Нағыз халықтық бағдарлама

Егемен Қазақстан
07.12.2016 56
stroykaҒаламдық экономикадағы қаржылық дағдарыстың екпіні алпауыт елдердің өзін әбігерге сала бастаған тұс еді. Әлем бойынша дамудың тың бағыттары түзіліп, жаңа экономикалық саясат қағидаттары жасалып жатты. Дәл осы кезде отандық экономикалық өркендеудің бағыттарын айқындайтын әрі сыртқы факторлардан туындайтын қатерлердің алдын алу мақсатында ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама қажеттігі күн тәртібіне шықты. Соның бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жария етіліп, мемлекеттің дамуына ерекше үлес қосып отырған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осылайша өмірге келген болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасы – жаһан­дық қатерлерден туындайтын сыртқы фак­торларға қарсы жауап қана емес, ішкі экономикалық өсімді қамтамасыз ету­ді көз­деген кешенді шаралардың бір­тұ­тас жиынтығы. Басты өзегі отандық инфра­құрылымды дамыту болып табы­ла­тын бағдарлама еліміздегі ұлттық идея – индус­трия­ландыру саясатымен де біте қайнасып жатыр. Сон­дай-ақ, әлеу­меттік жаңғырту бағытындағы ке­шенді ша­ралардың бағытын анықтап, отандастарымыздың лай­ықты өмір сүру­іне қажетті басымдықтарды айшық­тауға арналғандығымен де қызу қолдауға ие болды. Са­­рапшылардың пікірінше, әлеуметтік саладағы баспана­мен қамту, тұрғын үйлерді жаңғырту, көлік-жол инфра­құрылымын жақсарту бағыттары бойынша қолға алы­нған жұмыстарға жұрт риза. Және бұл жұмыстар оң нә­тижесін бере бастады. Негізінен, тиімді көліктік-логис­ти­­­калық инфра­құ­рылым құру, инду­с­три­я­­­- лық инфрақұрылымды жә­не туристік инфрақұрылымды дамыту, бірыңғай элек­тр энергиясы жүйесі шеңберінде энергетикалық инфра­құрылымды ны­ғайту, тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығының инфрақұрылымын және жылумен, су­мен жабдықтау мен су бұру желілерін жаңғырту, аза­маттар үшін тұрғын үйдің қол­жетімділігін арттыру, білім беру са­ла­сының инфрақұрылымын дамыту және кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін же­тілдіру сияқ­­ты бірнеше сүбелі бағыттарды қам­титын мем­лекеттік бағ­дарламаның жү­­зеге асуы орта мерзімге жос­пар­лан­ға­нымен, жекелеген салаларда «Нұрлы жол­дың» ша­рапаты әзірден-ақ анық се­зіліп отыр. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асы­ру­дың әлеуметтік бағыты бойынша тұрғындарды қол­же­тімді баспанамен қамтамасыз етуге қатысты ерекше тоқталуға болады. Бір ғана 2015 жылы бағдарлама аясында тұрғын үй салуға және сатып алуға 250 млрд теңге жұмсау жоспарланған екен. Бұл қаржыға құрылыс ком­панияларынан жалпы ауданы 1 483 мың шаршы метр болатын 29 мың пәтер сатып алу жоспарланған. Нә­ти­же­сінде, сол жылдың алты айы аралығында Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында ауда­ны 76,5 мың шаршы метр болатын 1 357 пәтер пайдалануға берілген. Ал жыл бойына 78,7 млрд тең­геге жалпы ауданы 505,3 мың шаршы метр болатын 8 616 пәтер салынып, тұрғындардың баспаналы болуына жағдай жасалды. Яғни, тұрғын үй инфрақұрылымын ны­ғайту бағытында 2015-2016 жылдарға арналған жоба сәтті басталып, осы мақсатта Ұлттық қордан бөлінген 115 млрд теңге қаражат игеріліп жатыр деген сөз. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жыл­дар­ға жалдамалы тұрғын үй бойынша жоспар 324,1 мың шар­шы метрді, несиеге берілетін тұрғын үй бойынша жос­пар 366,9 мың шаршы метрді құрайды. Алдын ала есеп­теулер бойынша, биылғы жылы тапсырылуы тиіс ны­сандар бойынша жоспарлы 326 мың шаршы метрдің ор­нына 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, межелі міндет артығымен орындалу үстінде. Нақтысы, еліміздің барлық өңірін қоса алғанда 26,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, 345,1 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. «Нұрлы жол» бағдарламасының тағы бір басым бағыты – кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арна­л­ған­дығымен құнды. Әсіресе, отандық кәсіпкерліктің даму­ын ынталандыру мақсатында жасалған жұмыстар ора­сан. Отандық брендті қалыптастыру мен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қомақты қар­жы қарастырылған болатын. Мысалға, 2015 жы­лы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңдеу өнер­кә­сібіндегі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 млрд теңге мөл­шерінде жеңілдетілген несие берілсе, халықаралық қар­жы ұйым­да­ры­ның қатысуымен шағын және орта биз­нестің дамуына қажетті 155 млрд теңге мөл­ше­рінде несие тағы тартылған. Сол жылы жеңілдікті несие­леу шеңберінде жалпы сомасы 25,4 млрд теңге қа­рас­ты­рылып, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер ұсынған 129 жо­ба қаржыландырылған екен. Айтпақшы, «Нұрлы жол» бағ­дар­­ламасының халықтық сипатқа ие болып, әлеуметке етене жақындай түсуінің тағы бір мәні білім беру саласының инфрақұрылымын дамытуға айрықша маңыз берілгендігі болса керек. Білім саласының инфрақұрылымы дегенде есімізге үш ауысымды мектептер мен тозығы жеткен оқу ғимараттары түсетіні анық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге айрықша мән беріп, 3 ауысымда оқыту мен апатты мектептердің проблемасын шешуді 2017 жылдың аяғына дейін толықтай ретке келтіруді қадап тапсырған болатын. Нәтижесінде, «Нұрлы жол» – дәл осы мәселенің шешімін табуға шындап кіріскен бағдарламаға айналды. Қазір Елбасының тапсырмасын іске асыру мақсатында Ұлттық қордан 62 млрд теңге бөлу көзделген. Оны игеру бағдарлама шеңберінде жүзеге асып жатыр. Мысалға, 2015 жылдың ішінде аймақтар бойынша бір мезетте 34 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасының нысаналы индикаторы ретінде қарастырылған шаралардың ішінде де әлеу­меттік дамуды ілгерілетуге арналған мақсаттар қойылған еді. Мәселен, 2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ішк­і жалпы өнімнің 32,7 пайызға өсуін қамтамасыз ету ар­қылы әлеуметтік төлемдерді арттыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Осы міндеттердің соңғысы бойынша, 2015-2019 жылдар аралығында 402,6 мың адам­ға арналған жұмыс орындарын құру, оның ішінде 94 мың адамды тұрақты жұмыспен және 308,6 мың адамды маусымдық қол еңбегімен қамту міндеті тұр. Түйіндей келгенде, инфрақұрылым­­ды дамытудың 2015-2019 жылдарға арнал­ған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында жоспарланған мін­дет­тердің то­лығымен жүзеге асуы – елі­міз­де­гі жаңа экономикалық сая­саттың оң бағытта жүргізілуі мен нақты нәтижеге қол жеткізудің сәтті қадамы ретінде бағаланатын бола­ды. Оған қазірдің өзінде толық негіз бар. Мың сан мы­салд­ың бірен-саранын жоғарыда тіздік. Ендеше, қазан аузы жоғары... Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу