Медициналық сақтандыру мамандары қалай даярлануда?

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Денсаулық сақтау экономикасы және медициналық сақтандыру кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Құралбай Құрақбаевпен әңгіме.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 2956

– Құралбай Құрақбайұлы, Мемлекет басшысы МӘМС жүйесі жөнінде «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарында және ха­­лыққа биылғы Жолдауында атап көр­сеткені белгілі. Жалпы, бұл мәселе елі­міздегі медициналық жоғары оқу орын­дарында қалай оқытылады? Ме­ди­­циналық сақтандыру жүйесінің елі­міз­ге тән ғылыми негізі жасалды ма?

– Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қалыптасуы – ұзақ уақытқа созылатын күрделі үдеріс. Әлбетте, сақтандыру жүйесіне қатысушыларды жаңа жағдайда жұмыс істеу, тыңғылықты және күнделікті іздену күтіп тұрғаны анық. Өйткені өтпелі кезең үнемі өз түзетулерін енгізеді. Дайын тұрған мінсіз рецепт жоқ. Бұл жүйеге медицина қызметкерлері де сақадай-сай болуы қажет. Себебі, міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру – экономикалық қа­­рым-қатынастарға негізделген жүйе. Со­ған байланысты басқару да, халық пен ме­ди­­цина қызметкерінің қарым-қатынасы да өзгереді. Осы мәселелер ескеріле отырып, ми­нистрліктің шешімімен былтыр қазан ай­ы­н-

да медициналық мекемелердің басшыларынан қызметкерлеріне дейін жаппай оқытыла бастады. 7 медициналық оқу орындарының ұстаздарынан жасақталған топ құрылды. Оқыту сәуір айының соңында аяқталады. Бағдарлама бойынша 7,5 мыңнан астам медициналық мекеме басшыларына, қаржы-экономика қыз­меткерлеріне үш күндік, ал 40 мыңға жу­ық қатардағы дәрігерлерге екі күндік се­минар-тренинг өткізіледі.

Мұнда жаңа жүйенің енгізілу себебі, басқару саласының ерекшеліктері, құзырлы органдармен байланысы туралы және нау­қас пен дәрігер арасындағы қарым-қа­тынас қалай өзгереді, медициналық кө­мек қалай ұйымдастырылады деген мәселелерді талқылап, түсіндірдік. Ме­ди­цина мекемелерінің алдына үлкен мін­деттер қойылып отыр. Сондықтан ме­ке­мелердің барлығында жылжымалы топ құ­рылды. Олар халық пікіріне құлақ қоя оты­рып, мекеменің өз ішіндегі мәселелерін қа­растырады. Бұл өз кезегінде медицина саласының сапасын жақсартуға серпін береді.

– Тың жүйенің қыр-сырына үй­ре­те­тін оқытушы мамандар бар ма? Бұл мә­селе қалай шешімін тапты?

– Оқытушы мамандар министрлік бағ­дарламасы бойынша арнайы дайындық кур­сында кажетті мағлұматтарды игерген болатын. Қазір оқытушы мамандар оқыту-түсіндіру жұмыстары бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. С.Асфендияров атын­да­ғы ҚазҰМУ-да мемлекеттік жалпыға бір­дей міндетті оқыту стандартына сәйкес таң­дау компонентімен оқытылатын мін­дет­ті әлеуметтік медициналық сақ­тан­ды­ру жүйесі негіздері жөнінде оқыту бағ­дарламалары әзірленіп, бекітілді. Дип­лом­нан кейінгі білім алушыларға (интерн-дә­рігер, резидент-дәрігер, магистрант, док­торант) 54 және 108 академиялық оқу сағатына арналған оқу-жұмыс жос­па­рына сәйкес МӘМС негіздері курс­та­ры оқытылды. Білім алушылар курс со­ңын­да жү­йенің негіздерін, мақсатын, қа­ғи­да­ла­рын, міндеттерін игереді.

Оқу бағдарламаларында медициналық сақтандырудағы халықаралық тәжірибе ке­ңінен пайдаланылып, дамыған елдердегі үл­гілері кеңінен талқыланады. Мәселен, әлеу­меттік сақтандыру Германия, Фран­ция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия си­яқты бірқатар мемлекеттерде, жалпы, 30-ға тарта елде бар. Елімізде жүйе ерек­ше­ліктерін таңдау барысында осы елдердің тә­жірибесі зерделенді. Алайда, бізде МӘМС жөніндегі оқыту материалдарының жоқтығынан білім алушылардың өздігінен іздену, дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қиындықтар туып отыр.

– Бұл мәселелерді шешудің жолдары қандай деп ойлайсыз?

– Міндетті медициналық сақтандыру жүй­есі экономикалық-нарықтық қат­ы­настарға негізделген, яғни басқару жү­йе-

­сінде бизнес-процес көбірек орын ала­­ды. Сондықтан осы ортаға сәйкес бас­­қару тәсілдерін кеңірек пайдалану ке­рек. Ағымдағы жылдың басында Пар­ла­мент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева денсаулық сақтау саласында кәсіби басқарушы мамандарды дайындау-

да көп кемшіліктердің барын баса айтып еді. Міне, жаңа жүйені саламызға нәтижелі түрде енгізу үшін медицина мекемелерінің бас­шыларын, қаржы және экономика бөлімдерінің мамандарын менеджмент са­­ласында түбегейлі дайындықтан өткізу қа­жет. Ең бастысы, мамандардың алған біл­імін арнайы дайындалған бағдарлама ар­қылы сынақтан өткізу керек. Уақыт оз­дырмай арнаулы курстарда немесе ме­ди­циналық сақтандыру жүйесі дамыған ел­дерде болашақ менеджерлерді дайындау­ы-

мыз керек.

– Жоба аясында медициналық көмектің қолжетімдігі туралы не айтар едіңіз?

– Бұл – ең алдымен, денсаулық сақтау сала­сындағы әлеуметтік мүдделерді қор­ғау­дың мемлекеттік жүйесі. Қазақстанның ба­р­лық сақтандырылған азаматтарына жа­сына, әлеуметтік мәртебесіне, тұр­ғы­лықты жеріне, табысына қарамастан тең дәрежедегі медициналық және дәрі­лік көмекті қамтамасыз етеді. Халық жа­ңа жүйенің еңгізілуіне байланыс­ты медициналық көмектің қандай түр­ле­рі қолжетімді болатыны туралы бұ­қа­ралық ақпарат құралдарынан біліп отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру жүйесінің негізгі шарты – бағ­дар­лама қолжетімді болуы үшін әр азамат сақтандырылумен қамтамасыз етілуі қажет. Бір миллионнан аса белсенді жұмыс то­бына қосылмайтын әлеуметтік әлсіз топ­тар мемлекет тарапынан қамтамасыз еті­леді. Яғни, сақтандыру қорына мем­ле­кеттік бюджет есебінен емнің ақысы төленеді. Екінші топ жұмыс берушілердің есе­бінен қамтамасыз етіледі. Үшінші топ – өзін-өзі қамтамасыз ететіндер. Олар – рес­ми түрде салық органдарында тіркелген аза­маттар. Яғни медициналық сақтандыру жар­насы заңға сәйкес төленіп отырады. Осы топтарға қатысушы азаматтардың сақ­тандыру жүйесімен қамтамасыз еті­летініне күмән жоқ. Алаңдататыны, өз­дерінің жұмыстарын ресми түрде тір­ке­мей, күнделікті табысымен күнкөріс кө­зін жасап жүрген азаматтар тобы бо­лып отыр. Бұл топқа кіретін азаматтар заң­да белгіленген сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда сақтандыру жү­йесінде көрсетілетін медициналық кө­мек­терден тыс қалады. Біздің қоғамның ал­дында тұрған үлкен мәселе – осы топты ресми жұмыс істейтіндер қатарына тар­ту. Дүние жүзіндегі зерттеулердің нә­тижесіне қарасақ, осы топқа кіретін аза­мат­тардың денсаулығы төмен болады екен. Яғни медициналық көмектің көп тү­ріне (күрделі операцияны қажет ететін) қа­жеттілік туады.

– Қолға алынып жатқан істердің ғылыми негіздей түсетін тұстары бар ма ?

– Осы уақытқа дейін әлеуметтік әлсіз топ­тың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмеген, яғни тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың денсаулығын ғылыми тұр­ғы­дан зерттеу кешенді жүргізілмеген. Осы­ған байланысты МӘМС жүйесін ен­гізу кезіндегі қиыншылықтарды же­ңу­дің бірден-бір жолы – соңғы топқа ене­тін азаматтар денсаулығын ғылыми тұр­ғыдан зерттеу. Себебі, бұл санаттағы тұр­ғын­дар­дың денсаулығының төмендігіне бай­ла­ныс­ты медициналық көмекке жан-жақты шы­ғын жұмсалады. Мысалы, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының 2013 жылғы зерт­теулеріне байланысты, Франция та­быс деңгейі төменге жататын 5 пайыз тұр­ғындарға көрсетілетін медициналық көмек жалпы медициналық көмектің 51 пайызын құрайды.

Бұрынғы енгізілген міндетті ме­ди­ци­налық сақтандыру қоры 1999 жылы жа­былып, денсаулық сақтау саласы мем­лекеттік бюджеттің есебінен қар­жы­лан­дыруға көшкеннен кейін МӘМС жү­йе­сіне байланысты нысаналы ғылыми зерт­теу жұмыстары жүргізілген жоқ. Яғ­ни, МӘМС жүйесіндегі медициналық кө­мектің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін тұрғындардың, оның ішінде әртүрлі топ­тар денсаулығының деңгейін ғылыми тұр­ғыдан зерделеу қажет. Халық сұранысы қа­жетті шығынды жоспарлауды анықтауға жол ашады.

Әңгімелескен 

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2017

БҚО Бөрлі ауданында Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылды

16.12.2017

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (видео)

16.12.2017

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

16.12.2017

Қызылордада мемлекеттік наградалар табыс етілді

16.12.2017

ОҚО-да медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16.12.2017

Шымкенттегі кондитерлік фабрика жаңа өндірістік желісі арқылы 200 т өнім шығарған

16.12.2017

Google қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2017

Рух

16.12.2017

Павлодарда бүлдіршіндер арасында асық ойнаудан жарыс өтті

16.12.2017

Шығыста «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция өтіп жатыр

16.12.2017

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

16.12.2017

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

16.12.2017

Қазақ – қашанда қазақ!

16.12.2017

Көсегемізді көгерткен Көкарал

16.12.2017

«Метель» операциясынан бір күн бұрын...

16.12.2017

СҚО-да жеке кәсіпкер 80 адамды жұмыспен қамтамасыз етті

16.12.2017

Біржан елінің байрағы биіктеді

16.12.2017

Инновациялық кәсіпорында жаңа өнімдер қатары молая түсуде

16.12.2017

Ақтөбеде офтольмологиялық орталық ашылды

16.12.2017

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу