Мырзағали Айтжанов: «Жігіттер берілген тапсырманы толық орындай алмады»

Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталған соң, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановты әңгімеге тартқан едік: 
Егемен Қазақстан
05.05.2017 6217

– Мырзағали Құланұлы, жартылай финалға шыққан 8 боксшыдан тек 4-еуі ғана финалға жолдама алды. Осындай нәтижені күттіңіз бе? 
– Жігіттер берілген тапсырманы толық орындай алмады. Әйтпесе, бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізер едік. 
– Қалай ойлайсыз, төрешілер 64 килода сынға түскен Бекдәулет Ибрагимовке әділетсіздік жасаған жоқ па? 
– Кез-келген боксшы мықты екенін рингте дәлелдеу керек. Бұл кеште Бекдәулетті жеңілді деп айта алмаймын. Бірақ, ол да тапсырманы толық орындамады. Ол кіммен жұдырықтасатынын білді. 
– Қабағы жарылған Абылайханның жағдайы қалай? 
– 7 мамырға дейін жарақаты тәуір болып қалады деп үміттенемін. Абылайхан бүгін жақсы ұрысқанымен, көп қателіктерге бой алдырды. Финалда олай жұдырықтаспауы керек, қарсыласына жаңа тактикалар ойластыратын боламыз. 
– Финалдық айқаста кімдерден үміт күтесіз? 
– 91 килодағы Василий Левиттен басқасы өзбек боксшыларымен рингте өзара мықтыны анықтайды. Сондықтан да чемпион боламын дегендер сол күні жанын салып айқасуы керек. Біздіңше, 69, 81 және 91 кило салмақтағылардың жеңіске жету мүмкіндіктері жоғары. Ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек өз-өзін қамшыласа, ол да чемпион болып кетуі әбден мүмкін. 
– Чемпионат алдындағы жоспарларыңыз орындалды ма? 
– Оны айту әлі ерте. Бізге ең бастысы әлем чемпионатына жолдама алу. Алда ширек финалда сүрінген екі боксшымыз жолдама үшін талас жүргізеді. Германияға толық құраммен барып жатсақ, жоспарымыздың бірі орындалды деуге болады. 

Әңгімелескен 
Алмас МАНАП, 
«Егемен Қазақстан». 
Ташкенттен 

Еске сала кетейік, бүгінгі жартылай финалдық кеште Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Ерік Әлжанов (81 кг), Василий Левит (91 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) өз жекпе-жектерін жеңіп, алтын медаль үшін талас жүргізеді. Ал жеңіліс тапқан Азамат Исақұлов (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Бекдәулет Ибрагимов (60 кг) және Әбілхан Аманқұл (75 кг) сары құрлық чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты. 

Алдағы болатын кездесулердің кестесі: 
6 мамыр (сенбі) 
Кешкі сессия (19:00 Астана уақытымен) 
81 кг. Финал. Ерік Әлжанов – Бектемир Меликузиев (Өзбекстан) 
91 кг. Финал. Василий Левит – Сумит Сангван (Үндістан) 

7 мамыр (жексенбі) 
Кешкі сессия (19:00 Астана уақытымен) 
69 кг. Финал. Абылайхан Жүсіпов – Шахрам Гиясов (Өзбекстан) 
+91 кг. Финал. Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Джалолов (Өзбекстан). 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

22.02.2018

Қазақстан – БҰҰ: өзара әріптестіктің серпінді жолы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу