Мадагаскар: мұхиттың лебі Арқаға жетті

Бүкіл әлем назары қазір Қазақстан астанасындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне ауып отыр. Кеше көрме алаңында Мадагаскар Республикасының ұлттық күні аталып өтті.
Егемен Қазақстан
04.07.2017 952
2

Елорда төрінде өткен салтанатты шара Қазақстан мен Мадагаскар елдерінің әнұрандарын орындаумен басталды.
– Мадагаскар елімен арамыз алшақ жатса да, осындай ауқымды шарадан қалыс қалмай, арқа төріне келіп, өз идеясын, жаңа технология­сын ұсынып отырғаны біз үшін үлкен құрмет. Меймандардан бір байқағаным, өте қонақжай, бауырмал болып келеді. Осы жағынан олар қазақ халқына қатты ұқсайды, – деді Ақпарат және коммуникация­лар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов.
Сонымен қатар, жиын барысында сөз алған Мадагаскар Рес­пуб­ликасының жастар ісі және спорт вице-министрі Роберт Ран­дри­анирина өз елінде энергия сұ­ранысы көбінесе ағаш отын жә­не мұ­найды пайдалану арқылы жү­зе­ге асатынын айтты. 
– Елімізде энергия көзі көбінесе ағаш отын және мұнайды пайдалану арқылы алынады. Сондықтан, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жалпы мөлшердің 
1 пайызын құрайды. Гидравлика, күн, жел және биогаз сияқты баламалы қуат көздері қоршаған ортаға зиян тигізбейтінін білеміз. Енді, міне, ЭКСПО-да тәжірибе алмасуға келдік. Сонымен қатар, Мадагаскарда күн жылына 
2 800 сағат бойы шуағын шашып тұрады. Осыны тиімді пайдалану үшін күн панельдері көптеп орнатылып, электр қуатын өндіретін зауыттар салынып жатыр, – деді Роберт Рандрианирина.
Мадагаскар Республикасы Астанаға қандай ерекшеліктерін ала келгені көпшіліктің көкейін­де­гі маңызды сұрақ болып тұр­ды. Бұл ретте, делегацияның мүше­сі Руц Расимбарисон алдымен Мадагаскар әзірге гидроэлек­три­калық энергияны пайдаланып ке­ле жатқанын, уақыт өте келе «жа­сыл экономикаға» да көшу жоспарда тұрғанын мәлім етті.
– Көрменің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуының астарында көптеген ой жатыр. Баламалы энергия көздерін дамытумен қатар, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы, оны тасымалдау тәсілдеріне бүкіл әлем атсалысуы керек. Қазір Мадагаскарда қоқыс мәселесі үлкен қиындық тудырып отыр. Осыған байланысты біз сол тұрмыстық қал­дықтарды тиімді пайдаланып, энергия көзін алудың жолын таптық. Жаһан жұртшылығына ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы осы ерекшелігімізді паш еткіміз келеді, – деді делегацияның мүшесі.
Мәдени бағдарлама барысында Мадагаскардың танымал «Tsienimparihy» музыкалық тобы өнер көрсетті. Бұл топ жиналған қауымды өз елінің өнерімен таныстырды. Олар «Jejy voatavo», «Djembe» секілді дәстүрлі аспаптарымен «Masakany manga/ripe mangoes», «Maitsokely/little green», «Zendana surprised» секілді туындыларын орындады.
Әр ел өзінің ұлттық құн­ды­лық­тарымен, салт-дәстүрімен ере­к­шеленеді. Малагасийлардың ұлттық киімі, қызылды-жасылды та­қиясы, сондай-ақ, жалаң аяқ жү­руі көпшілік назарын еріксіз ау­дартты. Ұлттық киімнің атауы – грофия. Айтуына қарағанда, ар­найы дайындалған матаны кептіріп барып, әзірленеді екен. Ал беліне жібек мата белбеу ре­тін­де тағылады. Аяқ киімсіз жүруі Ма­дагаскардың ауа райына тікелей байланысты. 
Мадагаскар – Африка құр­лы­ғының оңтүстік-шығысында, Үнді мұхитында орналасқан мемлекет. Әлемдегі аралдардың ішінде көлемі бойынша төртінші орында тұр. Аумағы 587,045 шаршы шақырымды құрайды. 26 маусым күні тәуелсіздігінің 57 жылдығы  аталып өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу