Мырзағали Айтжанов: Олимпиададан екі салмақты алып тастау дұрыс емес

Жақында ғана Астанада бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир аяқталды. Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық боксшылар 10 салмақтың тоғызында алтын жүлде алса, қыздарымыз Олимпиялық үш салмақта чемпион атанды. Турнирден кейін Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен аз-кем әңгімелесіп, пікірін білген едік.
Егемен Қазақстан
15.06.2017 3773

– Елбасы кубогына арналған турнирде барлық боксшымыз жақсы жұдырықтасты. Әрине, кейбір салмақтарда аздаған кемшілік, қателіктер болды. Оны әлем чемпионатына дейін түзейтін боламыз. Жеке-жеке тоқталмай-ақ қояйын, турнирге қатысқан барлық шәкіртіме көңілім толды. Берілген тапсырманы мен күткен дәрежеден асырып орындады деуге болады. 

– Біржан Жақып құрамадан кеткен соң 49 кило салмақ сіздің «бас ауруыңызға» айналған сияқты. Азия чемпионатына қатысқан Ержан Жомарт жүлдеге іліге алмай әлем чемпионатының жолдамасынан қағылса, Президент кубогында сіз үміт артқан Асхат Жүсіпов финалда филиппиндік боксшыдан жеңілді. Бізде жеңіл салмақ дәрежесі неге ақсап тұр?

– Әлем чемпионатына жолдама ала алмағанымыз, әрине, өкінішті. Дегенмен, жеңіл салмақтағы боксшыларымыздың бәрі жас. Болашақтары алда.  Жүсіповтің финалға шыққанын өзім жақсы нәтижеде деп есептеймін. Күзде өтетін ел біріншілігінен үмітім көп. Бұйырса, Қазақстан чемпионы мен жүлдегері атанған боксшыларды шетелдегі жарыстарға апарамыз. Халықаралық аренада өзін көрсеткен, чемпион немесе жүлдегер атанған боксшылар келесі әлем, Азия чемпионатына қатысады.

– Жақында ғана Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпия ойындарында бокстан ерлер арасындағы екі салмақты алып, қыздар боксына береміз деген мәлімдеме жасады. Бұған не айтасыз?

– Бұл әлі нақты қабылданған шешім емес. Алда АИБА-ның үлкен жиналысы бар. Сол жиында шешім қабылдануы мүмкін. Жеке басым Олимпиададан екі салмақты алып тастау дұрыс емес деп ойлаймын. Қыздар боксына салмақ қоса берсін, біз оған қарсы емеспіз. Бірақ, ерлерден екі салмақты кеміту боксшыларға ауыр тиеді. Бұның алдында бокста 12 салмақ болатын. Кейін 11 салмақ болды. Енді міне, тағы екі салмақты кемітпек. Егер, осылай шешім шығып жатса, амал жоқ көнеміз. Кезінде күрес, дзюдо спортынан да салмақ көп болып, қысқартып тастаған еді. Боксты да соған алып келе жатқан сияқты.

– Екі салмақты алып, раунд санын қосып берсе қалай болады?

– Ол енді кәсіпқой бокс болып кетеді.  Меніңше қосымша раунд қажет емес. Әуесқой боксшыларға үш раунд жеткілікті.

– «Астана арландары» WSB жобасының финалында Куба боксшыларына қарсы жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. Осы орайда, Ұлттық құраманың боксшылары «Арландар» сапында өнер көрсетіп, клубқа өз көмегін тигізе ме?

– Оны уақыт көрсетеді. WSB жобасының финалы өтетін мезгілде  Ұлттық құраманың жігіттері Түркияда он күндік сауығу, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мүмкіндік болып жатса неге көмектеспеске. Уақыттың ыңғайына қарап көреміз.

– Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Ұлттық құрамаға оралып жатса, қай салмақта жұдырықтасуы мүмкін?

– Елеусінов әлі Ұлттық құрамаға оралған жоқ. Егер командаға келемін деп ниет білдіріп жатса, есігіміз Данияр үшін әрқашан ашық екенін бұған дейін айтқанмын. Оның қай салмақта жұдырықтасатынын нақты айта алмаймын. Бірақ, өз салмағында (69 кг) жұдырықтасатын шығар. Дегенмен, мұның бәрін ринг шешеді. Күзде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Сол кезде бәрі белгілі болады. Яғни, балапанды күзде санайтын боламыз.

Әңгімелескен

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу