Мемлекет-жекеменшік әріптестігінің әлеуеті

Ел экономикасын дамыту мен ілгерілету ісінің бір көрінісін мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің жолға қойылуынан анық аңғаруға болады. Бұл отандық шағын және орта бизнес өкілдерінің мәртебесін өсіріп, экономиканы ұлттық бағытқа бұрудың алғышарты ретінде сипат алып отыр. Жүктелген міндеттер бірқатар заңнамалық, салықтық құжаттарды да қайта қарап, ізгілендіруге жол ашты. Жалпы, саладағы өзгерістер мен жұмыс нәтижелері туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтен әңгімелеп беруді өтіндік.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 606

− Тимур Мұратұлы,  бүгінгі таңда мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында ауыз тол­ты­рып айтарлықтай жұмыс­тар атқарылуда. Бірақ, шағын және орта бизнестің дамуы жолын­дағы жұмыстар әлі де болса сынға ұшырап отыр. Мысалға,  тиісті органдар тарапынан тексерулердің жиілеуі, салық саясатындағы кедергілер, құ­қық­тық-құжатнамалық ба­ғыт­тағы  кереғарлықтар бар екені рас. Бұл туралы Мем­ле­кет басшысы әділ сын ай­тып, қатал талаптар қойды. Ел­басы­ның Жолдауында осы мін­дет айшықталған. Бұл бағытта нендей жұмыстар істелінді?

− Бірден нақты жауап беріп кетейін, шағын және орта биз­нес субъектілерін құру мен дамы­туға кедергі келтіріп отыр­ған мемлекеттік қадағалау функ­цияларын анықтайтын жұмыс тобы бүгінде құрылды. Бұл топқа мем­лекеттік органдардың да, «Атамекен» ұлттық кәсіпкер­лер палатасының да өкілдері кіреді. Жұмыс бойынша бес бағыт белгіленді, оның әрбірі бо­йынша сарапшылық топ қоры­тынды жасап отыр, ол бойынша кәсіпкерлік субъек­тілері­не қатыс­ты бақы­лау сара­ланымы қысқар­тылуда және сала­лық заңдарда бақылау мен қада­ғалаудың өзге түрлері енгізіледі. Бұл бір күнде орындалатын жұмыс емес. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар­дың  тексерулеріне балама пайда болады, мәселен, аудит немесе сараптама деген тәрізді.

− Сіздің ойыңызша, орта және шағын бизнестегі салық салу­дағы қолайсыздық не  се­беп­­ті туындап отыр? Кәсіп­кер­­­­лік­­­тің жедел дамуы шағын және орта бизнес өкілдерінің елі­­­­міз­­­­дің ІЖӨ-дегі тиісті үлесі­не қол жеткізуі үшін тағы не істеу керек?

− Шағын және орта бизнес өкіл­­дері салық саясатында өзін қо­лай­­сыз сезінеді деу жөн емес. Са­­лық­­тық заңнамаларды жетіл­­діру жұмыстары нақты жағдай­ды есепке алу жолымен ұдайы жүр­гізіліп отырғандығына куә­міз. Сонда да өзгерістер мен то­лық­­­тырулар көбіне жекеле­ген тап­сырмалар мен бұрын қабыл­дан­ған заңнамалық актілерді орындаудың қажеттілігінен жүзе­ге асырылды. Ал үнемі өзгеріс жасау салық заңнамасын болжап болмайтын етіп жіберді де, бұл салық төлеушілердің теріс пікірін туғызды. Дегенмен, бүгінде біздің еліміздегі ШОБ субъектілеріне салық салу посткеңестік кеңіс­тік­­тегі елдердің арасында ең бір тар­тымдысы болып санала­ды. Ұлт­тық экономика ми­нистр­лігі­нің «Экономикалық зерт­теу­лер институты» АҚ жүргізген зерт­теулерінің қорытындысына сәй­кес, жеке кәсіпкерге салы­натын са­лық жүктемесі 2002 жылы 5,2 па­йыздан 2010 жылы 3,2 пайызға де­йін немесе 1,6 есе азайтылған, заңды тұлғаға салық жүктемесінің коэффициенті 2002 жылы 5,6 пайыздан 2010 жылы 2,86 пайызға немесе 2 есе жеңілдетілген.

Жалпы, кәсіпкерліктің дамуы­на тек салықтық шара арқы­лы ғана қол жеткізу орын­сыз деп санаймын. Бұл ретте стра­тегиялық міндет те белгіленген. 2050 жылға қарай елдің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Қазірде бізге қай өңі­рде бизнес жүргізу жеңілірек екен­­дігін екшеп алу қажет. Алдағы уа­қытта бізде Дүниежүзілік банк­тің рей­­тингі негізінде арнайы сый­ақы тағайындау жолымен биз­нес жүр­гізудің жеңілдігі рей­тингі пай­да бол­ады. Бүгінде әдіс­темелік не­гізі жасалуда.

− Шағын және орта бизнес­ті ынталандырудың тың әдіс­терінің іске қосылғандығы тура­лы хабардармыз. Соның бірі са­ла­лық оқыту бағдар­ла­­ма­­сы. Нә­тиже не болып жатыр?

−Өткен жылдың соңын 2017-2021 жылдарға арналған өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекіту туралы Үкіметтің қаулысы қабылданды. Оның аясында «Бастау Бизнес» жобасы, сондай-ақ, жаппай кәсіп­керлікті дамытуды ынталан­дыру тетіктері бойынша кәсіп­кер­лік негіздеріне оқыту ере­жесі әзірленді. Бұл жоба ауыл мен аудан орталығының жұмыс істемейтін тұрғындарын (мысал­ға, 2017 жылы 80 ауданның, ал 2018 жылы барлық ауданның) кәсіп­керлік негіздеріне оқыту­ға жәрдемдесетін болады. Кәсіп­кер­лікке бейімі бар өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған адамдар да оқи алады. Оқу тегін, стипендия да қарастырылған. Бекітілген бюд­жетке сәйкес бір реттік стипен­дия 16 759 теңгені құрай­ды. Бірін­ші жылы 15 мың адам, кейін жыл сайын 30 мың адам оқи алады деп есептеп отырмыз.

Келесі айда жаппай кәсіп­кер­лікті шағын несиелеу көлемін кеңейтетін жоба басталады. Ко­миссиясыз 8 мыңға дейінгі ай­лық есептік көрсеткіш дең­гейінде  қаржы ала отырып, жеті жыл мерзімде, жылдық 6 па­йызбен белсенді кәсіпкер өз өн­дірісін ұйымдастырып, дамы­та алады. Қалаларда «Даму» және «Қазагрогарант» АҚ кепіл­дендірген шағын несиелерді «Даму» қоры, ал ауылдарда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдігі беретін болады. Сондай-ақ, шағын қаржылық ұйымдар мен екінші деңгейлі банктер, «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдары тартылып отыр. Айтпақшы, кәсіпкерлер үшін кепілдендіру де тегін.

− Жөн екен. Мәселенің екінші жағына келсек, бізде көбіне мемлекет пен жеке­мен­шік әріптестігін (МЖӘ) қайы­рым­дылық немесе әлеуметтік жауап­кершілік жобалары деп түсіну бар. Демек, жалпы салаға деген көзқарасты өзгерту керек шығар. Сіздің ойыңызша, мұны неден бастауға болады?

− Иә, заңнамаға сәйкес, МЖӘ дегеніміз –  мемлекет пен жекеменшік әріптестігі ара­сын­дағы ынтымақтастық фор­ма­сы. Ол «Мем­лекет-жекемен­шік әріп­тес­тігі туралы» заңға сәй­кес келуі қажет. Бізде МЖӘ белгі­лері бар жобалар жүзеге асы­рылады, бірақ олардың көпші­лігі екіжақты келісім жасау секілді белгіге сәйкес келмейді. Өз кезегінде, келісім жасасу үшін заңда қарастырылған бар­лық ресімдеулер мен МЖӘ жоба­ларын жоспарлау кезеңдері­нің бәрін жүргізу қажет. Сіз айтып отырғандай, «ұғымдар ауысуындағы» басты мәселе біздің ойымызша, МЖӘ тетігінің жаңалығымен және мұндай жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибенің жеткіліксіздігімен байланысты. Қазір еліміздегі МЖӘ орталығының мамандары мен қызметкерлері оқу семинар­ларын өткізіп, кеңестер бере бастады. Саннан сапаға көшетін уақыт міндетті түрде болады.

− Айтпақшы, елімізде «Кон­цессия» туралы заң қабыл­данғанына көп болды. Үш жыл қатарынан, 2013 жылдан 2016 жылға дейін, заңнамаға өзгерістер енгізілді және бұдан қандай жаңалық болды?

– Концессиялық заңнама, басқалар сияқты, жаңартулар мен жандандыра түсуді талап етеді. Дәл осы мақсатта заңнама­дағы анықталған қарама-қайшы­лық­тарды жоятын, сондай-ақ, ресім­ділік сипаттағы әдістемелік кедер­гілерді  алып тастайтын өз­ге­рістер енгізілді. Табысты ха­лық­а­ра­лық тәжірибені есепке ала­тын түзе­тулерге кеңінен орын берілді.

МЖӘ тетіктерін оңайлату мәселесіне келсек, 2015 жылы қабылданған «Мемлекет-жеке­меншік әріптестігі туралы» заңға көп үміт артылады. Онда МЖӘ жоба­ларының тез жүзеге асуына мүмкіндік беретін ережелер мен тетіктер айтарлықтай көп.  Әң­гі­ме жүзеге асыру саласын кеңей­­ту, конкурстарды оңайлату, тіке­лей келіссөздер жүргізу, рә­сім­деу­лер мерзімін қысқарту, жобаны әзірлеудің кейбір кезең­дерін алып тастау немес оңай­лату туралы болып отыр. Яғни, нормативтік негіз дайын. Енді МЖӘ-ні дамыту әкімдердің нақты және кәсіби жұмысына байланысты.

− Бүгінде жергілікті ат­қару­шы органдар құны 9 млрд теңгеге дейінгі жергілікті кон­цес­сиялық жобаларды жоспар­лау, әзірлеу, сараптама жасау ісі­мен айналысуға құқылы. Өңір­­лердегі жүзеге асыруға да­йын тұрған жоба­лар санын па­йыз­дық, сома­лық және мы­сал түрінде ай­тып бере аласыз ба?

– Концессиялық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді бөлу және берумен мемлекет-жеке­меншік әріптестігінің бір түрі ре­тін­де, 2014 жылғы «концессия туралы» заңға сәйкес, өңірлерде жал­пы қуаттылығы 2 930 орын­дық балабақша құрылысы бо­йынша 11 концессиялық келі­­сім жасалды. 2015 жылдың соңын­­да мемлекет-жекемен­шік әріп­тестігі туралы заң­ның қабыл­­дануы МЖӘ келісім­шарт­­тары мен мемлекет-жекеменшік әріп­тестігін қол­дану сала­сын кеңей­­туге ықпал етті, жергілікті ат­қарушы орган­дар МЖӘ жоба­ларын жүзеге асыруда үлкен секіріс жасады. Мә­се­лен, 2016 жылдың аяғында Ақ­мола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақ­стан және Алматы облыс­тарында осын­­­дай 16 келісім жасалды. Олар­­дың көпшілігі әлеуметтік сала­ға қатысты: балабақша құ­ры­­лы­сы, шағын жедел жәрдем стан­­сасы, спорттық, сервистік-да­йын­­дау  орталықтарын жалға беру. Екі нысан бүгінде іске қосылды.  

Ал жыл басынан бері білім беру, спорт және денсаулық сақ­тау саласында тағы да 8 мем­ле­кет пен жекеменшік әріп­тес­тігі арасында келісім жасал­ды. Бұл МЖӘ саласындағы заң­на­маларды түсіндіру және нақ­ты қолдану бойынша, содан ке­йінгі кезекте МЖӘ жобаларын жүзеге асыру жөніндегі нақты ұсыныстарды әзірлеуде  аймақ­тармен жүргізілген белсенді жұмыстардың нәтижесі.

Әңгімелескен

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Үркер-2017. Қазақстан туралы үздік танымдық мақала авторы анықталды

28.06.2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

28.06.2017

«Егеменнің» фототілшісі «Үркер-2017» сыйлығын алды

28.06.2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

28.06.2017

Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев сенатор атанды

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

28.06.2017

«Мерейлі отбасы» лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада Елбасы Жолдауын іске асыру барысын талқылады

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

28.06.2017

Қызылорда облысында балық экспорты үш есеге артты

28.06.2017

Дәурен Абаев журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2017

Елбасы Астана маңындағы көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты

28.06.2017

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

28.06.2017

Үкімет басшысы Сыр өңірінің білім беру саласындағы жобаларымен танысты

28.06.2017

Премьер Қызылордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

28.06.2017

ОҚО-да бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленді

28.06.2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

28.06.2017

Премьер-Министр Сырдария өзеніндегі гидротехникалық құрылыспен танысты

28.06.2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

28.06.2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

КОЛУМНИСТЕР

Атамұрат  ШӘМЕНОВ,

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған­дар саны жұмысқа жарамды адам­дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы

Төрағалық табыстары

Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақ­тастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоры­тын­дылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төраға­лыққа үлкен дайындық­пен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси-экономикалық, қауіп­сіз­дік және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты нығай­туға барынша күш салғаны белгілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу