«Мен біреуге ұқсауға тырыспаймын»

Кәсіпқой боксқа осыдан он жыл бұрын ауысқан Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) өзінің жекпе-жектерін Қазақстаннан бөлек Ресей, Өзбекстан, Тайланд, Швейцария, Ұлыбритания, Беларусь, Қытай, Австралия, Болгария, Монако сынды ұзын саны 11-ге жететін елде өткізіпті.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 1144

Содан да болар, Boxingnewsandviews.com сайты «Шетелдегі айқастарды Жақияновтан артық білетін адам жоқ», деп санайды. Аталған портал тіпті, оған «Жолдағы жауынгер» деп ат қойып, айдар таққан.

Соңғы жекпе-жегін АҚШ-та өткізіп, өзінің басты арманы – WBA тұжырымы бойынша әлемнің суперчемпионы атағына қол жеткізген былғары қолғап шеберімен арада болған сұхбаттағы әңгіме былайша өрілген еді...

– Сіз боксқа 16 жасыңызда келіпсіз. Бәрін кеш бастағанның күннің өзінде осындай жетіс­тікке жетуіңіздің сыры неде?

– Өзім Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты ауылда дүниеге кел­генмін. Мектепте оқып жүріп күрес­ке қатыстым. Ал 1998 жылы Петропавлға көшіп, үйірменің алыс болуына байланысты спорттан қол үзіп қалдым. Тек 1999 жылдың соңына қарай сыныптас­тарыммен бірге бокс үйірмесіне бара бастадым. Менің бұл әреке­тіме уақытша қызығушылық деп қа­рағандар болды. Әуесқой бокс­та көп жүрген жоқпын. Ал кәсіп­қой бокста белгілі белесті бағын­дырсам, ол еңбектің арқасы. Ең бастысы, мақсатқа жету жолында қорқынышты жеңе білу керек.

– Менің білуімше, әйгілі Хат­тонның ең табысты шәкіртісіз ғой? Ал онымен тіл табысу қан­ша­лықты оңай?

– Әзірге шәкірттерінің арасынан бірінші болып әлем чемпионы атандым. Оның қарамағында дарынды жастар өте көп. Сондықтан, әлі талай жеңімпаз шығатынына сенімдімін. Оның үстіне Рикки өте білікті маман. Кәсіпқой бокстың жілік майын шаққан ғой. Кезінде шаршы алаңда Мэнни Пакьяомен кездесті. Костя Цзюді ұтты. Міне, бірге жұмыс істеп жатқанымызға төрт жыл болды. Бір-бірімізді тез ұғынысамыз. Промоутер ретінде де оның мықтылығын мойындаймын. Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекті кез келген менеджер ұйымдастыра алмайды.

– Қазір сіздің әлем чемпионы деген дардай атағыңыз бар. Енді танымал боксшылармен кездесу мүмкіндігіңіз жоғарылаған шығар?

– Кәсіпқой бокс дегеніміз – бизнес. Мұнда бәрін ақша шешеді. Кімнің ұсынысы көңілден шыға­ды, сонымен келіссөз жасалады. Сондықтан, бұл тарап­тардың келісіміне байланысты. Келесі қарсыласымның кім болатынын білмеймін. Онымен менеджерлер мен бапкерлер айналысады.

– Уорренмен арада болған жекпе-жек үшін сіз 30 мың доллар алдыңыз, қарсыласыңызға жеңілісіне қарамастан сізден бес есе көп бұйырды...

– Бұл айқаста біз үшін ақша емес, белбеу маңызды болды. Уорреннің командасы «30 мың доллар береміз, егер дайы­н болсаңдар, кездесу күнін белгілейміз» деп ұсыныс жасады. Біз бірден келістік. Кәсіпқой боксқа ауысатындардың көздей­тіні де негізінен ақша ғой. Сон­дық­­тан жақсы ұсыныстар болып жат­са, қарастыруға дайынбыз. Бі­рақ ол үшін ұсыныс алдымен бап­кер­лерімнің көңілінен шығуы тиіс.

– Сіз секілді Еуропада немесе мұхит асып АҚШ-та бағын сы­нағысы келетін жастарымыз бар. Оларды командаңызға тар­тып, бірге жаттығу ойда жоқ па?

– Хаттон өз командасына тәжірибелі, бірнеше кездесу өткізіп, өзін дәлелдеп үлгерген боксшыларды шақырады. Нақты­рағы, шетелдіктерге қойылатын талап осы. Ал ағылшын болса, оның топқа кіру мүмкіндігі жоғары. Ол тіл біледі, оны жер­­гілікті жанкүйерлер тез қабыл­дайды. Соның өзі жарнама.

– Жалпы, шетелде қазақ­стандық боксшыларға деген көзқарас қандай?

– Бұрындары «I am from Kazakhstan» десең, бастарын шұлғып қалатын «Ол қай жерде?» дегендей. Қазір бірден «Triple G! Good!», дейді. Генна­дий Голов­кинді бәрі таниды, құрмет­тейді. Қуанып қаласың, елімізде осындай брендтің барына.

– Ал Головкиннің деңгейіне жету үшін сізге не істеу керек деп ойлайсыз?

– Әркімнің өз жолы бар. Мен біреуге қарап, соған ұқсауға тырыспаймын. Осы дәрежеге жет­кеніме қуаныштымын. Дәл қазір маған бұйыртқан жолмен жүріп келе жатырмын.

– Астанада жекпе-жек өткіз­гіңіз келетіндігін айтыпсыз. Бұл тура­лы ұсыныстар бар ма?

– Ұсыныстар түскен жоқ, өзімнің қалауым ғой. ЕХРО қар­саңында отандастарым алдында кездесу өткізсем деген арман әзірге.

– Сіздің спорттық карье­раңыздан бөлек СҚО-да жат­тықтырушы болып та қызмет етесіз. Теріскей өлкедегі бокс­тың да­муына қандай баға берер едіңіз?

– 2006 жылы оқуды тәмам­даған соң бір жыл жұмыс істеп әскерге кеттім де, келген соң жат­тықтырушылық қызметімді жалғастырдым. 91 келіден жоға­ры салмақта бір шәкіртім ел біріншілігінде үшінші орын алды, тағы бір шәкіртім кадет­тер арасында жүл­дегерлер қата­рынан көрінді. Одан бөлек Азия чемпионатының финалисі Азат Елубаев деген дарынды жігіт бар. Жалпы алғанда, боксқа қызығушылық артқан.

– Сізді сегіз литрге дейін су ішеді дейді. Неліктен? Жалпы, салмақты қалыпта ұстап тұру қаншалықты қиын?

– Тым босаңсып кетпеуге тырысамын, қанша салмақ қуа алатынымды білемін. Дайындық кезінде суды көп ішетінім рас. Бұлшық ет созылмалы болады. Ағза құрғақшылықты сезінбес үшін де су қажет. Алдымен 2 литр­ден бастап дайындықтың орта тұсында 8 литрге дейін жет­кіземін. Ал таразыға тартылуға бір апта қалғанда күнара 2 литрге азайта бастайсың. Салмақ өлшейтін күні мүлде су ішпеймін, тек бәрі ойдағыдай өткен соң ғана сұйық­тықтың орнын толтырып, тамақтанып аламын.

– Ендігі арманыңыз қандай?

– Екі балам бар – бір ұл, бір қыз. Екеуі де әлі кішкентай. Солар­ға жақсы тәрбие берсек, аман-есен жетілдірсек деп армандай­мын. Елімізге сыйлы азамат болып өссе деймін. Тілейтінім осы.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Мәдина Асылбек,

журналист

АСТАНА



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Біржан Сал еліндегі салтанат

21.08.2018

«Тараз» қонақүйі жатақханаға айналады

21.08.2018

Отандық онкогематология орталығы қалыптасты

21.08.2018

Балалар нейрохирургиясына басымдық берілуде

21.08.2018

Мүгедектердің мұңын кім тыңдар?!.

21.08.2018

Алматы: қала мен сана өзгерісі

21.08.2018

Жаңа заң – зайырлы елдің мүддесіне

21.08.2018

Өмір – әділ

21.08.2018

90 үй салып, туған ауылын түлеткен

21.08.2018

Қаратөбенің қайырымды тұрғындары

21.08.2018

Жанар-жағармай жыры: шаруалар неге наразы?

21.08.2018

ҚХА Кеңесі Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

21.08.2018

Astana LRT салонына су кіріп кеткен автобусқа қатысты түсініктеме берді

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу