Латын қарпі әлеммен қауыштырады

Қазақ тілі 2025 жылы латын қарпіне көшірілуі керек. Республика Президенті қойып отырған талап осындай. Бұл ұйғарымды халық та, зиялы қауым да қолдайды.
Егемен Қазақстан
17.04.2017 959

Анығына келсек, еліміздің тіл мамандары бұл шаруаға дайындықты ерте қолға алған еді. Латын қарпіне талпыныс алғаш 1993 жылы жасалды. Осы жылы Анкарада Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан және Түркия елдерінің ғалымдары бас қосып, бүкіл түркі жұртына ортақ 34 әріптен тұратын үлгі қабылдады. Бұл елеулі рухани оқиға болды. Барша түркі дүниесі әлем елдерінің басым көпшілігі қолданып отырған жазуға көшсе, біріншіден, өзара ақпарат алмасу жеңілдейді, екіншіден, жаһандық өркениетке даңғыл жол салынады. 

Осыдан соң қазақтың тіл мамандары әлгі 34 әріптен тұратын үлгінің төңірегіндегі жұмысты қыздырды. Ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдуәли Қайдаровтың жобасы ретінде белгілі болған 24 әріптен тұратын қазақ нұсқасы әзірленді. Ал, түйіп айтсақ, 2013 жылға дейін жүзден астам жоба дайындалған еді.

Латын қарпіне екінші талпыныс 2007 жылы жасалды. Ел Президенті 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында латын графикасына көшу мәселесін зерттеуді тапсырды. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінде арнайы комиссия құрылды. Оның жұмысына республиканың белгілі тіл ғалымдарымен бірге қоғамдық институттардың мамандары тартылды. Қыруар шаруа атқарылды. Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы латын қарпіне көшу тарихы зерттелді. Осы қаріпті, 1993 жылғы ортақ әрекеттен кейін тоқтап қалмай, игеріп әкеткен Әзербайжан, Өзбекстан мен Түрікменстанның тәжірибесі талданды. Аталған елдерге ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Олар әкелген деректер ұшан-теңіз болатын. Соның бәрін Тіл білімі институты сегіз қоғамдық гуманитарлық институтпен бірлесе отырып, ғылыми сүзгіден өткізді.

Осындай көл-көсір жұмыстың нә­ти­жесінде қазақ тілінің латын гра­фи­ка­сындағы бес жобасы жасалды. Бұлар тіл білімі ғалымдарының талай талқылау мен өңдеуден өткен ұжымдық үлгілері болатын. Сондықтан да құнды.

Латын қарпіне үшінші талпыныс 2013 жылы жасалғаны белгілі. Соған орай Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті республикалық ғылыми конференция өткізді. Онда 2007 жылы Білім және ғылым министрлігінде құрылған арнайы комиссияның негізінде жаңа, мемлекеттік мәртебеге ие комиссия құру қажет делінді. Оған жүктелетін міндеттерді де саралап бердік.

Басты міндет – еліміз 2025 жылы латын қарпіне толық көшкенше, осыған дейін жазылған және жасалған әдеби, ғылыми, т.б. мұраларды кириллицадан жаңа әліпбиге түсіріп үлгеру. Бұлар жа­салмаған күнде, ұрпақтар арасындағы дәс­түрлі рухани-мәдени сабақтастық бел­гісіз мерзімге үзіледі. Ал мұны сәтті жү­зеге асыру үшін біз түбегейлі қол­да­натын латын қарпіндегі графиканы мүм­кіндігінше қысқа уақытта қабылдауға тиіспіз.

Ашығын айту керек, бұл оңай шаруа емес. Қазақтың бай әдеби тілі, ғы­лым мен техниканың тілі, саясат пен эко­но­миканың тілі еркін қамтылатын, тіл бі­лімінің барлық талаптарына сай графи­каны жасау қиынның қиыны. Мұны латын қарпіне бізден көп бұрын көшкен Өзбекстанның тәжірибесінен көріп отыр­мыз. Бұл елде латын қарпіне өту 1991 жылы басталып, 2010 жылға дейін созыл­ды. Сол мерзімде жаңа әліпби үш рет реформаланды.

Әзербайжанның іс-тәжірибесінде де ескерілетін жайлар жоқ емес. Мұнда ертеден жинақталған мол мұра латын қарпіне түсіріліп біткенше 10 жыл қажет болды. Сол уақыттың ұзына бойында кириллица латынмен бірге қолданылды.

Тағы да бір өткір мәселе – ғылыми-шығармашылық мұраның бәрін латын әрпіне қотарамыз ба?

Айтайын деп отырғаным, әдеби көркем туындылардың кешегі коммунистік-кеңестік рухта жазылғандарын қозғаудың қажеті жоқ. Сол секілді, көркемдік дең­гейі төмен дүниелерді де жайына қал­дыру керек. Осы іспен тұрақты айналы­сатын білікті шығармашыл комиссия құ­­рылғаны абзал. Бұл комиссия рухани-әде­би кеңістігімізді тұзы татымайтын, тал­ғамсыз шығармалардан арылтуы тиіс. Атал­ған міндеттің зор жауапкершілікпен ат­қарылуының айрықша ұлттық маңызы бар.

Міне, еліміздің рухани өміріндегі елеулі кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Біз кириллица аталған әліпбидің ықпалынан, анығырақ айтқанда, оның толыққанды иесі болып табылатын жұрттың саяси-ақпараттық ықпалынан арылатын кезеңге жеттік. Ағылшын тіліне жаппай бет бұ­р­ған тұста, енді кешеуілдеу ретсіз. Да­мы­ған елдердің, әлемге озық ғылыми-тех­ни­калық және рухани-философиялық идея­лар беріп келе жатқан елдердің бүкіл адам­заттық деңгейдегі өркениетімен ке­дергісіз қауыштыратын бастама толымды нәтижелермен дәйектелетініне қылаусыз сенеміз.

Алдан СМАЙЫЛ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2017

5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

21.10.2017

Роналду жылдың ең үздік футболшысын атанды

21.10.2017

Мешітті тонаған азамат ұсталды

21.10.2017

Кәсіпкерлер палатасы есеп берді

21.10.2017

Қазақ романсиадасына 20 жыл

21.10.2017

Қырғыз саясаткері Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш білдірді

21.10.2017

Сарыағаштық шаруалар қайта өңдеу ісін жандандыра бастады

21.10.2017

Газ келді. Қосуда қиындық бар

21.10.2017

Рухани келісім – бейбітшілік негізі

21.10.2017

Ауғанстан мешіттеріндегі жарылыстан құрбандар саны артуда

21.10.2017

Түркияда Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері

21.10.2017

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

21.10.2017

Қарттар үйіне көтеру құрылғысын тарту етті

20.10.2017

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінде кадрлық өзгерістер болды

20.10.2017

Астанада жетімдер саны азайды

20.10.2017

Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

20.10.2017

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтына 50 жыл толды

20.10.2017

Қазпоштада ашық есік күні өтті

20.10.2017

Сағынтаев DFJ венчурлік компаниясының тең құрылтайшысымен кездесті

20.10.2017

Оралда Алаш тарихына арналған халықаралық конференция өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шексіз білім

«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жа­­уап­ іздеп жүріп, Оксфорд уни­вер­ситетінің профессоры, матема­тик Мар­кус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне сая­хат» («What we cannot know») ат­ты кітабын сатып алдым. Про­фес­сор бұл кітабында нөлден бас­­­тап жетіге дейінгі межені бел­гілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ бей­мәлім» деген дұрысырақ па?­ Біз біле­тін нәрседен бастап еш­қашан біле алмайтынға, ал одан шек­сіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле ал­маймыз? 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?

Бүгінде ұялы телефонды пайдалан­байтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?  

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қарсылық па, таршылық па?

«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңа­лықтың айналасына шыбындай үймеледі. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу