«Мыңбасы» атанған Дума депутаты

Ұлттың сөзін, жұрттың сөзін сөйлейтін мінберді пайдалану тартысы қай кезеңде де бір сәтке толастаған емес. Қазақ ұлтынан 1906 жылғы Ресей Мемлекеттік Думасына барлығы 12 адам сайланғаны тарихтан белгілі. Олардың ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бірімжан, Алпысбай Қалменұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы сынды Алаш ардақтылары бар. Осы қатарда Тілеулі Аллабергенұлы да бар еді.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 768

Мұрағат деректерінде жа­зыл­ғандай, Тілеулі Аллабер­ген­ұлы ауқатты, бай отбасынан шыққан. Діни нанымға берік, алғыр, тап­қыр адам болған. Бұған қоса кеңпейілділігі, мей­ірімділігі, жо­марттығы, же­тім-же­сірлерге қай­­ырым­ды­лығы ел арасына кең та­рап, халық ара­сында құрметке бө­­ленеді. Сон­дықтан халық оны көк­ке кө­теріп, Әзірет Сұлтан ке­­­се­несінде өткен кезек­ті айт на­ма­зы кезінде оған «Мың­ба­сы» ата­ғын береді.

Тілеулі Мыңбасының көзін көргендер оны орта бойлы, қара­торы келген, өткір көзді жан еді деп суреттейді екен. Жү­ректі, алғыр, шешен, әр нәр­сені алдын ала болжай бі­летін көреген адам болған де­се­ді. Мыңбасылық орын­ға да өзі­нің осындай се­гіз қыр­лы, бір сырлы ғажап мі­не­зі­мен жет­се керек. Осы қыз­ме­тін, өзінің жеке байлығын, әке­сі Аллаберген байдан қалған қы­руар мал-мүлікті, жер-суды Тілеу­лі Мыңбасы елдің игі­ліне пайдаланған. Қаланың әр жерінен кедей-кепшік, аш-жа­­лаңаштарға арнап ыстық та­мақ беретін арнаулы орындар салдырған. Қыздар, балалар үшін арнаулы мектептер ашып, мұ­ғалімдеріне көмек жасап, жа­лақы төлеп тұрған. Тілеулі Мың­басының осындай жоғары адам­гер­шілігі, парасаттылығы халық ара­сында оның беделін арттыра түс­кен. Ол кезде әр отбасына мін­деттелетін түтінпұл деген са­­­лық болған. Соны төлеуге ша­­­­масы келмеген отбасының қа­­­­рыз­ын қаладағы байлардың мой­­нына іліп, төлеттіріп отырыпты. Мыңбасының жеке ба­сы­ның қасиетін, әділдігіне тән­ті бол­ған байлар да Тілеуліні құр­мет­тегендіктен, айтқанын екі ет­пеген.

Тілеулі Мыңбасының 1907 жылы Ресейдің ІІ Думасына Сырдария уәлаятынан депутат болып сайлануына да халық арасындағы осындай биік беделі әсерін тигізген болуы керек. Бұл мәслихатқа Түркістанның маңайындағы аймақтардың бол­ыс-билері, байлары, зиялы аза­маттары жиналып, Дума де­пу­­­таттарын зор дайындықпен қар­­с­ы алып, Тілеулі Мыңба­сы­ның үйінде күндіз-түні жиын өт­кізеді. Осы жиында Тілеулі Мың­басының Думада сөйлейтін сөзі, Дума мінберінен қоятын мә­селесі пысықталады. Кейін Ду­мада сөйлеген сөзінде сауат­сыз қазақ жастарын әскер қа­та­рына шақырмау, қазақ ба­ла­­лары үшін мектептер ашу, қа­­зақ ауылдарында емдеу ме­к­е­мелерін ашу, тағы сол сияқ­ты халық арасында өзекті бо­лып отырған мәселелерді кө­­те­реді. Бір сүйсінерлігі – Тілеулі Мыңбасының орта­ға сал­ған пікірлерінің алаш­тың ар­дақ­ты азаматтары Әли­хан Бө­кей­хан­ның, Бақыт­жан Қара­тай­дың ойларымен ұш­та­са­тыны. Бас­тауыш сы­нып­тық қана бі­лі­мі бар ел аға­сы ой­ла­ры­ның қа­зақ­тың Ә.Бөкейхан сияқ­­­ты да­нышпан ұлдарының ар­ман-ті­легімен бір арнада то­ғы­суы Ті­леулі Мыңбасының кө­кі­ре­гі күм­бірлеген жан болғанын аң­ғар­тса керек.

Тілеулі Мыңбасы алпыс жас­­ты алқымдағанда әйелі қай­тыс бо­лады. Бұл әйелінен Ма­қан атты ұл бала сүйеді. Ма­қан Тілеулінің өзіне тартып, ал­­ғыр, батыр болып ержетеді. Ел арасында оның өже­ттігі, ақыл­дылығы жөнінде әң­гімелер кең тарайды. Бірақ ұлы ертерек қайтыс болып кетеді де, Тілеулі Мыңбасы күйікке шы­­дамай ауруға ұшырайды. Кей­інгі әйелінен бір ұл, бір қыз сүй­­генімен, олардың қызығын к­өре алмай көз жұмады. Ұл мен қы­з­­­дан тараған ұрпақ қазіргі кез­­де өсіп-өнген үлкен әулетке ай­­налды.

Бүгінгі күнге дейін ныспысы ғана белгілі болып келген қай­­раткер Тілеулі Мыңбасыға қ­а­­­тысты ел аузында айтылып жүр­ген әңгімелердің ұзын-ыр­­ғасы осындай. Тәуелсіз ел атан­ға­нымызға ширек ғасыр толып оты­р­ған бүгінгі күн биі­гінен өт­кен тарихымызды шол­ған кез­де жеткен жетістіктерімізге осын­дай аяулы ағаларымыздың да сі­ңір­ген еңбегі зор деген ой тү­йе­­міз.

Тілеулі Аллабергенұлының есімін ұлықтап, өткен тарихы­мыз­дағы бізге беймәлім тұс­та­рын ашуда тарих ғылым­да­ры­ның докторы, профессор Өмір­зақ Озғанбаевтың сіңірген ең­бегі зор.

Осындай тынымсыз еңбегі ар­қылы ұрпақ сабақтастығын сақ­­тауға үлес қосып және жас ұр­пақтың бойына тарихи-та­нымдық құндылықтарды дары­ту бағытында атқарған ға­лым­дарымыздың еңбегін ұлт та­ри­хының нағыз жоқ­тау­шы­лары деп тануымызға болады.

Жеңісбек Мәуленқұлов,
Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу