Мәдени байланыстардың шекарасы кең

Елордадағы «Рэдиссон САС» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мәдениет министрлерінің 14-ші кеңесі өтті. Оған еліміздің Мәдениет және спорт министрі мен Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Иран елдерінен өкілдер қатысып, ұйым аясындағы мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 3646
2

Мемлекетаралық сұх­бат­тың маңыздылығы мен тиім­ділігін атап өт­кен елі­міздің Мәдениет және спорт министрі А.Мұха­медиұлы Шан­хай ынтымақтастық ұйымын ең серпінді дамып келе жатқан құрылым ре­тінде бағалап, оның жұмыс істе­ген 16 жыл ішінде мемлекет­тердің экономикаларын ны­ғайту мен аймақ қауіпсіздігін сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 
«Мәдениет саласы мемлекеттер арасындағы әріп­тестікті нық байланыстырушы күші мен өзара әрекет­тесудің негізіне айналуы керек. Табысты мемле­кеттің мәдени саясаты жасампаз құндылықты бағдарларды құру негізінде қоғамның тұ­рақты дамуына бағытталуы тиіс және қоғам мен мемлекет өмірінің барлық маңызды ас­пек­тілерінің сапалы өлшеу кү­ші», деді министр өз сөзінде.
Халықаралық ұйымға қа­ты­сушы мемлекеттер өкіл­дері мәдениет және өнер саласындағы ынты­мақ­тас­тықтың нәти­желерін кеңінен талқылады. Олар соңғы бір-екі жыл көле­мінде өз ел­де­рінде өткізілген бір­неше ма­­ңыз­ды шараларды алға тарт­­ты. Тараптар ШЫҰ-ға мү­ше елдер үкіметтерінің ара­­­сында жасалған Мәде­­ниет саласындағы келі­сім мен ШЫҰ мәдениет министр­лерінің өткен кездесулерінде қол жеткізілген келіссөздерді жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасты.
Жиынның қорытын­ды­сында ШЫҰ мәдениет министр­лері тиісті құжат қабыл­дады. Құжатта қатысу­шы­лар халықаралық ұйым ара­сында көпжақты және екі­жақты мәдени байланыстарды одан әрі жалғастыру, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, көп ғасырдан бе­рі сақталып келе жатқан мә­дениет пен дәстүрлер туралы ақпараттарды белсенді та­ратуды қамтамасыз етуге бірлескен ниеттерін білдірді. 

Айгүл СЕЙІЛОВА,    
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 
Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу