«Мұндай Головкинді ешкім көрмеген». Сарапшылар не дейді?

Нью-Йорк. Төрешілер шешімі шыққан кезде рингтегі екі боксшының да өңінен өкініш байқалды. Күтпеген жерден Дэнни Джейкобстың тарапынан мықты қарсылыққа тап болған, сөйтіп төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен Головкин сірә өзі көрсеткен боксқа көңілі толмаған және нокауттар рекордының 23-пен үзілгеніне ренішті күйде тұрды.

20.03.2017 581

Кім ұтты? The Ring

Төртінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, қайта түлеп, бірнеше мәрте Головкиннің жанына бататындай ауыр соққы жасаған, оның мақтаулы алапат күшін пайдаланбауы үшін керемет жылдамдық пен әбжілдік көрсеткен Джейкобстың жеңіліске қатты өкінгені көрінді.

Бәрінен қуанған боксшы болса ол екі жылдан бері Головкинмен кездесу туралы келіссөз жүргізіп келе жатқан Канело Альварес болар. Мэдисон Сквер Гардендегі 19,939 адам алдында, HBO PPV басты кездесуінде Джейкобс айтарлықтай жақсы бокс көрсеткен соң Канело Головкинмен жекпе-жекке шығуға бел байлауы мүмкін. 

Кім жеңсе де, бүгін сарт-сұрт ұрысқа толы, нокдауны бар, жанкүйерге ұнайтын қырғын шайқас болды.

Головкин бұл кездесуде жеңді ме? Fightnews.info

Бесінші раундта бітетін сияқты көрініп еді. Джейкобс шыдап берді, бірақ бұл раундта таза жеңілді. Алтыншы раунд тең болды. Жетіншіні Головкинге беруге болар еді. Бірақ Джейкобс одан қорқуды қойды. Дәлдік жағынан қазақ басым болды. Ал одан кейінгі жағдай «орта салмақтың лидері» үшін мақтанарлықтай болмады. 

Соңғы бес раундтың үшеуінде Головкин таза ұтылды. Чемпион мықты соққылар жеді, ал өзі ештеңе қарсы қоя алмады. Сол сәтте рингте Гена емес, Джейкобс чемпион сияқты көрінді [...]

Басты сұрақ – Головкин жеңді ме? Меніңше жеңген жоқ. Ол инициативаны беріп қойды, кездесудің екінші жартысында нашар көрінді. Төрешілердің есебі бойынша Головкинге жеңісті беруге болады. Бірақ Головкин орта салмақтың иконасы болып саналатынын ескерсек, онда БҰЛ жеңіс емес.

Алайда, барлық ұлы чемпиондарда төрешілердің көмегімен келген жеңістер болған. 

Головкин ауыр айқаста жеңді, Советский Спорт

Ары қарай жекпе-жек картинасы өзгерді. Головкин ұзақ үзілістер жасай бастады. Ол карьерасының соңғы жылдарындағы Костя Цзюды еске түсірді. Ол ұзақ жекпе-жекті емес, нокаутқа түсіретін соққы жасауды ойлаушы еді ғой. Джейкобс болса, арақашықтықты жақсы сезініп алды да қарсыластың бәсеңдігін жақсы пайдалануға көшті. Сөйтіп бірнеше раундты алып қойды. 

Мұншалық бәсең Головкинді ешкім көрмеген. 

Джейкобсты Головкиннің нокдауны оятты, Спорт-экспресс

11 раунд алдында Джейкобс бұрышына келіп отырды да шелекке қан түкірді. Бапкерлері одан бұрынғыша бокстасуды – мүмкін емес нәрсені талап етті. Яғни, Головкиннің соққысынан жалт беру, көпсоққылы комбинация жасау, денесінен ұру және мүлдем соққы жібермеу. Головкиннің соққысын жіберу не екенін бәрі біледі.

Төртінші раундта Головкин Джейкобсты оң қолмен жақын тұстан екі ұрып құлатты. Бұл Джейкобсты оятқан қоңырау болды. GGG алғашқы үш раундта сөзсіз басым болды дей алмаймыз, ол тек дәлірек, қаттырақ және көбірек ұрды. Алдыңғы қолдың қатты соққылары Джейкобстың қимылындағы балансты бұзып отырды.  

Дэнни Джейкобсқа соңына қарай сәттілік, күш және төрешілердің аздаған көмегі жетіспеді. Головкин Джейкобсқа реванш берем дегендей болды. Баспасөз конференциясында Джейкобс «екі ұпай басымдығымен ұтқаным анық», ал төрешілер Головкин-Альварестің жекпе-жегін құтқару үшін мені құрбан етті деді.

Мүмкін, оның сөзінде аз-маз шындық бар шығар. Ал егер Головкин мен Альварес биыл кездеспесе, Джейкобс бекерге күйіп кеткен болып шығады. Андеркардта көп ешкім білмейтін тай боксшысы Роман Гонсалесті ұтты. Төрешілердің есебінше. Шын мәнінде Гонсалес жеңілді ме. Жеңілген жоқ. Тек оның алдында төрешілер құтқаруы тиіс үлкен жекпе-жек жоқ еді.  

Шейн Мозли, 3 салмақта әлем чемпионы болған боксшы

Меніңше, Дэнни Джейкобс өте жақсы жұмыс жасаған. Нағыз чемпион алдында бас киімімді шешем. GGG аз ғана басымдықпен жеңді, немесе кездесу тең аяқталды. Реванш керек.

Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы

Головкин уақыт өткен сайын әлсіреп жатыр ма? Жоқ. Уақыт өткен сайын Головкинге бұрынғыдан мықты қарсыластар шығып жатыр. 

Е.Әбдіраман

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.05.2017

Қанат Ислам: Бапкерім 12 раунд жекпе-жекке тапсырма берді 

27.05.2017

СҚО-да «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары анықталды

27.05.2017

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

27.05.2017

Қостанайға жаңа вагондар келді

27.05.2017

БҚО-да экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысы өтті

27.05.2017

Павлодарда шіркейлерге қарсы жұмыс қолға алынды

27.05.2017

Еліміздің барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

27.05.2017

Қанат Ислам қарсыласын ұпай санымен жеңді

27.05.2017

Жанқош Тұраров мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

26.05.2017

Астанада «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты форум өтті

26.05.2017

Премьер ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

26.05.2017

Мадрид конференциясы Астана процесі нәтижелерін жоғары бағалады - СІМ

26.05.2017

«Ұлы дала» II форумы аясында шетелдік ғалымдар құнды ойларымен бөлісті

26.05.2017

Солтүстік Қазақстанда әкім әкесіне заңсыз субсидия алып берген

26.05.2017

Алтай Көлгінов: Біз биыл «Алаш» музейін ашамыз

26.05.2017

Түркі тілінің халықаралық мәртебесі туралы мәселе қозғалды

26.05.2017

Ұлытауды ұлықтау жұмыстары басталды – Ерлан Қошанов

26.05.2017

Жандос Асанов: Түркі тілдерін зерттеу – ТүркПА-ның назарындағы мәселе

26.05.2017

Жансейіт Түймебаев: Елдік мүддедегі есебіміз түгенделе түсуде

26.05.2017

Манзур Хусейн Сумро: «Біз өз құндылықтарымыздан ажырамауымыз керек»

КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Ер мен Жер

Қазақтың әзелден ардақ тұтып қастерлейтін қасиетті ата құн­ды­лық­тарының арасында Ер мен Жердің ала­тын орны ерекше. Ер қашанда туып-өскен жеріне тартып туады. Осы бір жайды «Тау баласы тауға қа­рап өседі» деп жырлаған тұма жырлы Тұманбай Молдағалиевтай ақын аға­мыз да кезінде жақсы аңдатқан еді. Се­бебі, ер жерге кіндігімен байланады, ту­ған жерінің барша қадір-қасиетін тұ­ла бойына сіңіріп, көкірегіне құй­ып, соған бүкіл жан-жүрегімен із­гі­лік қайнарына бас қойғандай сусын­дап өседі. Осылайша туған жер ал­дын­да­ғы перзенттік парыз жүгі сал­мақ­та­на бермек, туған жерге деген пер­зент­тік ыстық ілтипат пен махаббат тұр­паттанып толағайлана түспек.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Басты құндылық – рухани тазалық

«Өмір сүру үшін өзгере білу керек», деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Заман талабына сай лайықты өмір сүру үшін қазіргі уақыттағы жаңғырудың да негізгі мақсаты – осы.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ киносы неге дәстүрді ұлықтай алмайды?

Бір жылдары Қазақстанның мә­дениет күндері аясында Үндістанға сапарлап бардық. Көнеден көнермей жеткен мәдениеті, өнердің қай түрінен де әлемдік өркениетке қосар қомақты үлесі бар, бай тарихты, жер жүзіндегі жәдігерлер бесігінің бірі Үндістанға табан тірегенде таңданарлық қай­шылыққа тап болғанбыз. Сенің санаңда қалып­тасқан бай мәдениет, өр­кениет, ежелгі дәстүріне сызат түс­пеген ғажайып әлемге кереғар тір­шілік – қағаз жәшіктерден үй жасап, көшеде туып, көшеде тұрып жатқан халық менмұндалап алдымыз­дан шыққан. Тілім өкше ересек, кір қожалақ бала, қол жайған қайыр­шыдан аяқ алып жүре алмайсыз.

Әйіп ЫСҚАҚОВ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Біліктілік – ауыл дамуының алғышарты

Мал шаруашылығы ата кәсібі­міз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін маңызды салалардың бірі сана­ла­ды. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосал­қы шаруашылықтарда шоғыр­ланған­дықтан, Елбасы тапсыр­масымен оларды кооперативтерге бірікті­ріп, оңтайландыру шаралары­ның қолға алына бастауы өте құптарлық.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ұрпақ тағдырымен ойнаған оңбайды

Ұлттың ұлылығы ұрпағынан көрі­неді. Бұл – әлімсақтан белгілі нәрсе. Ал сол ұрпақ тағдырына былық араласса, ар былғанады. Содан да шығар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ба­ланы ұлша тәрбиелесең – ұл бол­мақ­шы. Құлша тәрбиелесең – құл бол­мақ­шы», деп өсиет қалдырып кеткені. Біз осы өсиетті орындай алдық па, әлде бәрін заманға теліп, теріс басқан аяғымызды, дүниенің құлы болуға ұм­тылған ниетімізді түзеуге мұршамыз жет­пей жүр ме? Бұл санамыздағы ақау­дан, ұлтты ұлт ететін мәдени-ге­не­тикалық кодымыздың әлсіздігінен, тіп­ті мүлде кеміп кеткенінен болып отыр ма?

Пікірлер(3)

Elzhan (21.03.2017 19:37:20)

Соңғы раундтарда менде Головкин жеңіліп бара жатырған сезім туындады, себебі тура тиген ауыр соққыларға жауап бере алмады. Бір жағынан шаршағыны да байқалды. Жақсы төтеп бере білген Джейкобстың күші көрініп тұр, бірақ қазылар алқасы жеңісті Головкинге сыйлады. Менің ойымша Джейкобс жеңіске бір табан жақын болды.

Arman (20.03.2017 14:56:15)

Джейкобс жаксы жұдырыктасканымен.Мен үшін жерлнсім Гена арқашан чемпион болып калады.Женілген күніде ол чемпион.Ойткені біздін кок туымызды бар алемге таныткан спортшы корген емеспін.Гена жарайсын тек алға!

Ернұр (20.03.2017 14:53:50)

Головкиннің алдында маңызды кездесу тұрмаған күннің өзінде жеңісті Джейкобсқа берген əділетсіз болар еді. Гена сəл де болса басымдық танытты. Оған ресми статистикадағы цифрлар дəлел. Дегенмен, жігірі мен тегеуріні үшін Джейкобс та "жарайсың" деген бағаға лайық!

Пікір қосу