Мектеп директоры және мұғалім қауымы

Қазіргі уақытта мұғалім мәртебесі туралы әңгіме, пікірталас өте жиі естіледі. Мұғалім еңбегін саралау, бағалау да жалпыхалықтық мәселеге айналды. Жеке мұғалімнің білім, біліктілік деңгейі, адамгершілік табиғаты да үнемі көпшілік назарында. Мұғалім еңбегін саралаудың, бағалаудың жолдары көп-ақ. Уақыт талабымен мұғалім жұмысына қатысты бақылаудың жаңаша түрлері туындап жатады.
Егемен Қазақстан
08.08.2017 1132

Қазір электронды бақылау жүйесі енгізіле бастады. Мұғалім еңбегіне қойылатын талап-тілектің қандайы болсын шәкірт қауымның болашағы үшін қажет екені түсінікті. Жас ұрпақтың білім алу жолында бірінші ұстазы болатын, одан кейін де шәкірттерінің ардақтысы болатын мұғалім қауым үшін ел ілтипаты, қоғам құрметі – тағылымды тәрбие мектебі.

Ұстаздықтың әліппесін бастау үшін жас мұғалімнің мектеп табалдырығын аттағанда ең бірінші алдын көретін адамы – мектеп директоры. Қазіргі уақытта мектеп директорының мәртебесі бұрынғы Одақ кезіндегіден әлдеқайда жоғары. Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес мұғалім қауымды мектепке жұмысқа қабылдайтын, еңбек келісімшартына қол қойып, бекітетін – мектеп директоры. Бұл – бүгінгі мұғалімдер қауымы мектеп директорларының «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» деген сөз.

Қазақстандық мемлекеттік білім сая­сатын жүзеге асыруда республикалық деңгейдегі орта білім ордаларын қоспағанда мыңдап саналатын облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер аумағындағы жалпы орта білім беретін мектептердің, лицей, гимназиялардың директорларының жекелей жетекшілік міндеттерін атқару әдіс-тәсілдерін, ұйымдастырушылық қарым-қабілетін саралау, білімділік, біліктілік тәжірибесін зерделеу жөнінде ештеңе естілмейді. Мектеп директорының жеке адами мінез-құлқы, адамгершілік ұстанымдары, рухани байлығы, мақсат-тілектері көпшілікке жария етілмейтін жабық тақырып сияқты. Сонда мектеп басшысының нақтылы қандай басшы екенін қалай білуге болады? Елбасы «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сында: «Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби білік­тілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныс­тықты көтермейді», дейді. Бұл сөз жалпыға, бірінші кезекте, еліміздің болашағының іргетасы қаланатын міндетті орта білім мекемелерінің басшыларына қарата айтылғандай.

Бүгінгі мектеп директоры, кешегі мұғалім немесе мектеп директорының орынбасары делік. Қызмет бабында өсіп, басшылық лауазымға жеткенде осындай қиын да құрметті жұмысқа лайықты білім, біліктілігімен, рухани байлығымен, ең бастысы, ізгіліктің, адамгершіліктің ақ туына адалдық биігінен көріне білсе игі. Ал егер олай болмаса ше? Өткен 2016-2017 оқу жылының соңын ала мектеп директоры «пара алды» деген он үш мұғалімнің жанайқайы телеарналардан қылаң берді. «Мұғалімнің жанайқайы» тақырыбымен шыққан бұл оқиға «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, мектеп директорларының абыройына көлеңке түсіретін келеңсіз жайт. Бұл кикілжің есік қағып тұрған жаңа 2017-2018 оқу жылында жалғаса бермесіне кім кепіл?! Бұл мектептің басшы-қосшы қауымының бітіспес дауынан, қырғи-қабақ арызшылығынан қажыған ата-аналарға да ауыр тиері анық. Оқу-тәрбие сапасы қандай болмақ? Бұдан мектеп директорларын іріктеу, тағайындау жүйесі бар ма, болса қандай деген сауал туады.

Осы тұста Германия Федеративтік Республикасының білім беру жүйесінің басшы кадрларын даярлау тәжірибесіне зер салсақ артық болмайтын сияқты. Бавария жерінің Диллинген қаласындағы мұғалімдер білімін жетілдіру және қайта даярлау академиясымен тығыз қарым-қатынас орнатқан қазақстандық білім жүйесінің басшы және ғылыми кадрлар мамандығын көтеру институтының өзара тәжірибе алмасу жоспарына сәйкес біздің республиканың педагогикалық жұмыс орталықтары жетекшілерінің үлкен тобы 1996 жылы екі апта Бавария жерінде болып қайттық. Сол топтың ішінде  республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналының бас редакторы ретінде мен де болдым. Осы сапарда көзбен көріп, көңілге түйгендерді «Бавария сабақтары» деген тақырыппен «Егемен Қазақстан» газетінде (13.XI.1996 ж.) оқырман назарына ұсындық. Еуропа одағындағы барлық елдермен, Болгария, Румыния, Польшамен, Азияда Қытаймен, бұрынғы кеңестік аймақта Латвия, Литва, Эстониямен тығыз қарым-қатынас орнатқан, жұмыс істеп тұрғанына 25 жыл болған академияда еңбек жолын доценттік қызметтен бастап, 21 жыл директор болып отырған Людвиг Херинг мырза бірінші дәрісте бізді өзі басқаратын білім ордасының бес түрлі тақырыптық жұмыс бағыттарымен кең көлемде таныстырды. Соның бірі – Бавария білім министрлігінің мектепке директор қызметіне кандидатуралар даярлау тапсырысына сәйкес басшы кадрлар курстарын ұйымдастыру жұмыстары бізді ерекше қызықтырды. Мұндай курстардың сан-салалы ізденістерінің уақыт талабымен үйлесімділігі басты меже екен.

Демек, біз үшін ойланарлық жайттар жоқ емес...

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,
Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2018

Қысқы Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қанша сыйақы берілетіні мәлім болды

23.01.2018

Ертең Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

23.01.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

23.01.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

23.01.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Атырауда алма өсіреді

23.01.2018

Атырауда пойыз жолдан шығып кетті

23.01.2018

Павлодарда «Мұнай-химия зауыты» ЖШС бас инженері тағайындалды

23.01.2018

Атырау халқы Фариза ақынды еске алды

23.01.2018

Павлодарда жолда қалған өскемендіктерге көмек көрсетілді

23.01.2018

Ауғанстанда қаза болған отандасымыздың денесі жақын күндері елге жеткізіледі

23.01.2018

Солтүстік Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде болды

23.01.2018

Бесқарағайда аяз 45 градусқа дейін жетті

23.01.2018

ИДМ: Қазақстандық әуе компанияларынан шектеулер алып тасталды

23.01.2018

Үкімет отырысында сот және құқық қорғау қызметінің ақпараттық жүйелері қаралды

23.01.2018

Тұрғын үймен қамтамасыз етілудің жыл сайынғы өсімі 10% деңгейде болуы тиіс — Б. Сағынтаев

23.01.2018

Астана әкімдігі аязды күні жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

23.01.2018

Б.Сағынтаев: Аязды күндері қызметкерлеріңізді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

23.01.2018

Түркия Сириядағы күрд жасақтарына қарсы әскери операция жүргізуде

23.01.2018

Оңтүстік жастарын шетелдің оқу орындары шақырады

23.01.2018

Ұлттық нақышты ту еткен

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Сынның да сұрауы бар

Кейде өмірдің мәнін тым ерте жас­тан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Донор әке – дүбәра ұрпақ

Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар

Бір халықты екіге жарып, ағайын­­ды бір-біріне қарсы қойған ғалам­дық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-бірі­не жат қылып отыр. Жақындату тү­гі­лі кейде бір-біріне деген жаулық ни­­ет­терін де жариялап, бітіспейтін көз­­қараста екендіктерін білдіріп қоя­ды.  

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу