Мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірі

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында өткен жаңғырулар кезеңінде Қазақстан­ның жеткен толайым табыстары мен же­тістіктері ұшан-теңіз. Елбасы айт­қан­дай, 25 жылда жүріп өткен ауыр да, абыройлы жолымыздың мәні тұ­тас ғасырлармен тең.
Егемен Қазақстан
17.03.2017 529

 Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Тәуел­сіздігінің ширек ғасыры – Еу­разия жүрегіндегі Ұлы Дала­да жа­зыл­ған мыңжылдық тарих­тың жаңа дәуірі бол­ды. Осы же­тістіктердің барлығының не­гізінде халқымыздың тату-тәтті өмір сү­руі мен бірлігі және Елба­сының ерен еңбегі жатыр. Кезін­де француз ұл­ты­ның көшін бастаған тұлға Шарль де Голльдің «Мен Шарль де Голль емес, мен Фран­циямын» деген сөзі ес­ке түседі. Тәуелсіз Қазақстанның бү­гі­н­­­­­­гідей ғалам таныған мемле­кет болып қалыптасуын, жеткен бар­лық же­­­тістіктерімізді, елі­міз­дің жаң­ғыру ке­­­зеңдерін Пре­зи­дентіміз Н.Ә.На­зар­баев­тың есі­мінсіз елестету мүмкін емес. Бұл әрдайым тарихи шын­дық болып қа­ла бермек.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына арналған салтанатты жиында да Ел­ба­сы «Уақыт тоқ­таусыз зымырап өте шы­ғады. Жа­ңаша сапалы дамуға деген құлшыныс – ұлтымыздың жақын он­жыл­дықтағы басты идеясы», – деген бо­­латын. Расында, қазір әлем жылдам қар­қынмен дамуда. Жаңа технология­лар мен демократиялық үрдістердің үз­діксіз алға жылжуы Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттерге жаңа талаптар қоюда. Алпауыт­тар арпалысқан заманда, Төртін­ші техникалық революция та­бал­дырықтан аяқ басып отырғанда, көптен қалмау, озық ойды, озық технологияны, озық тәжірибені пайдалана отырып қарқынды дамуды қолға алу керектігін Елбасы айқын анықтап, не­гізгі бес басымдықты белгілеп берді.

Жолдауда негізгі басым­дық­тың бірі эко­номиканың жедел­детілген тех­но­ло­гия­лық жаң­ғыр­тылуына беріліп отыр. Мұ­ның негізгі өзекті міндеті Қазақ­стан­да ІТ технологияларды дамыту.
Біз жаһандану заманында өмір сүріп отырмыз. Осы жа­һан­дану үрдісінің негізінде жат­қан басты факторлардың бірі – әлемдегі электронды техно­ло­­гиялардың қарқынды дамуы болып са­налады. Кезінде Ыбы­рай Алтын­са­рин айтқан «Оқу-білім бар жұрттар, көз­­ді ашып жұмғанша, жылдам хабар алғызды» деген дәуірге келдік. ІТ тех­нологиялардың дамуы құрлықтар ара­сын­дағы алшақ­тықты жойып, әлемді ин­тер­нет кеңістігінде топтастырып отыр. Бұл ақпарат алмасу, ғылым мен білім жетістіктерін таратып, игеру мәселелерінде өмірімізге дендеп еніп, енді басқа да салаларды толық қамтымақ. Мәселен, жапондар қазір электрондық роботтарға тұлғалық дә­ре­же беру мәселесін талқылап жатыр. Бұл болашақта адам еңбегін тех­ника, роботтар алмастыратын жаңа дәуір келе жатыр деген сөз. Сонда «адамдардың орны қалай болмақ, бұған біз дайынбыз ба» деген сұрақтар ал­ды­мыздан шығады. ІТ технологиялар­ды қоғамдық өмірдің барлық сала­ларына жаппай енгізу, эконо­­ми­калық қатынастардың құры­лы­мын өзгертпек. Біз сол мүмкін­­­дік­­терді пайдалы жүзеге асыруға дайын бо­луы­мыз керек. Осы орайда Елбасы Үкі­метке «Цифр­лы Қазақстан» арнайы бағ­дар­лама­сын әзірлеуді тапсырды. «Ци­фр­­лы Қазақстан» идеясы үшінші жаң­ғырудың басты факторы болмақ.

Қазір әлемде мойындалған, өндірісте өзін өзі ақтаған көптеген инновациялық технологиялар бар. Елбасының айтып отырғаны, ең алдымен, әлемдегі сол озық тех­нологиялардың барлығын өз елімізге әке­ліп енгізу. Ондай озық тәжірибе елі­міз­­де жоқ емес, инновациялық тех­нология­­ларды ұдайы енгізе отырып, өн­ді­ріс­ті өркендетіп жатқан кәсіп­орын­дар баршылық. Мәселен, біз бұған Кентау тран­сформатор зауытына барғанда көз жет­кіздік. Кентау трансформатор зауыты Италияда, Германияда шығарылған қон­ды­рғылармен жабдықталған. Өндіріске жоғары жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударуды кәсіпорын соңғы жыл­дары мықтап қолға алған. Соның ар­қасында трансформатор зауытының өндірген өнім көлемі соңғы 20 жылда 140 есеге артқан. Бүгінде аталмыш зауыттың филиалы Орал қаласында жұ­мыс істеуде. Қазір Орал трансформатор зау­ыты шығаратын өнімнің 95 пайызы экс­портқа бағытталған.

Президент бастамаларының өзек­ті­лігі, оның өміршеңдігі осылайша іс жү­зін­де дәлелденіп отыр. Осындай нақты мы­салдарға қарай отырып, Елбасының жаңа, инновациялық технологияларды енгізуге баса назар аударуының сырын ұғы­насың. Егер елдегі кәсіпорындардың, әсі­­ресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін қай­­та өңдеу өнеркәсібіндегі зауыт-фаб­ри­­калардың барлығы осылардан үлгі алып, жаңа технологияларды кеңінен қол­­­данса, ел экономикасы алға жыл­жи­ты­­ны сөзсіз.

Жолдауда бірінші басымдық­тағы мін­деттер жайлы айта келе, Елбасы ауыл ша­руа­шылығына арнайы тоқталған. Бұл әбден пісіп-жетілген тақырып дегім келеді. Президент «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драй­вері­не ай­­налуы керек, Қазақстан­ның агро­өнер­кәсіптік кешенінің маңызы зор», – деп атап өтті. Жасы­ратыны жоқ, біз ауыл шаруашы­лығының өнім өндіру мүм­кін­­дік­терін әлі күнге дейін толық пайдалана ал­май отырмыз. Пре­зидент оған қатысты «эко­но­миканың жаңа драйвері» дегенді тегін айтып отырған жоқ. Себебі, бүгінгі әлем алдындағы туындап отырған ең ма­ңызды жаһандық мәселелердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі болып саналады.

Қазақстан аумағы 180 млн га жайылым жерді қамтиды. Әлем­дегі ең ірі мал етін импорттайтын мемлекеттер қа­­тарындағы Ресей және Қытаймен ше­ка­ра­лас орналасқан. Қазақстанның осы екі мемлекетке қара мал етін экспорт­тау мүмкіндігі, сарап­шы­лардың қо­ры­тын­дысы бойынша 5 млрд АҚШ долларын құ­­райды. Бұл астық экспорты­нан түсетін қар­жыдан әлдеқай­да артық. Соның бір са­ласы ретінде еліміздегі ет өнімдерін өн­д­іру мен саудалауға қатысты нарық­қа бар­лау жасасақ, бұл сала­дағы табысымыздан гөрі мүмкін­дік­теріміздің мол екендігіне көз жеткізе түсеміз.

Дүние жүзінде көптеген мемлекеттер мал шаруашылығын дамытуды қолға алып, әлемдік ет экспортына қожалық етіп отыр. Сондықтан, ежелгі дәс­түр­­лі кәсіп­тің тізгінін өз қолы­мыз­ға алатын кез келді. Себебі, ет өзгеге де, өзімізге де қа­жет. Әзір­ше, әлемдік нарыққа бар­май-ақ, ір­ге­дегі көршіміз, кеден­дік одақ­тастар ара­сынан Ре­сей Федера­циясын алып қарай­ық. Мыса­лы, бір ғана Мәскеу­дің 11,5 млн тұрғыны жыл сайын 1,33 млн тонна ет өнім­дерін тұты­нады екен. Егер медици­налық өлшемге салғанда бір адам жылына 75 кило ет жеуі тиіс болса, ежелден жақсы өмір сүруге дағ­дыланған мәскеуліктер үшін бұл сұ­ра­ныс 82 килодан айнал­ған. Жалпы, Ресейдің статисти­калық деректеріне сүй­енсек, ішкі сұ­раныс тек ірі қараның етіне жы­лына 2 млн тоннаға жете­ға­был екен, мұның сыртында құс етіне де сұ­ра­ныс 1 млн тон­наға жуық­тап қалған. Демек, жо­ғары­да айтылған деректер­ден Қа­зақ­станның ауыл ша­руашы­лығы үшін, оның ішінде мал ша­руашылығы үшін үлкен нарық­қа жұмыс істеудің мүм­кін­дігі туып отырғандығы көрінеді.

Өкінішке қарай, еліміздегі мал ша­руа­шылығының қазіргі жағ­дайы өз дең­гей­інде емес. Соң­ғы бес жылда ірі қара мал­дың саны төмендеген, 100 аналыққа есеп­тегенде құлын алу – 13,6%-ға, бұзау – 6,9%-ға, қозы – 2,2%-ға азай­ған. Әр сауын сиырдан орта есеп­пен 2 250-2 270 литр ғана сүт сауылады. Өндірістік көр­сеткіш­тер­дің төмен болуының негізгі се­бебі ұсақ тауарлы шаруашы­лық­тардың мүм­кіндігін пайдаланбауда деп ойлаймын.

Елімізде өндірілетін сүт өні­мі­нің 82%-ы, еттің – 64,0%-ы үй жағ­дай­ында өндіріледі. Жеке қо­салқы ша­руашылықтағы ірі қара малдың үле­сі – 65%-ды, қой мен ешкі – 61%-ды, жыл­қы 54%-ды құрайды. Десе де, ауыл­­дағы мал өнімдерін өткізу, сақтау, қайта өң­деу шаралары өте төмен. Бүгінгі таңда Қазақстанда жыл­қылардың 98%-ы өнім алу мақ­са­тында бағылып, жылына 93 000 тонна жылқы еті өндіріледі. Бірақ, оның шаруалар үшін пайдасы мардымсыз, бей-берекет деп айтуға болады.

Бұл мәселелерді кешенді түр­де шешу үшін шағын қосалқы ша­руа­шылықтарды кооперациялаумен бірге, тауар өндіру­ші­лер үшін сервистік, сатып алу, несие­леу инфрақұрылымдарын құруға мем­­ле­кеттік қолдау көрсету қажет. Бұл орай­да Жолдауда Пре­зи­дент «Шикізат өнді­рісінен сапа­лы өңделген өнім шы­ға­ру­ға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсе­кеге қа­білетті бола аламыз» дей келіп, «бес жыл ішінде 500 мыңнан астам же­ке үй шаруа­шы­лықтары мен шағын фер­мер­лер­ді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек, өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың жә­не өткізудің тиімді жүйесін құру қажет», – деп Үкіметке нақ­ты тап­­сырмалар берді. Бұл аса маңыз­ды шешім болды.

Егер шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігіп, өнімді тасымалдау мен тиіс­ті сауда орнына жеткізуді жылдамдататын инфрақұрылым қалыптасса, онда өнім өндірушіге де, өнімді өңдеп нарыққа шығарушыға да қолайлы жағдай туар еді. Президенттің тапсырмасы жүзеге асатын болса, ауыл шаруашылығы сала­сына үлкен серпіліс берері анық. Жол­дауда мұнымен қоса, жерді пайдалану тиімділігін арттыру, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 млн гектарға жеткізу қажеттілігі жайлы да айтылған. Мұны жүзеге асырсақ, жаң­ғырудың үшінші кезеңінде ауыл ша­руашылығы секторының бойына қан жү­гі­ретін болады.

Биыл еліміз астық жинауда үлкен көр­с­еткіштерге қол жет­кізіп, астықтың жал­пы жиыны 23,1 млн тоннаны құрады. Бұл өт­кен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық. Біздің астық экс­порт­тау әлеу­етіміз жоғары. Бірақ, оның көбісі шет елге шикі­зат күйінде кетіп жатыр. Ел­­басы Жолдауында «Астық өнім­дері бой­ынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапа­лы өңделген өнім шығаруға кө­шу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсе­кеге қабілетті бола аламыз» деп өте дұрыс айтып отыр. Сон­дықтан біз өнімдерімізді тек шикізат ретінде өндіріп қана қоймай, оны өңдеп, дайын тауар­ға айналдыратын құрылым қалып­тас­тыруымыз керек.

Қазір елімізде диірмендердің көбі жұмыс істемей тұр. Аграр­лық кәсіп­орын­дар астықты тіке­лей сатуға дағдыланған. Ал Өз­бекстанның Қазақстанмен шека­ра­сын­да ондаған диірмен са­лынған. Қазақстаннан сатып ал­ған астықты өз­де­­рі ұнға айналдырып, әрі қарай сатуда. Бізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қай­та өңдеуді бақылайтын, сол саясатты жүргізетін ұйым да жоқ. Ал Ауыл ша­­руашылығы министрлігіндегі осы ба­­ғыттағы басқармада 7-8 ғана маман жұ­мыс істейді. Статистика ор­ган­дарын­да ауыл шаруашылығы өнім­де­рін қайта өңдеу туралы арнайы есеп те жүргізілмейді.

Қазақстандағы аграрлық сектордың мүмкіндіктері шек­сіз, тек осы салада мемлекет, қоғам, адамдар тарапынан бір­лескен, сауатты, сапалы іс-шара­лар керек. Бізге агросекторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру үшін, ауыл ша­руа­шылығы ғылымын да мықтап қол­­ға алу маңызды. Елбасы өзінің Жол­дау­­ында «Өндірісте сұранысқа ие аг­рар­лық ғылыми-зерттеулерге салынатын инвес­тиция көлемін арттыру керек» деп Үкіметке міндет қойып отыр.

Ауыл шаруашылығын ғы­лы­ми н­е­гізде жетілдіру елімізде мүл­дем жоқ емес, мұны мықтап қолға алып отыр­­ған кәсіпорын­дар да бар. Біз со­лар­дың санын арт­тыруымыз керек. Мәселен, Шы­ғыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі агрокәсіпорын «Астана-Биз­нес» ЖШС сиырдың жергі­лікті қара ала бас тұқ­ы­мын асыл­­дан­дырып, олардың әр басы­нан 6500 литр сүт алуда. Мұн­дай нәтижеге жету үшін шаруа­шылық 9 ғалымды жұ­мыс­қа алып, олардың ізденуіне, ғылы­ми-зерттеу жүргізуіне барлық жағ­дайын жасап берген. Яғни, алыс шетелден біздің кли­маты­мызға, жер жағдайымызға бейім­­­дел­меген мыңдаған «асыл тұқым­­ды» мал алып келіп, елді әуреге салған­нан гөрі өзіміздің жергі­лікті мал басын ж­е­тіл­діру, оның өнімділігін арттыру әлде­қайда тиімді екені айдан анық.

Сондай-ақ, Алматы облы­сын­дағы «Байсерке» шаруашылығы ғылыми инновацияны өзі өндіріп өтырған өнім кө­лемін арттыруда тиімді пайдаланып отыр. Онда өсімдіктану мен егін ша­­руашылығының белді маман­дары, ғылыми-зерттеу инсти­тутының ака­де­мик­тері түрлі зерттеулер жүргізіп, оны ша­­руашылықта пайдалануы арқылы гектарына 50 центнерге дейін бидай алуға қол жеткізуде. Бұл егін шаруашылығы та­ри­хындағы ең ірі көрсеткіш.

Елімізде ғылымды, инновацияны өнім өндіруде тиімді, нәтижелі пай­д­а­ланатын осындай кәсіпорындар мен ша­руа­шылықтар көбейсе, эко­но­ми­ка­мызға жа­ңаша серпін беретіні сөзсіз.
Жолдаудағы маңызды басым­дық­тар­дың тағы бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақ­сарту және кеңейту. Елімізде бұл мі­н­дет алдыңғы жаңғыру кезеңдерінде де жан-жақты қолға алынып келгенін болатын. Бұл – әлемдегі дамыған алпауыт елдердің жүріп өткен тәжірибесімен дәлелденген тиімді жол. Осыған байланысты өз Жолдауында Президент 2050 жылға қарай елдің ішкі жалпы өніміндегі бизнестің үлесін 50%-ға жеткізу межесін қойып отыр. Қазір бұл көрсеткіш бізде 25,5%-ды құрап, дамыған елдердегі ең төменгі көрсеткіштен 2 есеге, жоғары көрсеткіштен 3 есе­ге дейін аз. Мәселен, бұл Герма­нияда – 55%, Данияда – 61%, Ита­лияда 68%-ды құрайды.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бар жағдайды жа­сап келеді. Тек соңғы үш жылда биз­несті қолдау үшін 1 трил­лион тең­геден астам қар­жы бөлінді. Орта және ша­ғын кәсіпорындар мен кә­сіп­кер­лерді тексеруге бір­неше рет мо­раторий жариялан­ды. Нәти­жесінде кә­­сіпкерлік сала­сы заң­сыз, жосықсыз тек­­серулерден құ­тыл­ды, бизнестің жұ­мы­сы да, қар­­жы жағдайы да реттеліп, бір жүйеге түсе бастады.

Бірақ, «бизнестің тынысы кеңейді» деп айтуға әлі ерте, ке­­дер­гілер әлі де бар­шылық. Әсі­­ре­се, бұл екінші дең­гей­дегі банк­­­терге тікелей байланысты. Бү­гін­гі таңда еліміздегі 40-қа жуық банк­тердің негізгі мақсаты кәсіп­кер­лікті қолдау емес, олар арқылы пайда табу болып отыр. Жай кә­сіпкердің, әсіресе, ауыл тұрғы­нының банктерден несие алуы тіпті де мүмкін емес. Қойы­латын талаптар ауыл еңбеккері түгілі қала тұрғыны үшін өте ауыр, қағазбастылық көп, банк­тер бюрократтық машинаға ай­нал­ған. Елде болған кездесулер кезінде тұрғындар кейбір банк талап­тарының миға қонбай­тынын айтады. Мысалы, кәсіпкер несие алу үшін 40-тан астам құ­жат жинайды екен. Олардың ішінде мекен-жайы туралы анық­тамадан бастап, фир­ма құрыл­тай­шыларының жала­қы­сы туралы анықтамаға дейін бар.

Ең сорақысы, жаңадан ашыл­ғалы тұрған кәсіпорынның соң­ғы бір жылдағы табысы тура­лы не­гіз­деме тапсыру керек екен. Өзі енді ашылғалы тұрған кәсіп­орынның жылдық табысы қайдан болады? Банктер кепілдікке қойылатын нысанның бағасын да өздері шығарады, ал бөлетін қарыздың көлемін сол кепілдіктің құнынан екі-үш есе төмен қояды. Несиелердің пайыздық мөлшері кемінде 20-25%-ды құрайды. Оған қоса есепшот ашуға, қызмет көрсетуге, ақша аударуға қоятын банктердің басқа да пайыздары бар. Осының барлығын кәсіп­кер­лікке жасалынған қиянат деп ай­туға бо­лады. Әсіресе, ауыл тұрғын­­да­рының бұл несиелерді алуға қолы жетпейді. Олар­дың ке­­пілдікке қоятын мүлкін банк­­тер алмайды да. Сол себептен не­сие портфеліндегі ауыл аза­мат­тарының үлесі 10%-дан да аспайды.

Ұлттық банктің берген мә­лі­меті бойын­ша, екінші дең­гей­­дегі банктердің орта және ша­ғын бизнеске 7 айда берген не­сиесі 4,7 триллион теңгені құрапты. Ол Республикалық бюд­жет­тің барлық кіріс бөлігінен артық қаражат. Сонда жыл сайын бір мемлекеттің табысынан көп несиелендіріліп отырған кәсіпкерлік неге дамымайды деген сұрақ туындайды. Біздің ойымызша, банктердің несие портфелі нақты экономикаға жұ­мыс істеп жатқан жоқ. Олардың көбісі уақыт­ша ғана берілетін, артынан түскен қар­а­жат есебінен жауып тастай салатын экспрес-несиелер сияқты. Болмаса жылдап құтыла алмай келе жатқан созылмалы несиелер.

Бүгінгі таңда көптеген банктер Ұлт­тық қордың қаржысын пайдаланып, өзде­рінің көрсеткіштерін жақсартып отыр. Осы қаржылар есебінен пайыздық мөлшерін субсидиялау арқылы несие портфелінің көлемін ұлғайтқан. Ал банктердің меншікті қара­жат­тарынан бөлген несиелер ішін­де орта және шағын бизнестің үлесі 32,4%-ды ғана құрайды. Сон­­дықтан бұл мәселелердің бар­лығы Жолдауда айтылған тап­сырмаларды негізге ала отырып, қайта зерделеуді талап етеді. Елбасы «Елімізде бизнес жүр­гізуді жеңіл­дету жөнінен өңір­лер мен қалалар рейтингін енгізу қажет», – деп жаңа мін­дет­­те­мелерді қойған. Бұл өз кезе­гінде бизнеске құлшындыру шараларын жетілдіре түсері анық.

Еліміздегі макроэко­номи­калық тұрақтылықтың маңыз­ды­лығын айта келіп, Елбасы жоғарыда айтылған эко­но­ми­калық жаңғырулардың барлығы адами капиталға, халқымыздың әлеуметтік жағ­дайына, олардың кәсіби деңгейі мен ден­саулығына, ел ішіндегі тұрақтылыққа ті­келей байланысты екендігін баса көр­сет­ті. Мысалы, Дүниежүзілік банктің 192 елдің экономи­ка­сына зерттеу жүр­гізген қоры­тын­дысына сүйенсек, эко­номикалық өсудің 16%-ы ғана өндіріс құ­рал­дарына, 20%-ы табиғи капиталға, 64%-ы адам ресурсына байланысты болады екен.

Қоғамдағы адам капиталы туралы сөз болғанда халық са­нының артуы мәселесі де маңыз­ды. Бүгінде еліміздегі халық саны 17,9 млн адамды құрап отыр. 2000-жылдарда бұл көрсеткіш 4 млн маңайында ғана болған. 2002 жылдан бас­тап елімізде халық­тың өсу саны үнемі артып келеді. 2050 жылға қарай 25 миллионды межелеп, экономикаға жұмыс істейтін халық саны 11 млн болуы керек деген болжам бар. Ол үшін халықтың орташа өмір сүру жасының бүгінгі 72- ден жоғары көтерілуіне жағдай жасау керек.

Президент Жолдауында «адами капитал» мәселесін тегін көтеріп отырған жоқ. Мәселен, 2014-2015 жылдары елі­міз «Ден­сау­лық және бастауыш бі­лім бе­ру» көрсеткіші бойынша 144 ел­­дің ішін­де 96-шы орынға, адам дамуы ин­дексі бойынша 187 ел­­дің ішінде 70-ші орынға жайғас­­қан болатын. Бұл – әлі де болса же­тілдіруді талап ететін көрсет­кіш.

Адами капиталдың өлшемі еліміздің да­муындағы әр адам­­ның қосатын үле­сімен анық­талмақ. Мемлекетті интеграция­лауда адамның білім сапасы негізгі рөл атқарады. Біз қазір қан­дай білім беріп жатырмыз? Ол елді интеграциялауда нәти­жеге қол жеткізуге өз үлесін қоса ала ма? Міне, осы сұрақтар бүгін­гі білім берудегі негізгі бағ­дар болуы тиіс деп ойлаймын. Жол­дауда «Біздің мін­де­тіміз – білім беруді экономикалық өсу­дің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» деп нақты айтылған. Яғни, экономикалық өсудегі ғылымға, бі­лім­ге қажет­тілік. Білім нәтиже беруі керек. Сондықтан өндірістер үшін ма­ман­дар дайындау, олардың бүгін­гі ин­дус­триялық өрлеу мен техно­логиялық жетілу заманына лайық талаптарға сай болуы, ел дамуын­дағы адам капи­та­лының рөлін арттырып, жаһандық үр­діс­терге лайықты қатыса алуымызды қам­тамасыз етпек.

Жолдауда білім беруде ІТ тех­но­логияларға, қаржылық сауат­ты­лық­­қа, шет тілін үйретуге, ұлт­жан­ды­­лық­­ты дамытуға баса көңіл бөлу қа­жет­тілігі аталған. Бұ­лар­дың қайсын ал­саңыз да, бүгін­гі заман талабынан туын­дап отырған қажеттіліктер. Қа­зір­­гі ұрпақтың заманынан, жаһан­дық үр­діс­­терден қалыс қалып қоймауы өзекті мәселе. Жол­даудағы адам капиталы жайын­дағы пікірдің негізінде жаңа заманға сай, ғаламдық құбылыс­тардың мәнін түсініп, оң нәти­жеге қол жеткізе алатын, уа­қыттың бізге қойып отырған талаптарына жауап беретін білімді де білікті ұрпақ қалыптастыру жатыр. Ендеше, білім беру жүйе­сін осы талап­тар­ға сай ыңғай­лас­тыра өзгерту де назар­дан тыс қалмауы тиіс.

Үшінші жаңғыруымыздың басты бағ­дар­ларын айқындап берген бұл Жолдау осы­ндай маңызды, ау­қымды және стра­тегиялық мәсе­лелерді көтеруімен құнды. Онда аталған басымдықтар енді үшін­ші жаңғыру жөніндегі «Қа­зақстанның ұлттық техно­логиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудың жа­ңа стратегиялық жоспары аясында жүзеге асырылмақ.

«Жаңашылдықтарды айтып бергеннен гөрі, оны жасаудың жөні бөлек» деген екен кезінде ағылшын көшін бастаған тұлға Уинстон Черчилль. Біз жұрт аңсайтын, армандайтын жаңа­шыл­дықты, жаңғыруларды іс жүзінде жүзеге асырып келе жатқан елміз. Кезінде бабала­ры­мыз, «алды тұманды, болашағы кү­мән­ді» замандарды басынан өткерсе, бү­гін олардың аңса­ған арманын жү­зеге асырып, бола­шағымыз жарқын, мақс­а­тымыз айқын елге айналып отыр­мыз. За­манында хакім Абай да «Көк тұман, ал­дыңғы келер заман», деп уайым қылған еді. Бүгін біз сол келер күнінің көк тұманы сейілген, қазақтың саны 11 миллионнан асып, ғаламға танылған, алдымыз ашық, жаңа заманға бет алған елге айналдық. Ұрпақтың қамын ойлап, оларға өсіп-өркендеген, бақуатты елді қалдырып кету мақсатында тынбай еңбек етіп келеміз.

Әлемдік қоғамдастықтан орнын ойып алуды мақсат етіп отырған Қазақ елі­нің Үшінші жаңғыру алдындағы қойған мақ­сат-мұраттары баянды бол­ғай деп тілейік, Жолдаудағы айтыл­ған басымдықтарды жүзеге асыру арқылы еліміз мыңжылдық тарихтың жаңа дәуіріне қадам баспақ. Осылайша ол заманды да өз қолымызбен жасамақпыз.

Әли БЕКТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

Белоруссия сапындағы Динара Әлімбекова Олимпиада чемпионы атанды

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу