Мамыр айында Астанада өтетін мерекелік іс-шаралар

​Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған басты шара 1 мамырда «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 691

Ашық алаңда театрландырылған қойылым көрсетіледі, оған ұлттық-мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының әртістерінің, хореографиялық топтардың және қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің алдындағы алаңда (Бейбітшілік к-сі, 11) халықтық серуен мен танымал әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

1 мамырда сағат 17:00 «Астана» концерт залында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің бас дирижері, еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Абылаевтың 70 жылдығына арналған «Мерейтойға тарту» концерті өтеді.

6 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары «Астана» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерлан Көкеевтің жеке концертін тамашалайды. Концерттік бағдарлама әйгілі «К-7» тобының танымал композицияның құрметіне «Танец под дождем» деп аталады. Көрермендер назарына ерекше сценографияға негізделген қойылым ұсынылады. Шара барысында Ерлан Көкеевтің халық сүйіп тыңдайтын ескі әндерінен басқа жаңа хиттер де орындалады. Концерт қонақтары - «Дос-Мұқасан» ВАА, Жанна Орынбасарова және «АБК» тобы.

7 мамырда елордада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді.

Қазіргі кезде Жеңіс күніне дайындық жүргізілуде. Мерекелік шаралар легі Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға тағзым ету рәсімінен басталады. 8 мамырда Орталық қалалық зиратта Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттардан көз жұмған жауынгерлердің зиратына «Даңқ гүл тізбегі» мен гүл шоғы қойылады.

Мұнымен қоса, осы күні «Астана» концерт залында Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Ринат Малсагов, Рүстем Нұржігітов және т.б. қатысуымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған концерт өтеді.

Жеңіс күні «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүл тізбегін» қою салтанаты және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтарының «Астана Жаужүрек полкі – әлем маршы» шеруі ұйымдастырылады. Шараға қатысушылар сағат 12:30-да «Қазақ елі» монументінің алдында жиналады, шеру «Отан Қорғаушылар» монументінің жанында аяқталады. Сондай-ақ, «Студенттік» саябақта әскери қалашық орналасады, онда 11 әскери палатка қойылады, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастарқан жайылады. 9 мамырда қалалық алаңда және «Студенттік» саябақта әскери жылдардағы әндер орындалатын мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушы күні және Жеңіс күнін мерекелеу аясында елорданың барлық мәдени мекемелерінде мерекелік шаралар, кітапханаларда, музейлерде, театрларда тақырыптық көрмелер, концерттер мен спектакльдер өтеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2017

Қызылордада журналистердің "Қанатты қалам" форумы өтті

26.06.2017

Астанада Иманбаев көшесінде көлік қозғалысы толықтай шектелді

26.06.2017

Алматыда «Ұлы дала рухы-2017» этнофестивалі өтті

26.06.2017

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

26.06.2017

ОҚО-да азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары жалғасуда

26.06.2017

Ұлттық экономика министрі халыққа есеп берді

26.06.2017

Айттың екінші күні – Алматыда аспаннан «медаль жауды»

26.06.2017

Қайрат Сарымсақов таэквондодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

26.06.2017

Қазақстанда жаңалық ашушылардың 87%-ы алматылықтар

26.06.2017

Астана 2020 жылға қарай Еуразия кеңістігіндегі туристер үшін ең тартымды қалалардың бірі болады

26.06.2017

Чайковский музыкасы шалқыды

26.06.2017

Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы бойынша кеңес өткізді

26.06.2017

Журналистер сайысқа түсті

26.06.2017

Қайрат Әбдірахманов Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрімен кездесті

26.06.2017

Лондонда тәртіпсіздік салдарынан алты полицей жапа шекті (видео)

26.06.2017

Біліксіз мұғалімдер ағылшын тілінен сабақ беріп жүр

26.06.2017

Бурабай ауданының әкімі ауысты

26.06.2017

Сенат Төрағасы Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрімен кездесті

26.06.2017

Мажарстан Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алуға өтініш берді

26.06.2017

Астанада «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті

КОЛУМНИСТЕР

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу