Мемлекет басшысы ағылшын тілін үйренудің маңыздылығына тоқталды

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туын­дайды, деп жазады Елбасы өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 1108

"Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей.

Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?

Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.

Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.

«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.

Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.

Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады", - дейді Елбасы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Үркер-2017. Қазақстан туралы үздік танымдық мақала авторы анықталды

28.06.2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

28.06.2017

«Егеменнің» фототілшісі «Үркер-2017» сыйлығын алды

28.06.2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

28.06.2017

Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев сенатор атанды

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

28.06.2017

«Мерейлі отбасы» лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада Елбасы Жолдауын іске асыру барысын талқылады

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

28.06.2017

Қызылорда облысында балық экспорты үш есеге артты

28.06.2017

Дәурен Абаев журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2017

Елбасы Астана маңындағы көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты

28.06.2017

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

28.06.2017

Үкімет басшысы Сыр өңірінің білім беру саласындағы жобаларымен танысты

28.06.2017

Премьер Қызылордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

28.06.2017

ОҚО-да бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленді

28.06.2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

28.06.2017

Премьер-Министр Сырдария өзеніндегі гидротехникалық құрылыспен танысты

28.06.2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

28.06.2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

КОЛУМНИСТЕР

Атамұрат  ШӘМЕНОВ,

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған­дар саны жұмысқа жарамды адам­дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы

Төрағалық табыстары

Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақ­тастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоры­тын­дылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төраға­лыққа үлкен дайындық­пен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси-экономикалық, қауіп­сіз­дік және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты нығай­туға барынша күш салғаны белгілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу