72 компаниясы қатысуда. Олар жаңғырмалы энергетика саласын дамыту мақсатындағы қол жеткен жетістіктерін осы көрмеде паш етеді. Финляндия білім берудің әлемдегі ең озық үлгісін жасады. Осы көрме аясында біз бұл саладағы жетістіктерімізбен де бөлісеміз», деді Финляндия Республикасының президенті ұлттық күннің ашылу салтанатында. 
Финляндия Республикасының ұлттық күнінің ашылуына орай­лас өткен салтанатты жиын Фин­лян­­диядан арнайы келген өнер шеберлерінің концертіне ұлас­ты. Содан кейін сахнаға Финлян­дия еліндегі ең белгілі адам Лаплан­диядан келген Санта-Клаус шықты. Финляндия халқы Йоулупукки деп атайтын Санта-Клаус ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы ат басын тіреп, үш күн бойы финдердің павильонына келген қонақтарды құрметпен қар­сы алатын болады. Санта-Клаус­тың бүгінгі құрметті қонақтары ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесіне арнайы келген Қазақстан және Финляндия Республикаларының президенттері болды. 
 

Асхат РАЙҚҰЛ,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

16.08.2018

Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді

16.08.2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

16.08.2018

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

16.08.2018

Мәулен Әшімбаев Астанада партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

16.08.2018

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме ашылды (ФОТО)

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

16.08.2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

16.08.2018

Абай ауылы алған асулар

16.08.2018

Ажал аузынан аман қалған

16.08.2018

«Қазақфильмнің» жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі видеосервисіне шықты

16.08.2018

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

16.08.2018

Қостанайда Қытай тракторлары құрастырылады

16.08.2018

Головкин мен «Канело» 26 тамыз күні Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу