Мемлекеттік бағдарлама банк ипотекасын ығыстыра ма?

​«Нұрлы жер» және несие нарығы
Егемен Қазақстан
17.04.2017 2744

Шикізаттық дағдарыс бәсеңдеп, елдегі қаржы-валюта секторы қайта оңала бастағанымен, елдегі екінші деңгейлі банктер дағдарыс алдындағы қызу саудаға қайта кіруге асығар емес. 

Дағдарыс кезінде босап қалған нарықты қайта толтыруға мүдделі болғанымен, елдегі екінші деңгейлі банктер әлі де болса халықтың төлем қабілетінің қалпына келгеніне сенімсіздікпен қарауда. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша екінші деңгейлі банктер саны 33 болса, соның тек 17-сі ғана ипотекалық несие береді.

Ипотека нарығының көтерілмей тұруына сарапшылар бірнеше себепті алға тартады. Соның бірі жылжымайтын мүлік бағасының өзгеруі. 2014 жылдан бері маусымдық толқулар болмаса, тұрақты түрде арзандап келе жатқан баспана бағасы жыл соңына дейін әлі де төмендеуі тиіс. Осыны ескерген халық пәтер алуға асығар емес. Сұраныстың жоқтығынан сауда да азайып, бұл өз кезегінде тағы да бағаға кері әсер етіп жатыр. Сауда болмағаннан кейін банктер де тұтынушыларға қызмет көрсетуде бәсекелестікке бармай отыр.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің берген мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылы елдегі несие нарығы екі түрлі бағытта өрбіді. Несие карталары мен автонесие рәсімдеушілер саны көбейген болса, керісінше, тұтынушылық несие мен ипотекалық қарыз алушылар азайған. Соның ішінде тұтынушылық несиені банктердің өзі әдейі азайтқан болса, ипотекалық несие рәсімдеуге келгенде халық белсенділік танытпаған. Айта кетейік.

Ипотеканың азаюына екінші бір себепті тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік бағдарламалардан іздеп көруге болады. 2016 жылы, тағы да Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, тұрғын үй құрылысы 1991 жылдан бергі рекордтық көрсеткішке жеткен. Атап айтар болсақ, республика бойынша, 89,4 мың жаңа пәтер салынған екен. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш тағы да арта түседі деген болжам бар. Жалпы, 2015 жылдан бастап қарқын алған тұрғын үй құрылысы саласында тек қана мемлекеттік бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар, жеке меншік құрылыс компанияларының да жұмысы жемісті болған. Мемлекет бұл кезде де құрылыс компанияларына арнайы жеңілдіктер мен ұсыныстар дайындап, салаға жанама қолдау көрсетуді қолға алды.

Ал таяуда ғана қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы алдыңғы бағдарламалардың жетілдірілген түрі болмақ. Бағдарлама аясында үй құрылысынан бөлек жер телімдерінің де саудасы қарастырылған. Осының бәрі салаға айтарлықтай әсер етуде. Мемлекеттің араласуы құрылыс компаниялары үшін тиімді болғанымен, баға жағына келгенде керә әсер етіп жатыр. Нарықтағы ұсыныстың көптігі үй бағасын арзандата түсті. Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 169 млрд теңге құрылысқа бөлінсе, 2021 жылға дейін осы мақсатта 1,5 млрд теңге қарастырылған.

Қарапайым тілмен айтар болсақ, мемлекет құрылыс саласына монополия орнатып, құрылыс компанияларын өз ырқына қарай көндіре бастады. Әлеуметтік экономика тұрғысынан бұл қарапайым халықты үймен қамтуда ұтымды шешім болғанымен, бизнес үшін керісінше зиян екенін айтады мамандар. Нәтижесінде, құрылыс компаниялары негізінен мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын нысандардың мердігеріне айналмақ. Тұтас құрылыс нарығындағы барлық жұмысты мемлекеттік бағдарлама бір жүйеге енгізіп, мемлекеттің бұл бағыттағы саясаты әлеуметтік экономикаға басымдық бергені байқалады. Мемлекеттік арзан үйлерге қолы жете бастаған халық жоғарыда айтылғандай, екінші деңгейлі банктердің ұсынған ипотекасына қызығушылық таныта қоймайтын болды. Салдарынан былтыр құрылыс саласының қарыз портфелі 929 млрд теңгеге түсіп, 15 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті.

Мемлекеттің құрылыс саласына араласуы құрылысқа қаржы бөлумен ғана шектелмейді. Таяуда қаржы министрлі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық бақылаудың жаңа үлгісін таныстырған. Онда Бақыт Сұлтанов заңды тұлға ретінде тіркеліп, нақты құрылыспен айналыспай не құрылыс жасамай, не салық төлемей жатқан компанияларды қыса түсетінін айтқан. Министрдің айтуынша, мұндай компаниялар негізінен тендерді ұтып мердігер болғанымен, жұмыс істеуге техникалық-материалдық немесе өзге де базалары дайын болмай, нәтижесінде жұмыс істеуге субмердігер жалдайтын айта келіп, қымбатшылықтың бір себебі осында жатқанын айтқан. Сонымен қатар, баға белгілеу саясатында да мемлекеттің заңы енді күшейе түсті. Ал нысанның техникалық бақылау жұмыстарын бұдан былай мемелкеттік орган қызметкерлері емес, жеке меншік бақылау ұйымдары тексеретін болды. Бұл бір жағынан саланы нарыққа икемдеу болса, екінші жағынан құрылыс саласындағы жемқорлықтың жолын жабу. Енді нысанның сапасына құрылыс салған компания да, оны қабылдап алған бақылаушы ұйым да жауап беретін болмақ.

Жалпы, 2004-2006 жылдары «гүлдену дәуірін» бастан кешкен ипотека нарығы 2009 жылдан былай қарай құлдырай бастады. Жаңадан қарыз алушылардың азаюын былай қойғанда, мойнында қарызы бар азаматтар мен мекемелер де борыштарын төлеуге асықпаған. Соның нәтижесінде 2014 жылы банктердің ипотекалық қарыздарының 40 пайызы мерзімі өтіп кеткен несие ретінде тіркелген.

Дей тұрғанмен, ипотека осы кеткеннен жоғалып кетеді деген сөз емес. Мемлекеттік бағдарлама негізінен жаңа үйлерге қатысты болғандықтан, қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бәрібір банктердің араласуымен саудаға салынады. Ал қайталама нарықтағы бағаға айналып келгенде жаңадан салынып жатқан құрылыс тікелей әсер етпек.

Бауыржан Мұқанов, 

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2017

Сенат Төрағасының орынбасары Финляндия Республикасы Парламентінің депутатымен кездесті

26.06.2017

Петропавлда тұңғыш рет «ҚымызFest» фестивалі ұйымдастырылды

26.06.2017

Әскерилер өнері көпшілікті тәнті етті

26.06.2017

Қарағанды кәсіпорындары 2278 бос жұмыс орнын ұсынып отыр

26.06.2017

Шығыстың сарбаздары «Әскери керней» халықаралық фестивалінің Гран-при жүлдесін биыл да иеленді

26.06.2017

Маралды көлінің жағалауы демалушылар үшін абаттандырылмақ

26.06.2017

«Атамекен» Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтасу бойынша меморандум түзді

26.06.2017

Динара Сәдуақасова шахматтан FIDE-нің аймақтық чемпионы атанды

26.06.2017

Павлодар Ораза Айт мерекесіне 18 қазан палау дайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Балқаш туризмін дамыту үшін көлік қатынасы жақсартылады

26.06.2017

ШҚО-да оқушылар үшін 889 демалыс лагерьлері мен алаңдары жұмыс істейді

26.06.2017

ШҚО-дағы Үбі өзені үстінен жаңа көпір салынады

26.06.2017

Павлодарда оқушылар киіз үй лагерлерінде демалады

26.06.2017

Павлодарда "Мен қазақпын"мега-жоба жүлдегерлері аталды

26.06.2017

Мәйіттің бүйрегін алу заңға қайшы келмейді

26.06.2017

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі өтті

26.06.2017

30 маусымда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

КОЛУМНИСТЕР

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу