Мыс нарығы: Кен өндірісінің келешегі қандай?

Қазіргі қолданыстағы металдар ішінде адамзаттың ең алғашқы игеріп, игілігіне жаратқаны мыс екендігін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сонау алғашқы қауым­дық құрылыс тұсында адам баласы құрал ретінде тастан кейін мыс­ты қолына ұстады. Мыстан кейін барып қалайыны игерді. Тас дәуірі­нен кейінгі бұл кезең тарихта қо­ла дәуірі ретінде белгіленіп қалды.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 408

Әлемдік сұраныс

Қазір әлемде жылма-жыл өндірілетін 22-23 миллион тонна мыстың тең жарымын 4 ел беріп отыр. Олар – Чили, Қытай, Жапония, АҚШ елдері. Соңғы жылдары металл игеру техно­логияларының алға басуына және әр елдің мыс өндірісін толық циклда жүргізуге деген ұмтылысына байланысты бұл өнді­рістің жалпы құрамында (мыс кон­центраты, қара мыс, таза мыс, т.б) тазар­тылған мыс өнімдерінің көлемі барған сайын артып келеді. Қазіргі уақытта жал­пы өндірістегі тазартылған мыстың үлесі 20 пайызды құрап отыр. Ол электролиз әдісі арқылы алынады.

Әлемдік мыс нарығында бұрыннан тұрақты басымдыққа ие болып келе жатқан АҚШ-пен қатар соңғы он жылдықтары Чили және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері­нің үлесі қарқынды түрде артуда. Мәсе­лен, соңғы 30 жылда Чили әлемдегі тазар­тылған мыс өндіретін ең ірі елдердің біріне айналып үлгерді. 1960 жылдан бері бұл елде өндірілетін тазартылған мыс көлемі 1860 пайызға өсті. Сондай-ақ, Азия елдерінде өндірілетін тазартылған мыс көлемі 2000 пайызға жуық өсті. Бұл өсім негізінен алғанда Жапония мен Қытайдағы өндірістің қарқынды дамуы есебінен алынды.

Мыс өндірісінің тұрақты өсуіне оған деген өнеркәсіптік сұраныстың артуы тікелей ықпал еткендігін айтуымыз керек. Мәселен, мысты әлемдік тұтыну көлемі 1966 жылы 5 миллион тоннаны құраса, 2015 жылдың соңында бұл көрсеткіш 23 миллион тоннаны құраған.

Қазіргі уақытта әлемдік мыс нары­ғы­ның негізгі тұтынушылары батыстың өнер­кәсіптік дамыған елдерімен қатар, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Жапо­ния, Тайвань, Тайланд және осы өнімнің дәстүрлі тұтынушысы АҚШ болып табылады. Осы топтың арасынан соңғы онжылдықтары Қытай үлесінің тұрақты түрде артып келе жатқандығын атап көр­сету керек. Сондықтан, әлемдік мыс нары­ғы соңғы жылдары нақ осы Қытай сұра­нысына қарай бейімделе түсуде. Өйткені, бұл елдің мысты жылдық тұтыну көлемі жылдан-жылға артып, әлемдік тұтыну нарығының елеулі бөлігіне ие болды.

Дегенмен, соңғы жылдары әлемде экономикалық дағдарыстың жиі бой көрсетуіне байланысты мыстың әлемдік тұтыну көлемі де аздап шектеле түскен­дей. Мәселен, 2015 жылы мыстың әлем­дік тұтыну нарығында өсім байқала қой­ған жоқ. Бірақ соның өзінде Қытай нары­ғын­дағы өсім көрсеткіші 5,3 пайызды құра­ған. Әлемдік мыс нарығындағы осындай жағдай 2016 жылы да сақталып қалды.

Кейбір сарапшылар өнеркәсіптік өнді­ріс­те өздігімен қозғалатын электро­кар­ларға және электр қуатымен жүретін көлік түрлеріне деген сұраныстың артуы алдағы уақытта мыс өндірісіне қосым­ша серпін береді деп санайды. Олар­дың бол­жамынша 2010-2015 жылдар аралы­ғын­да әлемде 1 миллион электрокар сатылса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2,2 миллион дана­ны құрауы тиіс. Бұл мысқа деген сұра­нысты арттырады. Өйткені, әрбір электро­карды жасау үшін 80 кило мыс пай­да­ланылады. Оның үстіне, Қытайда электр көліктеріне деген сұраныс әр жыл сайын 3,3 млн-ға ұлғаятындығы туралы ел үкіме­ті­нің есебі жарияланған.

Бағаның құбылуы

Осы уақытқа дейін мысқа деген сұ­ра­ныс­тың тұрақты түрде артуы оның баға­­сының еселеп өсуіне әкелген бола­тын. Мәселен, Лондондағы металдар биржасының мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылы мыс тонасының бағасы 1,5 мың доллар шамасында болса, 2008 жылдары 7 мың долларға дейін көтеріл­ген. 2009 жылдың соңына таман 5 мың долларға дейін төмендеп барып, қай­та күрт көтеріле бастаған. 2012 жы­лы 9 мың долларға дейін жеткен тұсы бол­ған. Ры­нок­тағы осы қолайлы баға конъюн­ктурасы мыс өндіруші компания­ларды ерекше қанаттандырды. Олар өнді­ріс көлемін сұранысқа сәйкес арттырып отыр­ды. Соңғы жылдары мыстың бағасы құбыл­малы сипатта болды. Мәселен, өткен 2016 жылдың маусымында оның тонна­сының бағасы 4700-4800 дол­лар ара­лы­­ғында болса, 11 қарашада Лондон­ның металдар биржасындағы баға 5926 долларға көтерілді.

Қытаймен қатар көршіміз Ресейде де мыс өндірісі жақсы қарқынмен дамып келді. Бұл елде мыс өндірісінің негізгі ту ұстау­шысы осы өндірістің 55 пайызына иелік етіп отырған «Норильский никель» кен-металлургия компаниясы болып табылады. Ол шамамен алғанда жылы­на 370-380 мың тонна таза мыс өндіре­ді. Осыдан он жыл бұрынғы көрсет­кішпен салыстырғанда, бұл компания­да мыс өндірісінің көлемі 10-15 пайыз­ға құлдырағандығы байқалады. «Нориль­ский никель» әлем бойынша аса ірі көлемде никель мен палладий және платина өндіреді. Осы арқылы ол әлемдегі ірі түсті металлдар компаниясының бірі.

Отандық өндіріс

Енді осы екі алып елдің ортасында орналасқан Қазақстандағы мыс өндірі­сінің қазіргі жағдайына келсек, қуанар­лықтай деп айтуға әбден болады. Өйткені, соңғы 3-4 жылдың бедерінде елімізде мыс өндірісінің екі ірі жобасы жүзеге асты. Олар – Павлодар облысындағы Бозшакөл, Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен орындарын игеру жобалары. Бұл жобаларды әуел баста еліміздің мыс алыбы «Қазақмыс» компаниясы бастаған болатын. Кейіннен оның құрамынан бөлініп шығып, жеке шаңырақ көтерген  KAZ Minerals  тобы осы екі кен орнына да иелік етуде.

«Ақтоғай жобаны жүзеге асырудың классикалық үлгісі болып табылады. Біз оны дер кезінде және белгі­ленген бюджет аясында жүзе­ге асы­ра алдық. Ақтоғай мен Бозша­көл­дің кешен­­ді түрде салынуы біздің көңілі­мізде мақтаныш сезімін ұялатады. Өйт­кені, енді Қазақстандағы мыс өндіріс­інде көле­­мі жағынан Ресей түсті металлур­гия­­сы­ның ту ұстаушысы «Норильский никель­­мен» салыстыруға болатын жоба­лар бар. Бозшакөл мен Ақтоғай – екі «Нориль­ский никель», деп атап көр­сет­ті KAZ Minerals тобының басқарма төр­аға­сы Олег Новачук осы мәселеге орай өткен жылдың соңындағы баспасөз мәслихатында.

Айтса айтқандай, бір ғана Ақтоғай кенішінің өзі жылына 37 миллион тонна кен өндіре алады. Осыншама көлемді жұмысты бар болғаны кеніштегі 1,5 мың адам атқарады. Салыстыру үшін айта кетейік, еліміздің мыс алыбы «Қазақмыс» өзінің барлық кеніштері бойынша бір жылда алынған ең жоғары көрсеткіш – 42 миллион тонна кенді 60 мың адаммен атқарған болатын. Ақтоғайдағы жұмыс өнімділігінің еселеп артуына ең алды­мен онда қолданылған жаңа техноло­гиялардың ықпалы зор болып отыр.

Өткен жылы Бозшакөлде 28,3 миллион тонна кен өндірілді. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 4 есе көп. Ақтоғайда 16,1 мил­лион тонна кен өндірілді. Бұл 2015 жыл­ғы көрсеткіштен 8 есе көп. Сөйтіп, жұмыстарын жаңа бастаған қос кеніш өздерінің жобалық қуаттарына таяп келеді. Нәтижесінде екеуінен 65 мың тоннаға жуық катодты (таза) мыс алынды. Биылғы жылы Бозшакөл өзінің жобалық қуатын 30 миллион тонна кен өндіруге жеткізеді деген болжам бар. Ақтоғайдың қарыштап жұмыс істейтін кезіне де көп уақыт қалған жоқ.

Оқиғалар барысы Қазақстанда «Қазақ­мыстан» тыс жаңа мыс алыбының пай­да болғандығын көрсетіп отыр. Егер бұл жаңа кеніштердің еліміз эко­но­микасына 50 жылға жуық уақыт қызмет ететіндігін есепке алсақ, Қазақ­стан мысының бола­шағы әлі алда деп есептеуге болады.


Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан» 



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Үркер-2017. Қазақстан туралы үздік танымдық мақала авторы анықталды

28.06.2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

28.06.2017

«Егеменнің» фототілшісі «Үркер-2017» сыйлығын алды

28.06.2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

28.06.2017

Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев сенатор атанды

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

28.06.2017

«Мерейлі отбасы» лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада Елбасы Жолдауын іске асыру барысын талқылады

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

28.06.2017

Қызылорда облысында балық экспорты үш есеге артты

28.06.2017

Дәурен Абаев журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2017

Елбасы Астана маңындағы көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты

28.06.2017

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

28.06.2017

Үкімет басшысы Сыр өңірінің білім беру саласындағы жобаларымен танысты

28.06.2017

Премьер Қызылордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

28.06.2017

ОҚО-да бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленді

28.06.2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

28.06.2017

Премьер-Министр Сырдария өзеніндегі гидротехникалық құрылыспен танысты

28.06.2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

28.06.2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

КОЛУМНИСТЕР

Атамұрат  ШӘМЕНОВ,

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған­дар саны жұмысқа жарамды адам­дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы

Төрағалық табыстары

Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақ­тастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоры­тын­дылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төраға­лыққа үлкен дайындық­пен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси-экономикалық, қауіп­сіз­дік және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты нығай­туға барынша күш салғаны белгілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу